«Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 571
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 26/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23132


Ата-аналарға арналған семинар жоспары

Мектеп: Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектеп
Сынып: 5 «Ә»
Мерзімі: 28.03.2017жыл
Ата-аналар саны: 15
Мұғалім: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі»
Мақсаты: Ата-аналарға рухани-адамгершілік тәрбиесі және балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеудегі ата- ананың рөлінің маңыздылығын ұғындыру.
Міндеттері:
- отбасы мен мектепте ата-аналардың оқу және тәрбие істеріне араласу белсенділігін арттыру және жан-жақты қолдау көрсету;
- әрбір отбасында балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді жан-жақты дамытуға ықпал ету.
- ата-аналарды жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде іс жүзіне асыруды қажетсінуге тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдары, көздері)
Ұйымдастыру бөлімі
Қайырлы күн құрметті ата-аналар!
Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Ал бүгіні қыз –ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші –ата-ана.
Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы – бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөздер бар.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. әке-тірек, ана-жүрек, бала –тілек. Осы ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы ошағының үштағаны іспеттес. Олай болса бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» семинарымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі семинар жоспарымен таныстыру

Жоспар:
1. Нұрға бөлену
2. Мен тренингі
3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері.
4. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар
5. Топтық шығырмашылық жұмыстар
6. Сөйлемді аяқтау (Ата-аналарға арналған)
7. Бейнеролик көрсету (бала тәрбиесі туралы)
8. Топпен ән айту
1.Тыныштық сәтін өткізу: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді оятып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарап барады. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, аяқтарыңызға да тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек жақсы, ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттайық: барлық адамдарға, олардың да жүрегі нұрға толсын. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жайымен көзіңізді ашуға болады.
Бүгiнгi семинарымызды бастамас бұрын, ең алдымен бiр-бiрiмiздiң көңiл-күйлерiмiздi бiлiп алайық /ата-аналар кезектесiп өзінің көңіл-күйін айтып шығады, Мысалы: Менiң көңiл-күйiм жақсы. Бүгiн семинар-тренингтің қандай дәрежеде өтетiнiн ойлап, ептеп қобалжу, толғаныстамын. Сондықтан сiздердiң белсендi қатысуларыңызды сұраймын ата-аналар .
Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердерге дайындалған бiрнеше сұрақтар ұсынылады. Сiздердермен пікірлесіп ой-бөлісу-біздер үшін үлкен бақыт.
2. Ата-аналарға «Мен» тренингі
Адамның үлгісін қағаздан жасап сұраққа жауап беру.
.«Мен кіммін?!» жаттығулары.
Параққа «Мен кіммін?»
«Адамның шынайы болмысы қандай?»
«Өмірдің мәні неде?»
«Адам үшін игілік деген не?»
«Бақытты адам кім?»
деген сұраққа жауап жазыңздар. Жауап шынайы болу керек. Соңында өзіндік презентация болады.
Енді жазғандарымызды оқиық. Барлығы былай басталуы мүмкін: Мен мұғаліммін, мен анамын. Бұлар жалпы рөлдік биографиялық мінездемелер.
Жеке тұлға
Адамның шынайы келбеті ақиқатты,мейрімділікпен сүйіспеншілікке толы
Өмірдің мәні шынайы өмір сүру
Адам үшін жақсылық жасай білу
Бақытты адам ол «Бала»

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері.
(санада жүретін үдерістер, сананың құрылымы мен оны тазарту туралы мәліметтерді презентация арқылы жеткізу)
1-сурет. Сана құрылымы туралы түсінік беру.
2. Сана арқылы оқыту.Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.
3. Сананы тазарту – мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтардың жарыққа шығуы. Бірақ санамызды тазартуды бастамастан бұрын, тыныштықты сақтап, өз көңіл- күйімізді реттей білуіміз қажет. Ақиқатқа негізделген көңіл-күй арқылы ақылымызбен денемізді тыныштандыру керек. Тек қана жақсы ойлар ойлау керекпіз, сонда ғана біздің санамыз жоғарылайды. Бұл жолды тек қана сүйіспеншіліктің көмегімен өтуі тиіс. Бұл сүйіспеншілік — шексіз шынайы болуы қажет. Осындай сүйіспеншілікті бастан кешіргенде ғана, рухани шабыт біздің санамыздың жоғарылуына әкеп соғады. Бұл бізге тыныштық табуға көмектесіп, іс-әрекетімізді нақты етіп, даналықты игеруге мүмкіндік береді
4. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар (ғалым Т.И.Петракованың құндылықтар жүйесінің жіктемесін, абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды «Құндылықтар ағашы» арқылы, адам тұлғасының құрылымдық деңгейін сызба арқылы түсіндіру)
Ғалым Петракованың құндылықтар жүйесінің жүктемесі, құндылықтар ағашы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке-жеке түсіндіру).
Ол уақытпен өзгермейтін, белгілі бір адамдар шеңберінде ғана емес, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Өз бойында құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз Кемел адам деп атауға болады.
Ақиқат—ол бастапқы шынайылықтың мәңгілік мәні, ол жаратылыс негізінде жатқан қасиеттер, адам табиғатының бастауы. Ол уақытың үш кезеңімен: өткенмен де, қазіргімен де, келешекпен де шектелмейді. Материалдық және рухани өлшемдерде өзгерістерге ұшырамайды.
Ақиқатты жарыққа шығарудың оқытудағы мақсаты – баланың шынайы болмысын ізденуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуге көмектесу. Өйткені – Ақиқат адамның шынайы болмысы.
Дұрыс әрекет— жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Ойдағы сүйіспеншілік – ақиқат, Істегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет. Ақиқаттан туындағанның барлығы – дұрыс әрекет болып табылады.
Сүйіспеншілік—бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық.
Сүйіспеншілік барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды құндылықтың ғажайып маржандары тізілген жіп сияқты өзара байланыстырады:
Тыныштық – бұл сүйіспеншілікті іштей сезіну.
Ішкі тыныштық – адамдағы жоғары рухани бастаудың сипаттамасы ретінде әрқайсысымызда, саналы түрде мойындалады және күнделікті пенделік өмірде сабырлылық, салмақтылық, қанағаттанушылық, ырзалық, іштей қуану, байланып қалмау және т.б. қасиеттер арқылы көрініс береді. Тыныштық – рақат, шадымандық, шаттық табиғатына ие.
Қиянат жасамау—шын мәнінде, барлық төрт Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық құндылықтардың іс-тәжірибесі нәтижесінің жемісі, ол-барлық тіршілкті құрметтеу мен сүюдің көрінісі, бүкіл жаратылыстың бірлігін ұғыну, ойымен, сөзімен, ісімен зиян келтірмейтін өмір.
5. Бейнеролик көрсету «Қарттар үйі»
(Бейнероликті тамашалап, талқыға салу)
6.Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма:
Шарты: түстер арқылы 2 топқа бөлу. Берілген тақырыпқа сахналық қойылым көрсету.
1 топ: «Сүйіспеншілік».сахналау
2 топ: «Ақиқат»сахналау
Тапсырманы топ алдында көрсетеді.
Соңында топтардың жұмыстары барлық қатысушылармен бірге талданады.
Рефлексия. Ата-аналар өздерінің алған әсерлерін және ұсыныстарын стикерлерге жазып тапсырады.
8.Топпен ән айту: «Ана туралы жыр», сөзі – Ғ.Қайырбековтікі, әні – Ш.Қалдаяқовтікі. Талдау
Үйге тапсырма.
1. Ата-аналарға күнделікті өмірде баласымен күніне бір рет баласымен Абайдың қара сөздерін қосылып оқыса деген ұсыныс жасадым.
Жиналыстың қорытынды сәті:
Ата-анаға тілек
Ата - ананың болашағы бала деген. Саналы рухы биік, жаны таза, ақиқатты, әрқашан болашағы жарқын шәкірт - ұстаз мерейі. Балаларыңыздың болашағы жарқын болсын. Барлық істеріңізге сәттілік.

Директор: О. Шатенов
Мұғалім: Г. Атшибаева Тәрбие.орг сайтынан «Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізі» Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектебі Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar