Бірлігіміз Жарасқан

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 248
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 19/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22964


Атырау облысы Құлсары қаласы
«Құлыншақ» ясли бақшасы
Әдіскер: Нургалиева Алина Букенбайқызы
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған отбасылық сайыс сценарийі: "Бірлігіміз жарасқан"
Мақсаты: Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастықты орната отырып,ата-ана мен бала арасындағы бірлікті,мейірімділікті, адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру.
Көрнекілігі:Музыкалық аспап,көрініске сай безендірулер
Жүргізуші:
Бүгін бақшада дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой.
«Бірлігіміз жарассын» отбасылық сайысында
Көрейік тамашаны сергісін бой
Армысыздар ақ жаулықты аналар,салмақты әкелер,ардақты ұстаздар бүгінгі кеш отбасылар сайысы,сіздердікі,тамашалау,бағалау.Ендеше бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер.Отбасы алтын діңгек деген сөз тіркесі естілген кезде көз алдында уыздай ұйыған тату-тәтті,бақытты отбасы елестейтіні анық. Ендеше осы мейірімділіктің,татулықтың,бірліктің туын ұстаған отбасыларды ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар!
1.Бозтаевтар отбасы
2. Нұрлан отбасы
3. Белес отбасы
Ендеше құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар:
1.Таныстыру
2.Кім епті бола алады
3.Ым-ишара
4.Егерде мен
5.Қолөнер үй тапсырмасы
6.Жаңылтпаш айта аламызба
Әділқазы ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарды неше бір
Сарапқа сап,әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап, әділдікке шеше біл дей келе бүгінгі сайсымыздың әділ бағасын беріп,сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділқазылармен таныс болыңыздар.
1.Меңгеруші: Қабақова Ж.Б.
3.Медбике: Төлешова Ш.Ж.
1.Отбасымыз келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әр ата-ана өзін таныстырып өтеді
2.Бүгін біздің ортада дүбірлі той
Ден қойып тыңдаңыздар,тамашалай
Отбасылар мақсаты жеңу екенін біліп қой - демекші келесі тапсырма ата-аналар шар үрлейді, ал баласы сол үрген шарды екі сақина ішіне түсіру керек (белгілі бір уақытта)
№7 топ тәрбиеленушілердің орындауында «Жидектер» биі
3.Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар
Уа ағайын қонақтар
Пайда болмас тұрыстан
Басты көтер белді жаз
Әкелер мен аналар сайысынан
Мұнда бір парақ қағазда неше түрлі сөз берілген.Осы сөздерді ым-ишармен түсіндіру ,баласы көмектесу (уақытқа)
1.Айна,кітап,есік,домбыра,жұлдыз,алма,кастрюль,көйлек,түйме,құс,пакет,сөмке, мен сенімен доспын
2.Сабын,желім,төсек,скрипка,түн,сарымсақ,пышақ,аяқ киім,ине,камаз,жұмыртқа,теледидар,сен мені күтесің бе?

3.Тарақ,терезе,гитара,бұлт,арбуз,қайшы,бас киім,замок,ұшақ,көз әйнек,компьютер,мен сенімен дос емеспін,
4.Су,қарындаш,орындық,барабан,күн,картоп,қасық,куртка,жіп,трактор,түйе,сақина,екеуміз бірге қайтайық
№10 Сағызбай Ақтілектің орындауында «Менің Отаным» әні
4. Ақыл-көрік бойларыңда жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған ата- аналар өзінің
Егерде мен сайысын көрсетеді..
Ата-аналар баланы балабақшаға кешіктірмей жіберу жолдарын көрсетеді (киіндіру,жуындыру,т.б. белгілі бір уақытта)
5.Өнерпаздар жарысып,сан-саналы
Жиын десе той десе жан салыпты
Бүгінгі отбасылар сайысында
Барлықтары аянбай жан салыпты ата-аналар үйге берілген тапсырма бойынша өзінің жасаған қолөнерін көрсетіп таныстырады.
№9 топ тәрбиеленушілердің орындауында «Қырманға кел» биі
6.Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта
Аздық етер мұратқа – деп келесі ойнымызды бастайық.
Келесі ойын сіздердің есте сақтау қабілеттеріңізді,ой ұшқырлықтарыңызды байқап көрейік.Жаңылтпаштарды оқимыз. Сіздер қайталап айтасыздар.
1.Тас қумастан қой қуғын,
Қой қумастан тай қуғын.
2.Қара таудың қарлы басынан
Қарлығаш ары асты ма?
Қара басып қарлы боранда,
Қарлығаш адасты ма?
3.Қарға ақ емес
Тарғақ қара емес
Қарға тарғаққа пар емес
4.Жандарбек жыланды көріп,
Жыларманға жетті
Жыраға түсіп кетті
5.Балға құмар аралар
Балаларды қуалар
6.Есет атам ет асатар
Ет асатса бес асатар
7.Тебіншек ат шегіншек,
Шегіншек ат тебіншек.
8.Дөңгелейді дөңгелек,
Дөңгеледі,дөңгелек
Дөңгелесе дөңгелек.
Дөңнен асты дөңгелек.
Осымен бүгінгі отбасылық сайысымыз аяқталып өз мәресіне және жеңімпазды анықтайтын сәтте келіп жетті ендеше сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Тәрбие.орг сайтынан Бірлігіміз Жарасқан Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нургалиева Алина Букенбайқызы

Атырау облысы, Құлсары қаласы Құлынашқ ясли бақшасы әдіскер

Пікірлер: 0

avatar