Мәселенің өзектілігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 668
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 11/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22791


Босаға жалпы орта білім беру мектебі
2016-2017 оқу жылының «Мектеп-оқушы-ата-ана» жобасының
ЕРЕЖЕСІ

Мәселенің өзектілігі

Тәрбие процесінің табыстылығы педагогтер, оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола түспек. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлігі болып табылатындықтан, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік те мектеппен бірдей болуы тиіс. Бала тәрбие әліппесін отбасында алатындықтан өркениетті қоғамға қол жеткізудегі әрбір шара отбасындағы өмірді ұйымдастырудан бастау алады. Салауатты отбасы ғана дені де тәні де сау ұрпақ тәрбиелей алады. Елімізде мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдауда көп жұмыстар атқарылуда. Ана мен баланы қорғауға, балаларға, көп балалы отбасыларға зор көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, бүкіл әлемдегі секілді, біздің елде де отбасы институты қазіргі таңда дағдарысты бастан кешуде. Ата-аналардың жұмыссыздығы, толық емес отбасылар мен некесіз туылған балалар санының артуы әлеуметтік проблемалардың белең алуына ықпал етіп отыр. Балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернетсайттарға бағдарлануы; қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегу, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі; еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі; отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі; әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б. проблемалар байқалады. Осындай проблемалар бала тәрбиесіне жаңа көзқарас, жаңа ұстанымдар қажет екенін көрсетіп отыр.

Жобаның мақсаты:
Тәрбие кешеуілдеуді немесе үзіліс жасауды кешірмейді, ол баланың күнделікті өмірінде, тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек ету барысында жүре береді. Сондықтан, тәрбие проблемаларын білім беру ұйымдары мен отбасы арасында тығыз байланыс орната отырып шешу қажет. Қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделіп жасалған қандай да болмасын мемлекеттік бағдарламалар азаматтардың бойында жоғары адамгершілік сана мен өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеуді көздейді. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Ендеше, баланың өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетесы ата-ананың көмегімен отбасында қаланып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – мектептің ата-аналармен өзара қарымқатынасының қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу.
Жобаның міндеттері:
- өзіндік талдау әдісі, рефлексия әдісі; рөлдік ойындар; әлеуметтік жобалау және т.б. Сыныптағы, отбасындағы қарым-қатынасты өзгертуге бағытталған әдістер: жаттығу, тапсырма, жеке бас үлгісі; иландыру, сын; тәрбиелік жағдаят әдісі; іскерлік ойындар; ынталандыру және жазалау әдістері; қоғамдық пікір әдісі; жаңа дәстүрлер жасау әдісі және т.б. Басқа зерттеушілер (Генварева Ю.А. және т.б.) мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынас әдістерін төмендегі бөлімдер бойынша жіктейді: 1) өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру әдістері (жеке және ұжымдық перспективалар, міндеттер, проблемалар, ережелер мен нормалар); 2) өз әрекеттік әдісі (жеке және ұжымдық өзін-өзі басқару, жарыс, өзіне өзі қызмет ету); 3) қатынасу әдісі (құрмет, түсіну, сенім, өзін-өзі байқау, рефлексия, өзінөзі тану, иландыру, сын, өзін-өзі бақылау және т.б.); 4) ықпал ету және түзету әдістері (үлгі, түсіндіру, қуанышты, махаббатты және сұлулықты күту, екіжақты жауапкершілік, абырой және намыс сезіміне жүгіну, арманның өзектендірілуі, сендіру, жаттығу, ынталандыру және жазалау). Торохтий В.С. өз еңбектерінде социуммен, басқа әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесу мазмұнын көрсететін білім беру мекемелері қызметіндегі әлеуметтік-педагогикалық тәсілдердің мәнін қарастырады. Әлеуметтік-педагогикалық көзқарастардың маңызды әдістеріне: бітістірушілік әдісі, серіктестік әдісі, кеңес беру әдісі, өзара сенімге негізделген қарымқатынас әдісі, кеңес әдісі, ұсыныс әдісі, эмпатия әдісі, толеранттылық әдісі, әлеуметтік бейімделу әдісі, түзету әдісі, әлеуметтік қолдау әдісі, өзара ақпараттандыру әдісі, келісім әдісі, бірге қызмет ету әдісі, әлеуметтік тәрбие әдістері, әлеуметтік оқыту әдістері жатады [5]. Мектеп пен отбасының педагогикалық өзара қарым-қатынасының қарастырылған формалары мен әдістері ата-аналардың тәрбие процесіне белсенді атсалысуына, оқушылардың әлеуметтену процесінің тиімділігіне ықпал етеді. Мектеп және отбасы арасында байланыс орнатуда Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін қолдану тиімді. НЗМ өз Отанын сүйетін, бәсекелік орта жағдайында ойдағыдай іс-әрекет жасауға қабілетті, жоғары мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігі бар, үйлесімді дамыған, шығармашыл және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жасауда. Осы мақсатты жүзеге асыруда бірқатар міндеттерді орындау көзделген: оқушылардың өмірлік құзыреттіліктерін дамыту арқылы оқу іс-әрекетін; қосымша білім беруді; сыныптан тыс шараларды; жергілікті бірлестіктердің проблемаларын шешуге қатысуды қамтамасыз ету. Яғни, НЗМ-де білім беру және тәрбие процесіне қатысушылар арасындағы жауапкершілік тең бөлінген [6].
Жобаның болжамы:
Еліміз білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында тәрбие рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау заңды. Бүгінгі таңда білім беру процесінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отырған кезде баланың адамгершілік тәрбиесі мен рухани тұрғыдан қалыптасуы барлық тәрбие процесінің өзегі болып отыр. Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы стратегиясы – өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата-бабаның әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген парасатты, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты, ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып, «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деген болатын . Қай заманда болмасын мектеп – баланы білім нәрімен сусындатып, біліктілікке баулитын орта. Ұрпақ тәрбиесінде мектеп еш уақытта отбасынан бөлек, дербес әрекет еткен емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін, мектепішілік тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мектеп орналасқан аумақта жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан қарастырғанда мектеп – балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін басты орталық. Мектепте тәрбиенің алуан түрі (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық, дене тәрбиесі т.б.) жүзеге асырылады. Бүгінде мектеп ұжымының отбасылармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады: ата-аналармен жүргізілетін жұмыс, сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді. Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет тарапынан отбасына үнемі қамқорлық жасалуда: балаларға қосымша білім беру, еңбек, спорттық сауықтыру орталықтары, жас өлкетанушылар стансалары, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелер жұмыс жасайды, шығармашылық және ғылыми-зерттеу ісіне қолдау көрсетілуде; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлінген, отбасы мүшелерінің еңбек етуіне және демалуы үшін жағдай жасалған. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың ата-ана, ұжым және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру, жеке басының тәртібі, міндеттері, үй және қоғамдық еңбекке қатысуын, оқу-әрекеті, бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Бала өмірін және іс-әрекетін сауатты ұйымдастырудың негізгі шарты – дұрыс құрылған күн тәртібі. Күн тәртібі – бұл өмір тәртібі, ол еңбек пен демалысты парасаттылықпен кезектестіруді, алға қойылған талаптарды уақытымен орындауды, жақсы әдеттерді қалыптастыруды білдіреді, баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, ықтияттылыққа үйретеді, оның денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, денсаулығын, отбасылық жағдайын, дәрігер мен мұғалімдердің, сынып жетекшінің кеңесін, отбасы мен мектеп өмірі ағымын ескеруі тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
2016-2017 оқу жылының «Мектеп-оқушы-ата-ана» жобасының жылдық жоспары
№ Жұмыс мазмұны мерзімі жауапты нәтиже
1 1.Өткен оқу жылының қорытындысы , жаңа 2016 - 2017 оқу жылының міндеттері.
2. Ата - аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау.
3. «Отбасының бала өмірінде алатын рөлі»баяндама қыркүйек ТЖО
мектеп әкімшілігі хаттама,фото
2 1. Оқушыларды мектепке қабылдау, оқыту және шығару тәртіптері.
Мектеп ережелерімен таныстыру.
Оқушылардың үйлерін аралау
қыркүйек


қазан Сынып жетекшісі,
ата-аналар комитетеі ақпар
3 Жалпы ата-аналар жиналысы
«Құқықбұзушылықтың алдын алу» қараша Мектеп әкімшілігі ақпар ,фото
4 Ата-аналар комитетінің отырысы қараша Мектеп әкімшілігі
ата-аналар комитеті төрайымы хаттама,ақпар
5 Ата-аналар жиналысы «Қылмыс –қоғамдағы қауіпті әрекет» желтоқсан ТЖО,мектеп инспекторы хаттама,ақпар
6 Ата-аналар жиналысы
1. І жарты жылдық қорытындысы.
2. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы»
3.«Қылмыс қоғамдағы қауіпті әрекет» қаңтар Мектеп әкімшілігі хаттама,ақпар
7 Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама ақпан Мектеп психологы әзірлеме
8 «Әжелер сайысы» наурыз ТЖО әзірлеме,фото
9 Оқушылардың себепсіз сабақ босатпауын қадағалау үнемі Мектеп әкімшілігі ақпарат
10 «Қамқорлық» акциясы бойынша ЖББ қорынан көмек көрсету. жыл бойы ТЖО ақпар ,фото
11 «Бала –көңілдің гүлі,көздің нұры» тренинг сәуір мектеп психологы Әзірлеме,фото
12 Ата-аналардың мектептік іс-шараларға демеушілік көмегі жыл бойы сынып жетекші ақпар
13 Ата-аналар жиналысы
«Кәсіптік білім беру-бүгінгі күннің басты талабы» мамыр ТЖО хаттама,ақпар

2016-2017 оқу жылының «Мектеп-оқушы-ата-ана» жобасы мен жүргізілетің
іс-шаралар жоспары

№ Жұмыс түрі
Мерзімі Нәтиже
1 Ата-аналар алқасының төрайымын сайлау
қыркүйек ақпар
2 Ата-аналар алқасының жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын бекіту
қыркүйек әзірлеме
3 Оқушыларды пәндік,сыныптан тыс үйірмелерге тарту
үнемі ақпар
4 5-9 сынып оқушыларын кітаппен қамтамасыз етілуін бақылау
үнемі хаттама
ақпар
5 Мектепте өтілетін іс-шаралармен уақытында хабардар болып отыру.
үнемі хаттама
ақпар
6 Себепсіз сабақтан қалған оқушылармен жұмыс
үнемі ақпар
7 Ата-аналар жиналысын өткізу Тоқсанына бір рет хаттама
ақпар
8 Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру
желтоқсан фото,әзірлеме
9 «Әкем,шешем және мен»сайысын ұйымдастыру
қаңтар фото,әзірлеме
10 Ата-аналарға құқықтық тәрбие беру
ақпан ақпар
11 «Аналар асыл жандар»байқауын ұйымдастыру
наурыз фото,әзірлеме
12 Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
мамыр Фото,әзірлеме Тәрбие.орг сайтынан Мәселенің өзектілігі Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: MANARA ERKEBEKOVA

Пікірлер: 0

avatar