« Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны»

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 982
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18687


Дәстүрден тыс топтастыру әдісі
Жиналыс тақырыбы: « Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны»
Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;ата-анамен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне кеңес бере отырып отбасы мүшелерінің арасындағы, бір-біріне деген сенімңн нығайту.
Міндеті:Ата-аналардың балабақшамен,топ тәрбиешілерімен тығыз байланыс орнату.Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға тарту.
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап,бейнеролик қарау,ойын ойнау.
Түрі:Топтастыру,сайыс,пікір алмасу.
Көрнекілігі:Үйлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, слаид.
Жүру барысы:
1.Топқа бөліну
2.Ой қозғау
3.Бейнеролик
4.Пікір алмасу
5.дидактикалық ойын «Өз үйімді-өзім тұрғызамын»
6.Рефлекция
7.Қорытынды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-анлар.қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп отыр.Алдымен ата-аналарды ортаға дөңгеленіп тұруға шақырсам деймін.
(Ата-аналар шеңбер жасап тұрады).Ата-аналар тренингімізді бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.Ол үшін сіздерге берілген суреттердің жартысынан белгілі бір сурет құрастыру керек.Құрастырылған сурет қай үстелде сол үстелге жайғасамыз.Ата-аналар қиылған суреттерді қосып толық сурет шыққанша жұмыстанады.Дайын болған сурет бойынша үстелдерге жайғасады.
1.Топқа бөліну.
1.Отбасы 2.Бала 3.Ата-аналар,сіздер 3 топқа бөлініп отырдыңыздар, топ атымен таныстырып өтейін.
1.Отбасы дегеніміз белгілі бір тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты ерекше, ол баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп,тұлға ретінде қалыптастыру.
2.Бала ата-ана өмірінің жалғасы.Бала тәрбиесі қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
3.Ата-ана баланың қамқоршысы, ақылшысы.Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы.Ата-ананың алтын тіреу діңгегі-ол бала.
Ата-аналар жиналысын бастауға рұқсат етіңіздер.Сіздер топ болып ішінен ойланып, ақылдасыңыздар, кейін топ ішінен бір адам жауап береді.

1-бөлім:.Шаттық шеңбері
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үй құрдық.Осы киіз үй сияқты біздің балабақшамыздың қабырғалары мықты болып,шаңырағы биік болсын дегім келеді.
2-бөлім:Танысу.
Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық.Мына үлгі бойынша өз есіміңіздің алдына сын есім қойын айтыңыз.Мен сымбатты Айнагулмін,мен ақкөңіл Анармын.Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.
3-бөлім: 3.Ата-аналар арасында сайыс:
«Мен баламның орнына өзімді қойсам егер....»
1.Дидактикалық ойын: «Фокустар»
Үстел үстіне 10 ұсақ заттар қойылады. Ата-ана 5-10 секундтай оларға қарап,ойша фотоға түсіріп алады.Содан кейін оларды орамалмен жауып,ата-ананың теріс қарауын өтініңіз. Бір затты алып тастап,екі заттың орнын алмастырыңыз.Бала не өзгерді соны айтуы тиіс.Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады.
2.«Ғажайып үстел»
Екі топтан екі ата-ана шығады. Ғажайып үстелдің үстінде жабайы жануар мен үй жануарларының суреттері бар. Екі топтың ата-анасы кезек пен кезек үстелді айналдырады. Белгі қай суретке тоқтаса сол жануар жайында сипаттама беріп ,ертегі айтады.
3. « Сиқырлы жұмыртқа» ойыны. Әр адамға жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады . Егер белгілі бір уақытта қай топ суретті көп салса сол топ жеңіпаз атанады.
4. Д/ойын «Кім жылдам»
1-топқа
«Қай сөз артық»? Неліктен?
Сүт,қаймақ,айран,ет,ірімшік.
Шортан ,жайын,сазан,шаян.
Үстел,орындық,теледидар,шкаф.
Таң,күндіз,кеш.таңғы ас,түн.
Болат,Самат,Гүлнар,Абзал,Жоламан.
Қоңыз,балық,құмырсқа,көбелек.
Қаз,аққу,тоты,қоян.
Алмұрт,қарабүлдірген,таңқурай,қарақат.
2-топқа «Бір сөзбен ата»
Көбелек,маса,шегіртке
Қайың,шырша,емен.
Үстел,шкаф,диван.
Бәтеңке,крассовка,туфли.
Ірімшік,қаймақ,иогурт-
Футбол,гимнастика,жүзу-
Таң,күндіз,кеш-
Сейсенбі,сәрсенбі,жұма-
Пушкин,Абай,Мағжан-
Марат,Серік,Ұлжан-
Қызанақ,сәбіз,қияр-
Топтардың көрсеткіштерін есептеу.
4.Сергіту жаттығуы
Қортынды:
5. Жүректен жүрекке:Құрметті ата-аналар?Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен,тілектеріңізді қағазға жапыраққа жазып,ағашты көркейтейік.Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап,желеп ,жебеп жүрсін дегім келеді.

№ 59 «Ақбөбек» балабақшасы

Дәстүрден тыс ата-аналар жиналысы.
Тақырыбы: « Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны»

Өткізген: Үмбетова М.Ә
Сәбенова Г.Қ
Ортаңғы №1 «Ботақан» топ тәрбиешілері

2016 оқу жылы

Ата-аналар арасында сайыс:
«Мен баламның орнына өзімді қойсам егер....»
1-топ
1.Дидактикалық ойын: «Фокустар»
2. «Ғажайып үстел»
3. « Сиқырлы жұмыртқа» ойыны.
4. Д/ойын «Кім жылдам»
«Қай сөз артық»? Неліктен?
Сүт,қаймақ,айран,ет,ірімшік.
Шортан ,жайын,сазан,шаян.
Үстел,орындық,теледидар,шкаф.
Таң,күндіз,кеш.таңғы ас,түн.
Болат,Самат,Гүлнар,Абзал,Жоламан.
Қоңыз,балық,құмырсқа,көбелек.
Қаз,аққу,тоты,қоян.
Алмұрт,қарабүлдірген,таңқурай,қарақат.
2-топ
3.Ата-аналар арасында сайыс:
«Мен баламның орнына өзімді қойсам егер....»
1.Дидактикалық ойын: «Фокустар»
2. «Ғажайып үстел»
3. « Сиқырлы жұмыртқа» ойыны.
4. Д/ойын «Кім жылдам»
2-топқа «Бір сөзбен ата»
Көбелек,маса,шегіртке
Қайың,шырша,емен.
Үстел,шкаф,диван.
Бәтеңке,крассовка,туфли.
Ірімшік,қаймақ,иогурт-
Футбол,гимнастика,жүзу-
Таң,күндіз,кеш-
Сейсенбі,сәрсенбі,жұма-
Пушкин,Абай,Мағжан-
Марат,Серік,Ұлжан-
Қызанақ,сәбіз,қияр- Тәрбие.орг сайтынан « Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны» Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үмбетова Мәрзия Әйіпқызы

Атырау қаласы,Ақжар селосы №59 "Ақбөбек"балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar