“Отбасы, балабақша және бала тәрбиесі”

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2176
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18684


“Отбасы, балабақша және бала тәрбиесі”
тақырыбындағы дәстүрден тыс
“іскерлік ойын” түріндегі ата-аналар жиналысы

Мақсаты:
Отбасы тәрбиесіне қойылатын жалпы талаптармен таныстыру.
Ойын, жаттығу, тәжірибелік зерттеулер арқылы ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыру.
Бала, педагог, ата-ана осы үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру арқылы балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Күн тәртібі
I. Кіріспе сөз.
II. Ұйымдастыру бөлімі. Тренинг “Жұлдызқұрт”
IIІ.Негізгі бөлім
Баяндама: «ҚР МЖМБС - Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар»
IV. Іскерлік ойын тапсырмалары
1. «Денсаулық- «Кішкентай көңілділер» ойыны
2. «Шығармашылық»-«Балабақша» «Отбасы» «Алтын көпір»
3. «Таным»- «Аквариумдағы балықтар»;
4. «Әлеуметтік орта» - «Су сиқыры»
5. «Қатынас» -«Ертегілер»
V. Қорытынды

Балабақша бұл баланың алғашқы әлеуметтік ортасы. Отбасындағы тәрбие бесіктен басталса, ал балабақшадағы тәрбие табалдырықтан басталады. Бүгінгі бала тәрбиесінде балабақшадағы оқу-тәрбие процесі төмендегі үштік одақты құрайды.
Бұл үштік одақтың ең негізгісі - бала. Бала- жаңа нәрсені тани отырып, өзін жаңа қырынан ашады.(мен не істей аламын, менің қолымнан не келеді, мен неге қабілеттімін.)
Ал ата-аналар мен педагогтардың міндеті-осындай қиын істе көмек
беріп, қолдау көрсету.

И.А. Крылов
“Аққу,шортан,һәм шаян”мысалындағы
ЖІГІТТЕР МҰНАН ҒИБРАТ АЛМАҚ
БОЛМАС,ӘУЕЛІ БІРЛІК КЕРЕК БОЛСА ЖОЛДАС.

БІРІНІҢ АЙТҚАНЫҢА БІРІҢ КӨНБЕЙ,
ІСТЕГЕН ЫНТЫМАҚСЫЗ ІСІҢ БОЛМАС.
\А.Байтұрсынов\
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
«ЖҰЛДЫЗҚҰРТ »
Мақсаты: ата-аналарды бірлікке,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Баяндама
Тақырыбы: «ҚР МЖМБС – Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар»

Мақсаты: Баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздерін қалау және баланың жетістіктерге қажеттілігін қалыптастыру. Ынтымақ, бірлік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысыменбекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

БАҒДАРЛАМАЛАР
«Алғашқы қадам», Б.Ж.Ноғайбекова. Г.К. Мақсотова 2009 ж.
«Зерек бала», Т.М.Калашникова,Р.Х. Беспалова, Г.Н. Жигайло. 2009 ж.
«Біз мектепке барамыз», Т.А.Дрыгина,Г.Г.Корчевская, С.И.Шелипова,2009 г.

Білім салалары: Денсаулық, Қатынас, Таным,Шығармашылық, Әлеуметтік орта
«Денсаулық» білім беру саласы:«Кішкентай көңілділер» ойыны.
«Қатынас» білім беру саласы: «Бұл қандай мақал?»
Мақсаты: Көрсетілген суреттер арқылы мақалды табу. Ата-аналарға балалардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін және де сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамытуда суреттердің пайдасының зор екенін түсіндіру.

«Шығармашылық» убілім беру саласы: «Балабақша» «Отбасы» «Алтын көпір»
Мақсаты: Өз шығармашылықтарымен желімсіз, қайшысыз , ұжымдасып берілген тақырып бойынша композиция құрастыру.
Берілген құралдар арқылы (ақ қағаз, түрлі-түсті қағаз, фломастер,) әртүрлі әдістерді пайдалану арқылы тақырыпты ашу.
«Таным» білім беру саласы: «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: Ата-ананың танымдылық қабілетін бақылау.
Жүру барысы:Берілген геометриялық пішіндер арқылы аквариумдағы балықтарды құрастыру.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы: «Су сиқыры»
Мақсаты: Судың қасиетімен таныса отырып судың маңызын аша білу. Зерттеу арқылы ата-аналармен балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Ата-ана, бала, педагогтардың тәжірибе алмасуы.
Қажетті құралдар:Ойыншыларға стакан, су, жұмыртқа, тұз, секер, ыдыс жуу сұйықтығы, тіс тазалағыш құралдары беріледі. Осы құралдар көмегімен зерттеу әдісін орындайды.
Міне ата-аналар, біз бүгін бір сәт бала болып ойнадық, ойладық нәтижесінде отбасы тәрбиесінің «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» деп аталатын бес білім беру саласы мазмұнымен таныстыңыздар. Мінекей ата-аналар, өздеріңіз көргендей отбасы тәрбиесі мен балабақша тәрбиесінде ынтымақтастық болған кезде баланың үлкен жетістіктерге қол жеткізетіндігін түсіндік.

IV. Қорытынды
Міне ата-аналар, тәрбиелеп отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз отбасында және балабақшада да өзін жайлы сезіну үшін тәрбие жолында барлық күш-жігерімізді біріктіруіміз керек деп ойлаймын.
Бүгінгі жиналыс нәтижесінде «Бала, отбасы, педагог» үштік одақ құрылды.
Ізгіліктің жолыменен бұрынғы,
Ата-ана, ұстаз, бала-үштік одақ құрылды.
Ынтымақты бірліктің арқасында,
Тәрбиеміз оң бағытқа бұрылды.
Үштік одақ қалпынан бір талмасын,
Озық болып, игі істерден қалмасын.
Тәлімді тәрбиемен бүлдіршіндер,
Қанаттанып, биіктерге самғасын! Тәрбие.орг сайтынан “Отбасы, балабақша және бала тәрбиесі” Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулеуова Айжан Жексенбайқызы

Атырау қаласы,Ақжар селосы №59 "Ақбөбек"балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar