Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сенбілік кездесу
  • 19.04.2016
  • 509 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18721

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (25.2Kb)

Ата-анамен байланыс жұмыс жоспары

Ата-анамен байланыс жұмысы
Тақырыбы: «Сенбілік кездесу»

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Уақыты: Қысқы демалыс күндері Тәрбиешінің аты-жөні: Жатақхана тәрбиешілері
Оқушы: Жатақхана оқушылары Сыныбы: 9,10,12
Мақсаты Отбасы мен жатақхана арасындағы байланыс құндылықтарын нығайту.Оқушылардың отбасылық жай күйімен танысу..
Ата-анамен байланыс арасындағы жұмыста қамтылған құндылықтар  Құрмет;
 Ынтымақтастық;
 Ашықтық
Жоспар
Уақытты жоспарлау «Сенбілік кездесу» жоспары


Ұйымдастыру кезеңі

Ой қозғау

Сенбілік кездесуде жатақхана қызметкерлері жатақхана оқушыларының отбасымен, үйінің тыныс тіршілігімен танысу, сұхбаттасу мақсатында қысқы демалыс күндері сенбілік кездесумен аудандарда,қала сыртында тұратын оқушылардың үйлеріне қонаққа барды.
Кездесу барысында ата-ана бауырларымен танысып,бірнеше сұрақтар қойылды.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасында отбасы күні қай күні және қай жылдан бастап ресми түрде тойланатын болды? Осы сұраққа жауап беріңіздерші.
Оқушылар өз жауаптарын береді.

Оқушы: ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі күні Отбасы күні мерекесі тойланатын болды. «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді». Бұл – айтулы мереке күні ел президентінің қазақстандықтарды мерейлі мереке күнімен құттықтауында айтылған мәні терең сөздер. Бұл мереке қазақстандық отбасылардың берекесін арттыру үшін қазақтың отбасылық дәстүрлерін жаңғырту күні.

Өзіңізді қалай бағалайсыз? «Мен» әлеміңіз қандай? Жауап беріп көруіңізге болады... Оған төмендегі әдістер көмектеседі.

(Мына шеңбердің қайсысының ішінде тұрар едің, соған «Мен» деп жаз) Кілті: Алдыңғы үшеуі – өзіңді шамаңнан артық бағалайсың; соңғы үшеуі – өзіңді төмен бағалайсың, өз-өзіңе сенімің аз; ортаңғы (4,5) шеңбер адекватты баға, өмірдегі өз орнын біледі. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады: отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды; отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады; отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді; отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді; отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол; отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында қалыптасады; отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді; кәсіп таңдауға да ықпалы зор; Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады: беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады; демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады;
Қорытынды
5 минут

Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті де білімді болуы, ең алдымен, ата-анадан, отбасы – ошақ қасынан басталмақ. Дана қазақтың «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, соның ішінде отбасынан, ата-анасынан алған өнеге балаларда тұлғалық қасиеттер мен отбасы, отбасылық қатынастар, отбасылық сыйластық пен үйлесімділіктің қалыптасуына негіз береді.
Рефлексия Кері байланыс.
Оқушыларға өз отбасылары туралы презентация жасау

Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы дегендей жатақхана тұрғындарының отбасылары мен жатақхана қызметкерлерінің арасында тығыз байланысты дамыту, бекіту мақсатында жатақхана тәрбиешілері,медбикелері қысқы демалыс күндері оқушылардың үйлеріне қонақта барды. Тәрбие.орг сайтынан Сенбілік кездесу Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахпамбетова Сандуғаш Нұрлыханқызы

ОҚО Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс | Логин: Санду_Ахпамбетова
Көрсетілім: 509 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar