Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бала ата-ананың шамшырағы
  • 11.10.2016
  • 389 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19647

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (19.8Kb)

Мақсаты: баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуге ата-ананың ролі, ата-анамен бала арасында кітап жайлы көзқарастарын білу,тәрбиелеудегі кітаптың алатын орны туралы әңгімелеу.
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, даналық сөздер.
Барысы:
1. Психологиялық ахуал
Мұғалім: Аспанның сәні –ай, жұлдыз,
Үйдің сәні-ұл мен қыз –деп дана халқымыз тегін айтпаған. Сондықтан шеңбер бойында тұрған ата-ана өзінің баласының атын айтып сол әріпке байланысты сын есім атау қажет. Мысалы: Әсемгүл-әдемі.
Құрметті ата-аналар «Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі» деп Абай атамыз айтпақшы кітап білімнің шамшырағы болса , бала-ата-ананың шамшырағы .
«Отан отбасынан басталады» демекші, оқу да отбасынан басталады деуге болады. Халқымыздың «жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей» деуі баланың көптеген әдеттері отбасында қалыптасатыны білдіреді.
Бүгінгі сіздермен дөңгелек үстелде жұмыс істеу ережесімен таныс болыңыздар.
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ОН ЕРЕЖЕСІ
1. Тепе-теңдік. Бұл ортада маңызы жағынан жоғары және төмен адамдар жоқ. Бәрі де тең және әрқайсысы өте маңызды!
2. Ортада тек бір тақырып қана талқыланады
3. Әрбір қатысушы өз пікірін білдіреді. Осылайша барлығы ортақ шешімге өз үлесін қосады. Әрбір қатысушы өз көзқарасын білдіріп, әрі оны басқалардың пікірімен тоғыстырған кезде, біз бәріміз ұтамыз, басқаларды ғана емес, өзімізді де – жақсырақ түсіне және ести бастаймыз.
4. Біз бәріміз басқаларды тыңдаймыз. Біз бір-біріміздің сөзімізді бөлмей, кезекпен сөйлейміз.
5. Дауласу, сынау және баға беріп сөйлеу жоқ. Біз дауласпаймыз, керісінше, басқа қатысушылардың көзқарасын толықтай қабылдаймыз және оған өз пікірімізді қосамыз. Дұрыс және дұрыс емес пікір жоқ. Барлық пікірдің де қолданысқа енуіне құқы бар
6. Біз бәріміз жанама әңгімелерден тыйыламыз. Біз жеке талқылауға көшпейміз және бір-бірімізге сұрақ қоймаймыз – мұндай әрекеттер ортаны бұзады. Әр қатысушы сөйлеген кезде адамның жеке өзіне тиісуден аулақ болып, бүкіл топпен сөйлескендей, «топ ортасына» қарата сөйлейді.
7. Шеттетуден аулақ боламыз.
8. Дайын үлгідегі және қалыптасқан сөздерден бас тартамыз, шын сөйлеуге тырысамыз. Біз қандай да бір «беделді пікірге» сүйенбей, тек өзіміз сезіп тұрған немесе ойлайтын нәрсені айтамыз. Қатысушылар бір-біріне адал және бір-біріне барынша ашық болғанда ғана дөңгелек үстел тиімді болмақ.
9. Шешім бірге қабылданады..
10. Біз жоғары және игі мақсат қоямыз – қамқорлық, жылулық, сенімділік және қолдаудың ортақ алаңын құру.

