Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Әкем,шешем және мен-отбасымыз оқырман
  • 11.10.2016
  • 243 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19646

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.0Kb)

Мақсаты: оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.
Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту,оқыған кітабын талдай білу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,топ аттары, слайд, суреттер.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті бүгін сайысымызға қатысып отырған ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар. «Әкем, шешем және мен –отбасымыз оқырман» атты оқырмандар байқауын ашық деп жариялаймыз. Бұл сайыста тек қана оқушылардың білімдері емес және ата-аналардың білімдері сыналады.Сайыс барысында әр топ өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсетеді. Келесі кезекте әдеби монтаж.
1-оқушы: Қуан кітап қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұнды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойлап кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
2-оқушы: О, кітап бас иемін мәртебене,
Игілік қазынасын бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жалын тауып айта алам ба?
3-оқушы: Кітап-біздің рухани байлығымыз.
4-оқушы: Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған 21 ғасырда бәрінен бастау алар қайнар көзі –кітап.
5-оқушы: Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге
6-оқушы: Керемет кемеңгер жан асыл асқан,
Ең алғаш әріп жасап, кітап басқан.
Емес пе, шың ғажайып осы кітап,
Халыққа өнер білім нұрын шашқан.

7-оқушы: Кітап –ортақ мүлік, халық қазынасы.
8-оқушы: Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
9-оқушы: Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
10-оқушы:Көп жасаған білмейді,
Көп оқыған біледі.
Мұғалім: Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Тәуелсіз елдің болащағы- білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі іс шарамыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 4 отбасы қатысады. Ердеше сайыскерлерді ортаға шақырайық.
1 топ «Бірлік тобы» 2 топ «Жұлдыз» 3топ «Қазына» 4 топ «Қыран»
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Ортаға топ басшыларын шақырамыз. Қоржыннан нөмірлеген асықтарды аласыздар.
1- айналым. «Сұрасан менің тегім» таныстыру
2- Сұрақ-жауап
3- айналым «Кім тапқыр?»
4- «мақал-мәтелдер» жарысы
1-айналымда әр топқа 15 сұрақтан. Бұл сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Сұрақтар дүниетану, математика, қазақ тілінен қойылады.
1-топ сұрақтары
1. Қойдың иесін ата? ( Шопан ата)
2.Жыл басы не? (тышқан)
3.Есту мүшесі( құлақ)
4.Мемлекттік рәміздер ата (ту, елтаңба, әнұран)
5. Орман дәрігері ( тоқылдақ)
6. Үш биді ата ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
7. Әр адамның шағын Отаны ( отбасы)
8. «В» қандай дыбыс?( дауыссыз, ұяң)
9.1 сағатта неше минут бар? ( 60 минут)
10. Зат есімнің сұрақтары? ( кім? Не? Кімдер? Нелер?)
11.Қараша жылдың қай мезгілі? ( қыс)
12.Қосудың компоненттерін ата ( қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.)
13. Адамның денесінің тірегі ( қаңқа)
14. Күн мен түн қай әріппен аяқталады? (н)
15. 23+5 қосындың мәнін ата (28)
2 -топ сұрақтары

1. Жылқы иесі ( Қамбар ата)
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні? (16 желтоқсан)
3. Ж қандай дыбыс? ( дауыссыз, ұяң)
4. Жылдан құр қалған жануар? (түйе)
5. Елу мен 40 көбейтіндісі нешеге тең? ( 2000)
6. Ел басқару саласындағы тұлға кім? ( Президент)
7. 1 дм неше см бар?(10 см)
8. Қазақстан Республикаянда мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)
9. Астанасы қай қала? (Астана)
10. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986)
11. Адамға қажетті 5 қажеттілікті ата? (ауа, су. Жылу,жарық, тағам)
12. Сөз таптарын ата ( зат есім, сын есім,сан есім, етістік,)
13. «Көлшік» сөз құрамына талда ( көл-түбір, шік-жұрнақ)
14. 1 м неше см бар? ( 100 см)
15. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
3 -топ сұрақтары

1. Ешкінің иесін ата ( Сексек)
2. «Ақпан» жылдың қай мезгілі ( қыс)
3. «Л» қандай дыбыс ( дауыссыз, үнді)
4. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9)
5. 2 тәулікте неше сағат бар? (48)
6. «Биші» сөзін сөз құрамына талда ( би-түбір, ші-жұрнақ)
7. Етістіктін сұрақтарын ата (не істеді? неғылды? қайтті?)
8. Тыныс алу мүшелерін ата? ( мұрын, кеңірдек,өкпе)
9. Бір лимонның бағасы 70 теңге, 3 лимон қанша тұрады? (210)
10. 20 мен 30 көбейтіндіс нешеге тең?
11. Сұраулы сөйлемнің соңына не қойылады? ( сұрақ белгісі)
12. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5)
13. Қазақстан Республикасының Елтаңба авторларын ата ( Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов)
14. Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы қай қала? (Алматы)
15. Азайту компоненттерін ата ( азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
4- топ сұрақтары

1.Сиыр иесі ( Зеңгі баба)
2.Жер шарында неше мұхит бар? (4)
3. «Мамыр» айы жылдың қай мезгіліне жатады? ( көктем)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкер кім? ( Т.Әубакиров)
5. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім? ( Ш.Ниязбеков)
6.Ас қорыту мүшелерін атат ( асқазан,ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш,қарын, ішек)
7. Сан есімнің сұрақтары ( қанша, неше, нешінші)
8. «К»қандай дыбыс? (Дауыссыз, қатаң?)
9. 1 км неше метр бар? ( 1000м)
10. Сезім мүшелерін ата ( көз,құлақ,мұрын, тіл, тері)
11. Геометриялық фигураларды ата ( үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы,тік тқртбұрыш)
12. Бір литр сүттің бағасы 90 теңге 3 литр сүттің бағасы қанша? (270)
13. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент сайлаған жыл ? ( 1991)
14. Лепті сөйлемнің соңында не қойылады? ( леп белгісі)
15.25+7 ( 32)

3- айналым Ақын жазушылардың портреттеріне қарап
шығармаларын атау. Әр топқа 2 сұрақтан.

5 5 5
10 10 10
20 20

Оң жақтағы -5 Абай ( «Ғылым таппай мақтанба», «Адам болам десеңіз»)
Ортадағы 5 Ы.Алтынсарин ( «Кел, балалар оқылық», «Өнер білім бар жұртта»)
Сол жақтағы -5 М.Мақатаев ( «Үш бақытым» «Туған тілім»)
Он жақтағы -10 М.Әуезов ( «Боран», «Абай жолы»)
Ортадағы -10 С.Сейфуллин ( «Туған ел»)
Сол жақтағы -10 Ш.Құдайбердиев ( «Адамдық борышын», «Аманат», «Бостандық таңы»)
Сол жақтағы -20 ( С.Мәуленов «Мен елімді сүйемін»)
Ортадағы -20 А.Байтұрсынов ( «Оқуға шақыру», «Тіл тағылымы»)

4-айналым «Мақал- мәтелмен» жарыс. Бұл бөлімде мақал- мәтелді дұрыс қолдана білуі есептеледі.

1 2 3
4 5 6
7 8

1. Білім туралы мақал-мәтел
2. Отан туралы
3. Еңбек туралы
4. Достық туралы
5. Батырлық туралы
6. Денсаулық туралы
7. Әдептілік туралы
8. Жануарлар туралы

Мұғалім: Кітап-жан айнасы. Оған қарап бойыңды да ойынды да түзеуге болады. Қазақстан азаматтары білімді болуы керек. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды кітап арқылы танимыз.
Әділқазы алқасына сөз беріледі.
Қорытынды. Марапаттау сәті Тәрбие.орг сайтынан Әкем,шешем және мен-отбасымыз оқырман Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Токмурзина Рысалды Муратбековна

ШҚО Курчатов қаласы № 2 жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс
Көрсетілім: 243 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar