Әке -жауапты лауазым

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 638
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 21/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19769


Әке –жауапты лауызым

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбисіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Әке мен ер бала арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Семинар-тренинг

Тренинг бағдарламасы:
1. Танысу
2. «Балаңызды танисыз ба?»
3. «Баланың әкеге деген назы». /өмірден алынған кеңес
4. Ой-бөлісу. /сұрақтар,ситуациялық сұрақтар/
5. Ойын. (Қимыл-қозғалыспен жауап беру)
6. «Тапқыр жанұя» ойыны (Зейінін, ойлауын анықтау әдістемесі)
7.Әке туралы үзік сырлар (3 «А» сынып оқушыларының
шығармашылығы)
8.Ән: «Әкелер»


Барысы:
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар. Бүгінгі отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие үдерісіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы-Адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы-адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
-Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата-ана ретінде үш рет мектепке баратыныңызды естен шығармаңыз. Бірінші рет өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет –немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі семинарымызға қатысып отырған ата-аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!

1. Танысу
Әкеге
-Есіміңіз кім?, балаңыздың есімі кім?, балаңыздың есімін кім қойды? және қандай мағына береді?

2. «Балаңызды танисыз ба?»

Әкеге сұрақтар қойылады.
1. Балаңызды қалай еркелетесіз?
2. Балаңыздың сынып жетекшісінің аты-жөні кім?
3. Балаңыздың оқитын сынып бөлмесінің номері
4. Балаңыз қандай спорт түрін жақсы көреді
5. Балаңыздың ең жақын досы кім?
6. Балаңыздың жақсы көретін тағамы?
7. Балаңыздың сізге ұнайтын жақсы қасиеті

Балаға қойылатын сұрақтар.
1. Әкеңіз сізді қалай еркелетеді?
2. Сынып жетекшіңіздің аты-жөні кім?
3. Оқитын сынып бөлмеңнің номері
4. Қандай спорт түрін ұнатасың?
5. Ең жақын досың кім?
6. Қан тағам түрлерін жақсы көресің?
7. Өз бойыңдағы жақсы бір қасиетіңді ата?
3. «Баланың әкеге деген назы». /өмірден алынған кеңес/
Ол отбасында жалғыз бала. Ата-анасымен үшеуі тұрады. Анасы үй шаруасындағы әйел. Әке отбасының асыраушысы. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Табысы орташа. Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатқан жайлары бар. Күніге кешке үйге келгенде бала әкесімен ойнағысы, мойнына асылып еркелегісі, сырласқысы да келеді. Бірақ, үнемі әкенің балаға көңіл бөлуге мұршасы келе бермейді. Әр кез жұмыстан шаршап келгенін айтып, теріс айнала береді. Оның үстіне уақыты да жоқ. Бала кішкентай болса да әкенің өздерін қамтамасыз ету үшін тырысып жүргенін түсінгендіктен үнсіз келісуге мәжбүр. Мектепте құрдастары әкесімен қыдырғанын, жұмыстан соң отырып әңгімелесетінін, сабағын дайындауға көмектесетінін айтып жатқанда бұл әкесіз баладай көзі қызып, өтірік қана көңіл бөлмегенсіп тұрады. Бір күні шыдамы таусылған бала әкесінен оның күндік табысы жайында сұрады. Әкесінің айтқан сомасын ойша есептеп, әр сағатына әкенің 2000 теңге табыс табатынын білген соң күнделікті сабақтан кейін өзінше жалданып, жеңіл жұмыстар жасап жүрді. Мектеп баласына кім көл-көсір жалақы төлей қойсын. Әйтеуір «елгезектігіне» қызығып, қолбала қылып жұмсайды да азын-аулақ тиын-тебен ұстатып қояды. Сондағы ойлары — өзінше табыс тауып, тәтті-пәтті алғысы келіп жүр ғой. Одан артық бұған не керек дейсің?! Сөйтіп жүріп бала 2000 теңгенің басын құрады. Бір күні кешке, әкесі жұмыстан келгенде жанына отырып, оның қолына 2000 теңгесін ұстатты да: Әке міне Сіздің бір сағаттық табысыңыз. Маған бір сағат уақытыңызды бөліңізші деп, өтініш білдірді. Бұл жайында ешқашан ойланып көрмеген әке жай соққандай қатты да қалды. Ал бала осы арада іштегі бар сырын ақтарды. Әкеге ешқандай кінә да артпады, табаламады да, қараламады да. Тек күнделікті өмірі, сабағы, достары, өзінің өмір жайлы, достық жайлы ойын әңгімеледі. Әке тыңдап отырып баласының бар мұңын, шерін түсінгендей болды. Өмірдегі ең қымбат ұрпағына көңіл бөлу жайында бір сәт ойланбай, қаншама уақтының босқа кеткеніне өкінді. Баланың не айтқанын толық түсінбеді де, тек тыңдағаннан үлкен ләззат алды. Ал бұл сәтте оның баласынан бақытты адам болмады өмірде. Ол бүгін әкемен сырласудың ләззатын шын сезінді. Көз алдына мектептегі достарына әкесімен қалай сырласатыны, ақылдасатыны жайында әңгімелеп тұрғаны елестеп, күлімдеп қойды. Сөйтіп жатып, әкенің тізесінде тәтті ұйқыға кетті.

Осындай жағдайларға тап болмас үшін бір уақыт әкелік мейіріммен балаларыңызға әрқашанда уақыттарыңызды аямасаңыздар екен дейміз!

4. Ой-бөлісу./Сұрақтар, ситуациялық сұрақтар/

Балаларға сұрақ

1.«Әке» деген кім?
2. Әкенің бойында қандай қасиеттерді ұнатасың?
3. Әке қатал болу керек пе?
4.Саған отбасыңда ата-анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?
5. Болашақта әке жолын қуғың келе ме?
6. Отбасының ұйытқысы кім?
7. Сен қандай отбасын армандайсың?

Әкелерге сұрақ

1.Отбасында бала тәрбиесіне кім көңіл бөлгені дұрыс?
2.Қыз баланы ма, әлде ер баланы тәрбиелеу қиын ба?
3. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көзқарасыңыз қандай?
4. Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып мақтау қағазын алдым деп айтқан уақытта сіз не деп жауап бересіз?
5. Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым деді, сіз балаңызға қандай шара қолданасыз немесе қателігін кешіресіз бе?
6. Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады? Сіздің пікіріңіз?
7. Әке, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді жаттаған жоқпын, текке 2-лік алып қалармын. Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр» деп айта салыңызшы дейді. Балаңызға сіз не деп жауап бересіз?

5. Ойын. (Қимыл-қозғалыспен жауап беру)

«Иә» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«Жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіздер ме?
2. .Балаңыздың үлгерімін тәртібін білу үшін үнемі мектеппен байланыс жасайсыз ба?
3. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап балаңмен айналысасың ба?
4. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
5. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
6. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманың орындап беру қолыңыздан келе ме?
7.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
-егер «әке» десеңіздер қолдарыңызды алға созыңдар,
-егер «ана» десеңіздер жымиыңыздар,
-егер «екеуіде» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыздар


6. «Тапқыр жанұя» ойыны (Зейінін, ойлауын анықтау әдістемесі)

1. МЕН БАҚЫТТЫ ӘКЕМІН
2. БІЗДІҢ ЖАНҰЯ ТАТУ
3. МЕН АТА-АНАМДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН
4.ЖАНҰЯ ТАТУЛЫҒЫ БІРЛІКТЕ
5.ӘКЕ - ЖАУАПТЫ ЛАУЫЗЫМ
6.МЕНІҢ ОТБАСЫМ ҰЯДАЙ ЖЫЛЫ
7.АНАМ МЕН ӘКЕМНІҢ ТАТУЛЫҒЫ МЕНІҢ БАҚЫТЫМ
8.МЕН ОТБАСЫМНЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН
9.БАЛАЛАРЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫНБОЛСЫН


7.Әке туралы үзік сырлар (3 «А» сынып оқушыларының шығармашылығы)

Ән: «Әкелер»
(Барлығымыз бірге орындайық)

Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық.
«Ата-анаға көз қуаныш-
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп ой-өлкесі» -деп Абай атамыз айтқан екен.
Ендеше ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
Баламыздың болашақта саналы, халқының қалаулы, елінің елеулі азаматы болу үшін мақтан тұтатындай тәрбиелі, ақылды, ізетті, парасатты, мейірімді, азамат болып қалыптасуындағы дамуында тек қана аналар тарапынан іс-әрекет болмай, әкенің де бала тәрбиесінде маңызды рөлі бар екендігін де ұмытпаңыздар.
Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз! Тәрбие.орг сайтынан Әке -жауапты лауазым Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дармагамбетова Багила Бегенишовна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы Т.Әлиев атындағы №1 орта мектеп мемлекеттік мекемесі Өзін-өзін-тану пәні мұғалімі, педагог-психолог

Пікірлер: 0

avatar