1-бөлім: Кітап-асыл қазына
Кітаптан алам мол мұра.
Мұғалім: «Кітап-тілсіз мұғалім» Кітап-көптің ұстазы.Осындай әр бір ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше кітаптың оқуға баланың құштарлығын арттыру жолында ата-ананың өзіндік ролі қандай?
Осы бөлімде ата-аналарымызбен қаншалықты кітапшыл екенімізді ой бөлісеміз.
(Түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді)
1. Бала тәрбиесіндегі ұстанымыңыз
2. Балаңызға кітап оқу үшін ықпал жасайсыз ба?
3. Балаңыздың кітап құмар болғанын қалайсыз ба?
4. Балаңыздың оқыған кітабымен ой бөлісесіз бе?
5. Бала тәрбиесіне айтылған, дана халқымыздың, ұлылардың даналық сөздерін қаншалықты қолданасыз?
6. Отбасыныз сүйіп оқитын кітап бар ма?
7. Отбасылық жеке кітіпхана бар ма қанша кітаптарыңыз бар?
8. Соңғы оқыған кітабыңыз?

Қазіргі таңда кітап оқымайтыны рас. Кітап оқуға тарту үшін не істеу керек? Топтық жұмыс. «Төрт түйінді пікір»
1. Достың пікірі
2. Сиқыршы пікірі
3. Даңағой пікірі
4. Жауынгер пікірі

2-бөлім Сөйлемді аяқта.
Мұғалім: Ата-ана –баланың бас ұстазы. Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы. Баланың бағыт бағдар алатын шамшырағы. Осы бөлімде бала тәрбиесіне байланысты маңызды ұстанымдар жөнінде айтылмақ. Сондықтан мен сөйлемнің басын оқимын ата-аналар жалғастырады,
• Егер үнемі баланы сынап отырса--------------------
(оның оқуға құлқы болмайды)
• Баланы үнемі мақтап отырса-------------------
(ол өз қадірі үшін оқиды)
• Бала төзімділікте өссе--------------
(ол басқаларды түсінуге үйренеді)
• Бала қауіпсіз жағдайда өссе
(ол адамдарғасеніммен қарайды)
• Бала адалдықта өссе
(ол адам болып ер жетеді)
• Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе
(ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді)
Сергіту сәті
Тақтадағы мақал-мәтелді жалғастыр.
Мақал мен мәтелдер-ақыл ой мәйегі
Мақал мен мәтелдер- даналық әлемі
Мақал да мәтелде өмірден туады
Күн болып жақанға,шашырар шуағы
(Ата-ана бала туралы мақалдың жалғасын табу)
Ата-асқар тау( ана бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы құрақ)
Ұлын өссе ( Ұлы үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе( қызы үлгілімен ауылдас бол)
Бала жақсы болса –қуаныш
(жаман болса күйініш)
Әке қарап ұл өсер ( шешеге қарап қыз өсер)
Бала –(адамның бауыр еті)
Бала –көңілдің гүлі ( көздің нұры)
Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой «Барлық мүмкіншілік балалардың бойында» деген даналық сөзі бар. Ата-ана өз баласының мүмкіндіктерін ашуда мектептегі үйірмелерге қатыстырумен шектелмей, өзінің отбасында да баланың жетістіктерін даналық сөздермен сусындатып, рухани бай болуына мүмкіндік жасау керек.
Ең бастысы, кітап- ата-ананың парасатты мұрагерін өсіретін, елге тірек болатын тұлға тәрбиелейтін құрал. Ұлы ғұламаларға, даналарға қарай айтылған. «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей» Гүл де, күн де кітапта әлемге ортақ нәрселер.
Сіздердің балаларыңыз гүлдей көркем әдемі болсын, бар жылуын төгіп тұрған күн көзіндей мейірімді, момын ,сәулелі болсын құрметті ата-аналар.

Рефлексия

Ата-ананың шамшырағы бала екен-көрікті,
Ата-ананың шамшырағы бала екен-өнерлі.
Ата-ананың шамшырағы бала екен –білімді,
Ата-ананың өмірі баласымен ғұмырлы. Тәрбие.орг сайтынан Бала ата-ананың шамшырағы Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Рысалды Муратбековна

ШҚО Курчатов қаласы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп Б

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс
Көрсетілім: 389 | Жүктеулер: 7
Барлық пікірлер: 0
avatar