Ата- аналар жиналысының хаттама үлгісі

  • Жүктеулер: 642
  • Көрсетілім: 14011
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 23/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22695


2016- 2017 оқу жылындағы ІІ тоқсанда өткізілген ата- аналар жиналысының хаттамасы

Жиналыстың өткізілу уақыты:

Жиналысқа қатысуға тиісті ата- аналар саны:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Себептісі:

Тақырыбы: Оқушының өмірге араласудағы рөлі

Күн тәртібінде:

1. Баяндама «Оқушының өмірге араласудағы рөлі»

2. Ағымдағы мәселлер мен І тоқсан қорыиындысын қарастыру.

Сынып жетекшісі: Башіғұлова Малика

Бүгінгі күн тәртібінде бірінші қарастыратын мәселеміз оқушылардың жаңа өмірге араласуы туралы болып отыр. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға ауысқанда көптеген өзегрістерге, жаңа мұғалімдер мен әр түрлі жаңа пәндерге кездеседі. Осы жаңа пәндер мен мұғалімдерге үйренісіп, сіңісіп керуге біраз уақыт кететіні белгілі және де біздің көмегіміз үлкен рөл атқарады. Біздер яғни, мұғалімдер мен ата- аналар оқушылардың орта буында кездесетін қиындықтарына біріге көмектесуіміз қажет деп ойлаймын. Екінші қаралатын мәселе әр түрлі мәселелер оларға; балалардың сапа деңгейі, тәртіптері және алдағы келе жатқан 1-ші , 16-желтоқсандағы және «жаңа жылға» арналған шаралар, т.б.

Ата- ана пікірлері:

Есемуратова Ақжайық: Балаларға орта буынға ауысуы олардың өміріне түбегейлі сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз бастауыш сыныпта жүруі аяқталып, олардың өмірлеріне жаңа оқу түрлері енеді. Оқу міндетті болғандықтан оларды осы ортаға баулып, сіз болып,біз болып балаларға көмектесуді қолға алайық.

Муханова Нұрия: Мектеп балаларымызға білім беретін басты нысан. Осы мектептен бар білім мен тәрбие алады. Бүгінгі қаралған мәселелерге келісемін және баламның орта буынға үйренісіп, жақсы нәтежие көрсетіне өзімізде үйден ат салысамыз.

Бекджанова Ақмарал: Бүгінгі ата-аналармен бірге қаралған мәселелерге толықтай қосыламыз. Баламыздың басұа ортаға келіп, басқа ортамен араласып жатқанын және аздаған қиыншылық болып жүргенін қызымның сабақ үлгерімінен де байқадым. Осы ортаға жай –жайдан сіңісіп жатыр және толықтай үйренісіп кететініне сенемін.

Қаулы:

  1. «Оқушының өмірге араласудағы рөлі» атты баяндама тыңдалды
  2. Оқушылардың сабаққа үнемі дайын, сабақтан қалмай қатысуы – ата-анаға жүктелсін.
  3. Мектептегі білім сапасы мен тәртібін қадағалау сынып жетекшісі Башіғұлова Маликаға міндеттелсін.

Ата- ана төреайымы: Жарылғсова Н

Хатшы: Башіғұлова М

Оқушынің өмірге арласудағы рөлі.

Жоспар:

1. Қазіргі заманғы отбасының міндеттері.

2. Жанұя тәрбиесі педагогтармен ата-аналардың әрекеттесу формалалары

Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастыра жаңа адам келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында ата-анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбиесіне, аулада-аға буын өкілдерінің, көрші-қалаңның, құрбы-құрдастарының өнегелі үлгісіне, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның-қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның көмегінсіз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауымдастығына тән саналармен қасиеттерді сіңіру екі талай. Өмірге жаңадан қадам басқан жас баланың әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге даярлау тәрбиешінің де тәрбиеленушінің де белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден өсіп-өніп келе жатқан әр жас баланың өзіндік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайлар да керек нәтиже беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен тәсілдірді таңдай және қолдана білуін қатаң талап етеді.Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дүұрыс әрі орынды пайдалана отырып, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруды талап етеді.Соның арқасында оның бойын да өз мінез-құлқын басқалармен салыстырып, бағалау қоғамнан өз орнын табу, өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті жетіледі.Жанұя әлеуметтендір институты ретінде. Жанұя-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі. Оның сапасы бірнеше деңгейлер,салалар арқылы анықталады. Әлеуметтеу жанұяны тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі қоғам жасушасы әлеуметтік тәрбиелеу ұжымы ретінде қарастырылады. Әлеуметтік экономикалық сфералар болып жататын өгерістер жанұяда көрініс табады. Бірақ өзге әлеуметтік ұжымдардан айырмашылығы (өндірістік, кәсіби, саяси) жанұя тікелей қайта құруға ұшырасады. Жанұяның моральдық функциолдық жаңару процесі ұзақ және күрделі процес. Жанұя бала үшін өмір сүру және тәрбиелеу ортасы болып табылады. Жанұяның ықпалы баланың алғашқы өмір сүру кезеңінде басқа тәрбие ықпалына қарағанда күштірек болады. Зерттеу қорытындысы бойынша бұл уақыттағы жанұя мектепті бұқаралық ақпарат құралын қоғамдық ұйымдарды еңбек ұжымын, достарын әдебиет пен өнердің ықпалын бейнелейді. Бұл педагогтар үшін белгілі бір тәуел-ті шығ-ға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның қалыптасуының сәттілігі ең алдымен жанұяға негізделеді. Неғұрлым жанұя күшті неғұрлым бұл тәжірибе де күшті ықпал жасайды, соғұрлым тәрбиеде адамдық, денелік, еңбек тәрбиесі нәтижелері жоғары болады. “Ұяда некөрсең, ұшқанда соны ілесің”, “Яблоко от яблоки не далеко падает”. Бұл тәуелділік практикада тек қана баламен әңгімелесу және байқау арқылы оның қандай жанұяда тәрбиеленіп жатқанын түсінеді. Немесе керсінше ата-анамен әңгімелесіп отырып, олардың жанұяда қандай балалар өсіп келе жетқанын анықтауға болады. Жанұя және балалар бір-бірінің айнасы.

Егерде жанұя жеке тұлғаның қалыптасу нәтижелеріне және үрдістеріне күшті әсер етсе, онда ең алдымен қоғам мен мемлекет жанұяға, оның дұрыс тәрбие ықпалын ұйымдастыруына үлкен көңіл бөлулері қажет. Денсаулықтары зор, рухани бай жанұялар мемлекеттің күштілігінің көрінісі. Қазіргі таңдағы жанұялар жақсы күш кешулерден алыс. Көптеген жанұяның ата-аналары күштері мен уақыттарын балаларының рухани қалыптасу мен дамуына емес, материалдық қамсыздануға жұмсап жатыр. Әлеуметтік зерттеулер қортындысы бойынша, жұмыс жасайтын әйел адам баланың тәрбиесіне тәулікке 16 минут, ал демалыс күндері 30 минут. Ата-аналардың балаларымен рухани қарым-қатынас жасауы, олардың бірлескен жұмыстары, көптеген жанұялар үшін мүмкін болмай отыр. Әлеуметтік- мәдени деңгей ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына , әлеуметтік-экономикалық деңгей тұрмыстық жағдайға, ата-аналардың жұмыс бастылығына; техникалық –гигиеналық деңгейі, үйінің жабдықталуына, өмір сүру еркшеліктеріне, демократиялық деңгей отбасы құрамына байланысты. Бала дамуының бағытын, қай кезеңін алсақ та, ең басты рөлді отбасы атқаратыны анық.

Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:

-бала денсаулығына қамқорлық;

-оқуына көмек, жетекшілік ;

-еңбек тәрбиесі, мамандық таңдауға көмек.

-жеке тұлғаның әлеуметтендірудегі көмек.

-адамгершілікке тәрбиелау

-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал.

-шығармашылық икемділіктері мен қызығушылығын дамыту.

-өзін -өзі тәрбиелеуге, болашақтағы отбасылық өмірге дайындау.

Сонымен. отбасылық тәрбиенің мәңгі ажырамас бөліктері.

-отбасылық тәрбие ахуалы (өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас).

-отбасы өмірінің тәртібі.

Міне осылар арқылы жас жеткішектердің өмірлеріне әсер ету рөліміз өте күшті. Сол себепті, оларға уақытында қол ұшымызды беріп, өмірге араласудағы дұрыс жол көрсеті, бағыт бағдар беру біздің яғни ата аналар мен ұстаздардың қолында.

Ата – аналар жиналысының хаттамасы

Уақыты:_______201 _ж

Кімдер қатысты ____

Қатысқандар саны:___

Қатыспағандар саны, себебі:__

Тақырыбы :__

/Немесе/ Күн тәртібі:

1) ___

2) __

3)___

Жарыссөзге қатысқандар

  • _____
  • _____
  • ___

Қабылданған шешім

  • __
  • ____

Төреайым____

Хатшы _____

Кімдер арнайы шақырылды

  • _____
  • __________
Тәрбие.орг сайтынан Ата- аналар жиналысының хаттама үлгісі Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Башіғұлова Малика

Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы. Құланды орта мектебі Химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar