«1 Наурыз Алғыс айту күні»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 167
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22968


Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
«Құлыншақ» ясли бақшасы
Тәрбиеші: Кобдикова Ақтоты Сисенбаевна
Сценарий:«1 Наурыз Алғыс айту күні»
Мақсаты: Балалардың елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар достығына, түрлі ұлт өкілдерінің тарихына қызығушылығын оятып, азаматтық-патриоттық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні екенін балаларға айтып түсіндіру. Әр ұлт өкілдері алғыстарын ән шашу, тақпақтар, би өнерімен жеткізу. Барлық ұлт өкілдерін бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: - Армысыздар құрметті қонақтар сіздерге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Рухынан жақсылардың нұр саулаған, Жанымды мейірімі құрсаулаған. Жайсаң өлке,жайдары Қазақстан, Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!.
Тәрбиеші: Балалар, бізге жылдың қай мезгілі келіп жетті. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
- Күн жылынады,
- қар ериді,
-құстар ұшып келеді,
- ағаштар бүр жарады.

Тәрбиеші: - Дұрыс балалар. Көктем мезгілінде табиғат шаттанып, жыл құстары қайта оралып, малдар төлдеп, тіршілік жаңарып қалады.
Тәрбиеші:- Балалар көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
Балалар:-Наурыз.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар балалар, наурыз айының 1-ші жұлдызы басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтына алғыс айту күні болып саналады. Ортада топ бүлдіршіндеріміздің орындауында ән «Наурыз келді далама»
Тәрбиеші: - рахмет,балалар өнерлерің үстем болсын. Ендігі кезекті биге биреміз. Орыс халқының биі «Матрешки» ортада топ қыздары, тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: - Енді мен балалар сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ол ойын : «Түстеріне қарай ажырат»деп аталады. Мына түрлі түсті гүлдерді түстеріне қарай себеттерге топтастырамыз.
Ортаға бүлдіршіндеріміздің поляк халқының ұлттық биін тамашалауға шақырамыз. Би «Полька». Ортада әдемі тақпақтарымен әр ұлт өкілдерінің бүлдіршіндерін ортамызға шақырамыз.
Көк аспандай көкпеңбек Туыспыз біз бәріміз, Қазақстан жалауы Бір отанды сүйеміз. Көк емес ол тектен-тек Бақытты елде тұрған соң, Елдің ашық қабағы. Бақытты өмір сүреміз. (Айкөркем) (Дана) Азаттық жері,Қазақстан елі, Қуат алған өзіңнен, Шаттыққа толы бүгінгі төрі. Туған елдің қызымын. Достықты берік,еткен бір серік, Бақытты етіп өсірген, Бейбіт күн тұрсын сәулесін төгіп. Отанымның гүлімін. (Шамшырақ) (Алисамед)

Тәрбиеші:- Осындай тілектерімен бірге қыздарымыз сіздерге би билеп береді. Би. «Ана мен бала» тамашалаңыздар!
Сонымен қатар ұл балаларымыздың да өнерін тамашалаңыздар! Кішкентай ұл балаларымыздың орындауында «Қара жорға» биі.
Тәрбиеші:-Рахмет балалар, өнерлерің үстем болсын. Ендеше балалар барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Жақсы сөз жарым ырыс деген мақал бар қазақ халқымызда. Қане,орнымыздан тұрайық. Балалардың барлығы орындарынан тұрып, қонақтарға қарап жақсы тілектер айтады. (Еліміз тыныш болсын! Деніміз сау болсын! Отбасымыз аман болсын! Отанымыз тыныш болсын! Балабақшамыз нұрланып жайқала берсін! Бір-бірімізді құрметтейік! Өз тілімізді құрметтейік! Өзге тілді сыйлайық!)
Тәрбиеші: Рақмет,балалар сендердің айтқан тілектеріңді Аллах тағала қабыл етсін. Сендер менің жүрегімнің бір бөлшегісіңдер. Бәріміз тату болсақ, елімізде тату болмақ.
Қазақстан дейтін,менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы анам жаспен суарған Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далаға жылап келіп уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Аман болыңыздар құрметті қонақтар!- дей келе бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «1 Наурыз Алғыс айту күні» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кобдикова Актоты

Атырау облысы Құлсары қаласы «Құлыншақ» ясли бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar