Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ел болам десең, бесігіңді түзе
  • 05.01.2017
  • 73 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20776

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (22.8Kb)

Коучингтің мақсаты: Ата-анамен баласының арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру. Баланың болашаққа деген сенімін арттыруда ата-аналарға кеңес беру.
Коуч: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Осы екі жақты бірлескен жұмыс істеген жағдайда ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже көруге болады.
Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбек қорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы адамгершілігі әсер етпек. Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзінде» : «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқаныны ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»деген ақын мұрасының өміршеңдігі замана озған сайын маңызы арта түседі.Адамның адамшылығы-ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады деген ұлы Абай. Осы уақытта , осы заманда балаңызбен қарым-қатынасты жоймай, берік ұстау үшін не қажет екенін бүгінгі жиналысымызда талқылаймыз.

І -Тренинг « Шаттық шеңбері»
- Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

- Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты әрқайсымыздың отбасымыздың, мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырақтары биік болсын дегім келеді.
- «Танысу» тренингісі
– Топқа бөлу.
Қатысушыларды мақал-мәтелдер бойынша 3 топқа бөлу (әке- ана, бала, ұстаз )
1-топ. Атадан - өсиет,
Анадан - қасиет.
2-топ. Әдепті бала
Ата –анасын мақтатар,
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.
3-топ.Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы.

ІІ – Қызығушылықты ояту.
Құрметті қонақтар мына суретке назар аударыңыздар.Суреттен нені көріп отырсыздар? Қандай мақал естеріңізге түседі? Сонымен бүгінгі коучингіміздің тақырыбы ... Құрметті ата аналар қазақ халқы бала тәрбиесін неше кезеңге бөлген? Ия дұрыс айтасыздар 3 кезеңге бөлген. Осыған байланысты халық даналығын айтып жіберіңіздерші:
-«Баланы 5 - ке дейін патшаңдай көтер,15 - ке дейін құлыңдай жұмса,15 - тен кейін досыңдай сыйла» деген керемет ұлағатты нақыл бар. Олай болса балаларыңызбен қарым-қатынасыңыз қалай . Мына сұрақтарға жауап беріңіздерші:
-Соңғы рет балаңызды не үшін мадақтадыңыз? -Соңғы рет балаңызбен қайда бардыңыз? -Соңғы рет балаңызбен нені бірігіп орындадыңыз? - Соңғы рет балаңызға нені үйреттіңіз? -Қолыңыздың бос уақыты бола ма? -Немен шұғылданасыз? -Сіз балаңызбен мақтанасыз ба? -Балаңыз сізбен мақтана ала ма? -Балаңызды жақсы көргенде не істейсіз? Басынан сипайсыз ба әлде арқасынан қағасыз ба? Сайд #5
Батыр бабамыз Б.Момышұлы «1-ден, бесік жырын айтатын келіндер азайып бара жатқанынан қорқамын, 2-ден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, 3-ден дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын... » -деген екен.
– Ал сіз неден қорқасыз?
ІІІ- «Бала шығармасы» бейнеролигін тамашалау.
Құрметті ата-аналар қазіргі уақытта көптеген балалар өздері басқа зат болсақ деп армандайды екен. \Бейне баянды сұрақ қою арқылы көрсету\
1-ші сұрақ: 30секунд\ Бала құдайдан өзін неге айналдыруды өтінді деп ойлайсыз? 35секунд\ Не себептен деп ойлайсыз? Әр топ өз пікірімен бөліседі.

IV – « Мен қалай түсінемін?» әдісі. Топтық жұмыс
Баланың бос уақыты. Егер мен ...

• І топ ата-аналары ұстаздар көзқарасымен түсінетінін ортаға салады.
• ІІ топтың ата-аналары осы сөзді ата-аналар ойымен ортаға салса.
• ІІІ топ-балалар ойымен ортаға салса.

V-Тренинг «Бұл қандай ата-ана?»
Сіздерге ұсынылған қорап ішіндегі ата-ана бейнесіне сипаттама беріңіз.(3минут уақыт беріледі)
Құрметті ата-аналар жаңа бұл ата-ана туралы кейбірің керемет теңеулер бердіңіздер, -Бала тәрбиесінде өз ісіңізге көңіліңіз тола ма? Бала тәрбиесінде жіберген қатеңіз болды ма?
-бала тәрбиесі бойынша сіздің өз отбасыңыздың өзгелермен бөлісер қандай қағидаларың, кеңестеріңіз бар? Ортаға сала отырсаңыз.
VI - «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратылады.
Жаднама:
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік: Балаларды тым еркелету;
5 - қателік: «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;
7 - қателік: Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау;

Ата - анаға жадынама
-Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады.
- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады.
- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады.
- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді.
- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады.
- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді.

VII- «Бәрі өз қолыңызда» видео ролик. Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі біздің қолымызда!
VIII- Кері байланыс:
ІХ- Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез - құлықтар үнемі есепке алынса; ата - ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата - ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан»,- деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан Ел болам десең, бесігіңді түзе Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дуйсалиева Магия Исмагуловна

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс
Көрсетілім: 73 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar