« Әкем, анам және мен »

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 342
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 24/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22885


Бекітемін: Күні: 17.03.16. 2 «а» класс
22 – Наурызға байланысты ата – аналармен өткізілген отбасылық сайыс
Сайыстың тақырыбы: « Әкем, анам және мен » Сайыстың мақсаты: Оқушыларға 22-наурыз Ұлыстың ұлы күн мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.Ұлттық салт-дәстүрімізді оқушылар санасына құю.Оқушыларға салауатты өмір сүрудің мәнін ашу.Ата-ана, оқушы, ұстаз,жұртшылық өкілдерін ынтымақтастыру.Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сайыстың шарттары: Сайысқа қатысушылардың ұлттық үлгідегі киім киюі. Ана тілінде таза сөйлеуі. Ұлттық салт-дәстүрлерді жақсы білуі. Ұлттық айшық-оюларды,ән-күй, ұлттық ойындарды білуі. Түрі: отбасылық сайыс
Сайыстың көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлттық бұйымдар, наурыз көже, т.б.

Сайыстың барысы:
I. Кіріспе сөз. 1.Көрермен жұртшылыққа арнау. Армысыздар, халқым менің, Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім. Мереке басы болсын берекенің, Игі еңбектің жемісін бәрін жегін.
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар. Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
2. Жүргізуші өзімді таныстыру.
«Келіпсіз мереке» деп жұрт жиналып, Анасы-сөздің сәлем дейді халық. Иіліп сәлем бердім үлкен,кіші, Дәстүрмен ата салты мен иба ғып!
Саусағын қалам ұстап талдыратын, Балаға алғаш әріп жаздыратын. Бастауыш сыныптардың маманымын, Фамилиям Калман тегі, Жадыра атым.
- Ал, құрметті көрермен қауым!
Бүгінгі 1 «а» класындағы 22 - наурыз мерекесіне орай өткізілгелі отырған «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!
1 – слайд: Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұматтар беру.
Наурыз десе – көгімде жүзді күнім, Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін. Наурыз деген – ырысым, ынтымағым, Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.
Берікқызы Сымбаттың орындауындағы ән: «Сәукеле»
2 – слайд: Сайыстың кезеңдері. 1. Отбасылық таныстыру. 2. «Дәстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап) 3. Көрініс. (ұлттық дәстүрге байланысты) 4. Дастархан мәзірі. (ұлттық тағамдар.) 5. Өнер сайысы. (өз өнерін көрсету) 6. Ұлттық ойындар.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
1.Бар баланы әрқашан тең көретін, Ұқпағанын үйретіп, дем беретін. Ұстаздықтың ұғатын бар қадірін, Шақырамыз енді біз төрелікке, Жақыпбай ағай әдістеме ісін меңгеретін.
2.Сан білімін сусындатар нәр көктің, Егесі ғой ел бағалар еңбектің. Салт-дәстүрді ұқтыратын ұрпаққа, Шақырамыз әділқазы болуға, Бақыткүл апайымызды ортаға.
3.Жасымнан балаларды сүйдім ерек, Мамандық таңдауыма болды себеп. Жас ұрпақтан барымды аямаймын, Деп шалқиды психолог маманы – ортаға Бақтыгүл апай.
3 – слайд: Заман өзге. Уақыт бұл тоқтасын ба? Босады салт менмендік ноқтасынан. Өнеріңде, салтыңда, ізгі ойларда, Бәрі , бәрі басталар отбасынан. - Олай болса, қазақы салт – дәстүрді көпшілік алдында көрсетуге сайысқа қатысушы отбасыларын ортаға шақырайық!
1-жұп: Тұғамбай әулеті. 2-жұп: Тахан әулеті. 3-жұп: Смағұл әулеті.
Қазір біз «Әкем, анам және мен» атты сайысты бастағалы тұрмыз. Сонымен бірге әрбір отбасы мүшелері өздерін таныстырады. Сондықтан төрешілер алқасы сіздерге де іске сәт тілейміз.

4 – слайд: Отбасылық таныстыру.
5 – слайд: «Дәстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап)
I – жұпқа: 1.Наурыз қандай мереке, ойыңызды айтыңыз? 2. Ұлттық ойындарды атаңыз? 3.Әкенің әкесі саған кім болады?
II – жұпқа: 1.Қой малының неше жілігі болады, соны атап беріңіз? 2. Ұлттық тағамды білесіз бе? 3.Ананың әкесі кім болады?
III – жұпқа: 1.Қонаққа тартылатын табақ кәдесі қалай болады? 2.Қазақтың ұлттық тойларын атаңыз? 3.Сен атаңа кім боласың?
6 – слайд: Көрініс көрсету.
Ойланайық сіз боп, біз боп бәріміз. Тұрған кезде жігер қайрат әніміз. Қолға алайық тозып кеткен дәстүрді, Сонда әсем шырқалады әніміз.
Ұлттық салт-дәстүрге байланысты отбасыларға «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдері өзара бөлініп берілген болатын. Сол бойынша көрініс көрсетіледі.
7 – слайд: Дастархан мәзірі.
Нан ардақты адал ас, Кәрі жас онан аттамас. Ақ дастархан үстінде, Қол жумай оны ұстамас.
Әлқожа Әлжанның орындауында: «Ана туралы ән»
8 – слайд: Өнер сайысы.
Өнер үшін жаралған, Сол өнерден нәр алған. Біз қазақтың ұрпағы, Жан жүрегі жаралған.
Ән десалып, би билеп, Күмбірлетіп күй тартады. Ең қызығы анасы ән салады, Ал әкесі тамсанады. Ұл қыздары мәз болып, Қошеметтеп қол соғады.

9 – слайд: Ұлттық ойындар. 1. Асық ойындары. 2. Қол күрестіру. 3. Гир көтеру.
Әділ – қазы алқаларына сөз беріледі. Қорытындысы жасалады.
Әлқожа Әлжанның орындауында: « Әке туралы ән»
10 – слайд:
Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба, Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
А- деген ол аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында. Тәрбие.орг сайтынан « Әкем, анам және мен » Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жадыра Калманова

Пікірлер: 0

avatar