Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қысқы спорттық ойындар
  • 20.01.2017
  • 296 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21154

Тақырыбы: «Сырғанақ тебеміз»
Мақсаты: Балаларды қысқы спорттық ойын түрлерімен таныстыру. Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Ата-аналарды балабақшадағы іс-шараларға қатыстыру, сонынмен қатар салауатты өмір салтын ұстану барысында өз балаларына үлгі болу. Ата-аналар арасындағы достық қарым – қатынасты нығайту.
Көрнекіліктер: шана, шаңғы.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін біздің балабақшамызда ерекше күн. Себебі, балабақшамызда ата-аналар арасындағы қысқы спорттық ойын түрлерінен жарыс өткелі тұр. Жарысқа қош келдіңіздер! Еліміздің Ән ұранын айтайық.

Жүргізуші: Енді Ақбота тобының ата-аналары өздерін таныстырады.

1-ші ата-ана. Мен, Аубакиров Нағашыбай, Санжардың әкесі.
2-ші ата-ана. Мен, Бержанов Қуат, Ілиястың әкесі.
3-ші ата-ана. Мен, Биржанова Айзат, Нұрбектің анасы.
4-ші ата-ана. Мен, Айтжанова Ақмарал, Анисаның әпкесі

Жүргізуші: Жарысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен танысайық.
Балабақша меңгерушісі - Д.З. Кабаева
Балабақша тәрбиешілері – И. Ә. Көбентаева

Жарысты бастамас бұрын, денемізді қыздырып жаттығулар жасайық. Яғни, таңғы жаттығулар.
Жүргізуші: Жарыс барысымен таныстырып өтейін.
Жарыс барысы үш турдан тұрады.
1- Тур. Кім жүйрік? шанамен кедергілер арасынан өту
2- Тур. Кім шапшаң? шелекке қар толтыру
3- Тур. Шаңғымен жарысу
Ата-аналар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топтың аты: «Балдәурен»
Екінші топтың аты: «Ақбота»

Жарысты қорытындылау. Әділ қазы алқасы топтар арасындағы жеңімпаз топты анықтап марапаттайды.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, сіздерге рахмет! Қысқы спорттық ойынымызға белсене атсалысып қатысқандарыңызға. Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Қысқы спорттық ойындар Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Көбентаева Индира Әбдіғаниқызы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң селосы "Бәйтерек " балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Ата-аналармен жұмыс
Көрсетілім: 296 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar