1 сыныпқа арналған "Сандар сыры " факультативті курс бағдарламасы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 353
  • Авторлық бағдарлама
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20961


1 сыныпқа арналған
«Сандар сыры»
факультативтік курс бағдарламасына түсінік хат
Бұл курстың өзектілігі кіші жастағы балалардың математиканы оқуға құлшынып, өздерінің зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылысында.
Бұл бағдарлама оқушыларға осы оқу кезеңінде математиканың көптеген белгісіз мәселелерімен танысуға көп мүмкіндік береді, осы ғылымның тұтас түсінігі туралы білімдерінің аясын кеңейтеді. Логикалық ойлаумен байланысты математикалық есептерді шешу барысында оқушылардың танымдық қызметтерге деген қызығушылығы пайда боады, ойлану әрекеті мен жалпы зияткерік қабілеттері шыңдала түседі.
Одан өзге бұл бағдарлама оқушылардың өздеріне ізденіп, жұмыс жасауына, көп ойлануына, шығармашылық тапсырмалар орындауына, белгілі бір мәселелер бойынша өз ойларын еркін жеткізіп, сол ойының дұрыстығын дәлелдеп беруге де зор мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны кіші жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай келеді, оқу сапасын арттыра отырып, жоғары талаппен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны қарапайым математика әлемімен қоса, математиканың күрделі есептеріне терең үңілуге мүмкіндік береді, оқушылар есептеп қана қоймай, сол есепті шығаруда шығармашылық ізденіс үстінде болады. Бұл курстағы тапсырмалар оқушылардың математикалық ойлануын дамытуға бағытталған, символдарды дұрыс танып, математикалық терминдерді пайдалануға септігі мол. Математикалық факультатив міндеті балалардың математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған: сөзінің нақтылығы, символдарды еркін пайдалану, математикалық терминдерді дұрыс пайдалану, т.с.с..
Бұл бағдарлама қазіргі білім стандарттарында көрсетілген талаптарға толық сай келеді:
1. Ақпараттық қоғам, инновациялық экономика талаптарына толық жауап бере алатын тұлғалық қасиеттерді дарыту және дамыту
2. Оқушылардың жеке жас ерекшелігі, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға қажетті қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндік беру
3. Бастауыш, негізгі және орта білім арасындағы үзіліссіздікті қамтамасыз ету
4. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру (дарынды балалар мен дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды ескеру)

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, қағидасы:
Мақсаты:
- математикалық ойлау дағдысын дамыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру
Міндеттері:
- қарапайым математиканың түрлі тараулары төңірегінде балалардың білімдерін кеңейту;
- көп таңбалы сандар төңірегіндегі математикалық білімдерін арттыру;
- символдарды іскерлікпен қолдануға көмек беру;
- математикалық терминдерді дұрыс пайдалануға үйрету;
- ойын қажетсіз дүниелерден арылтып, тек пайдалы істермен айналысуға тәрбиелеу;
- шешім шығару, жалпылау жасауға үйретіп, өз ойын негіздеуге үйрету.
Бағдарлама қағидалары:
- Өзектілігі
Оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығын арттырып, зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау
- Ғылымилығы
Математика – логикалық ойлауды дамытатын, құбылыстар мен заттардың сандық мәнін көріп, қорытынды шығаруға, жалпылама жасауға мүмкіндік беретін оқу пәні.
- Жүйелілігі
Курс жеке тапсырмалардан (жеке мысалдарды қарастыру ерекшелігі) жалпы тасырмаларға ұласады (математикалық есептерді шешу).
- Практикалық бағытталуы
Факультатив сабақтарының мазмұны математикалық сандар сырын ашып, терминдермен танысу, жұмыс жасау үшін есептерді бірінші зерттеп, ұғынып, талдау жасап алып, содан соң есептеуге бағытталған.
- Қызығушылығын ояту
Біріншіден, математикаға физика-математикалық бағыт ретінде тарту, екіншіден, сабақтағы жетістіктерін арттырып, түрлі ойындар, жарыстарға, олимпиадаларға қатысуға көмек беру.
- Курс бағытталуы
Ол математиканың көптеген бөлімдерімен оқу- тұрады ктикалық таныса отырып, осы нақты ғылымға деген танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады.
-Факультативтің оқу жоспарындағы орны
Курс 33 сағатқа арналған, онда логикалық ойлануды қажет ететін математикалық ойындар, практикалық тапсырмалар қарастырылған.
Күтілетін нәтиже:
Факультатив сабақтары оқушыларға мынадай көмек береді:
- математика бойынша негізгі білімді игеру; негізгі түсініктерін білу;
- оқушыларға зерттеу жұмысымен айналысу әдістерін табуға итермелеу;
- шығармашылық ойлануын қалыптастыру;
- оқушылардың есеп шығару шапшаңдығы мен сапасын жақсатруға мүмкіндік беру.
Осы курстан соң, оқушылар мынадай жетістіктерге қол жеткізеді:
-проблемалық және эвристикалық түрлі тапсырмаарды шығаруда жан-жақтылығын, жинақылығын дамыту;
-назарын, қайсарлылығын, мақсатқа ұмтылысын, қиындықтарға төзімділігін, кез-келген адамға қажетті практиалық қызметте керек құндылықтарын дамыту;
-әділдік, жауапкершілік сезімдеріне тірбиелеу;
-пікірін білдіруде өзектілікті анықтап, ойын тәуелсіз жеткізіп, дәстүрден тыс ойлануын дамыту.
Оқушылар жасайтын негізгі қызмет түрлері мынадай:
- қызықты есептер шығару;
- математикалық газет шығару;
- математикалық олимпиадаға, халықаралық «Кенгуру» ойынына, «Дарын» орталығының түрлі зияткерлік сайыстарына қатысу;
- математикамен байланысты ғылыми жариялау әдебиеттермен танысу;
- жобалау қызметі
- өздік жұмыс;
- жұптық және топтық жұмыс жасау;
- шығармашылық жұмыстар жасау

Оқу материалының мазмұны
Бұл курстың мазмұнының көлемі ауқымды. Дәстүрлі емес тапсырмалар мен логикалық тапсырмалар алынған.
1 Кіріспе сабақ. Математикалық ойындар, сөзжұмбақтар 1 сағат
Математика адамраға не берді? Оның қажеті не? Айналамыздағы математика. Үйде, далада, пәтердегі математика. Санаудың неге керегі бар?
Сандар тарихы. Тас ғасырының арифметикасы 1 сағат
Математика тарихынан. Ежелде сандарды қалай жазған. Сандар мен цифрлар тарихы. Адамдар қалай санай бастаған.
«Суретті көшір», «Алтын кілем» қабыдауды дамыту ойындары 1 сағат
Балаларға түрлі суреттер беріп, сол суреттерді бөліктеп көшірту
«Сандарды өсу ретімен орналастыр» зейінді дамыту ойыны 1 сағат
Түрлі жолдармен сандар тізбектері немесе сандар беріледі
«Белгілерді үлгі бойынша орналастыр» 1 сағат
Орналастыру арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, заңдылыққа тәрбиелеу
Сандармен берілген логикалық тапсырмалар (сиқырлы шаршылар, тізбектер мен заңдылықтар) 1 сағат
Түрлі тапсырмалар, заттың пішінін бағамдау геометриялық фигураларды ажыратуға, бөліктерге бөлу, бөліктерден фигура құрау, топтау
«Есіңде сақталғаны бойынша осы тәртіппен суретін сал» зейінді дамыту ойыны 1 сағат
Ауызша есте сақтау арқылы, белгілі қағидаға сүйене отырып, белгілі бір заттың суретін салу
«Сөздер жұбын есіңде сақта» 1 сағат
Мағынасы жқын сөздер жұбымен жұмыс жасау
«Қай фигура жетіспейді?» логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойын 1 сағат
Заттың пішінін топтау арқылы геометриялық фигураларды ажырату, жұптарға бөлу, жоғын табу
« Кеменің жүріс бағытын тап» рөлдік ойыны 1 сағат
Белгілі бір тәртіппен орындалатын есептің жауаптары арқылы жол бағытын жасау
«Ойдағы апта күнін қалай табуға болады?» 1 сағат
Ойлаған апта күнін табудың бірнеше әдісін көрсету
Ойдағы санды тап 1 сағат
Ойландыру арқылы оқушылардың тілдерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру
Бояуға берілетін логикалық тапсырмалар 1 сағат
Логикалық тапсырмалар арқылы ойлау дағдысын шыңдау
Өлең түріне берілген тапсырмалар 1 сағат
Өлең есептер арқылы қызықтырып, зейінін қалыптастыру
Қызықты математикалық ойындар 1 сағат
Қазақтың сандарға байланысты ойындарын ойнату
«Доп кімге беріледі?» 1 сағат
Доп берілген оқушыдан сұраққа шапшаң жауап алу арқылы жылдамдыққа, ойын тез жинақтауға үйрету
Математикалық жарыс 1 сағат
Олимпиада мен зияткерлік ойындар тапсырмаларын орындау
Логикалық шаршылар 1 сағат
Логикалық шаршылар 21 ғасыр көшбасшысындағыдай түрде беріледі
Шапшаңдыққа есептер шығару 1 сағат
Тез сөйлеу, тез жауап беру, тез жазу, тез есептеу, сапасына да көңіл бөлу
Ауызша есептерді ерекше әдіспен шығару 1 сағат
Ауызша әңгіме құрастырып үйренеді
Кестені математикалық диктант түрінде жазу 1 сағат
Кестені сөйлету, сандарды сөздерге айналдыру
Ертедегі өлшем бірліктер 1 сағат
Олар елі, қарыс, пұт, мая тағы сол сияқты
Ұзындық. Жаңа өлшеулер ойлап табу. Зерттеу жұмысы 1 сағат
Ұзындықтың түрлерін түсіндіру
Өлшеу, зерттеу жұмыстары 1 сағат
Өлшеу құралдары болмағанда қалай шығуға болады
Масса. Жаңа өлшемдер 1 сағат
Ол не, нені өлшейді, неге тәуелді, қарапайым заттың массасы
Фигуралар құрастыру, геометриялық фигураларды бояу, бүктеу 1 сағат
Оқушылардың ой қиялын шығармашылығын дамыту; Өз қиялынан фигуралар құрастыруға бейімдеу
Мүмкіндіктер ағашын жасау 1 сағат
Болашаққа деген көзқарас пен шағын жоспарының ағашын жасау
Көне есептер шығару 1 сағат
Ежелден келе жатқан әлемдік көне есептер беру
Күрделі есептер шығару 1 сағат
Әр алуан практикалық жұмыстарды орындауға бағыттау;
Өлең есептер 1 сағат
Балалардың өздеріне өлең есептер құрастыруға жағдай жасау
Геометриялық фигуралардан зат құрастыр 1 сағат
Заттың пішінін болжау арқылы геометриялық фигураларды айыруға, топтарға бөлуге, бөліктерден фигура құрауға итермелеу
«Веложарыс» ойыны 1 сағат
Жұптарға немесе топтарға бөлу арқылы сайыстыру
Әзіл есептер. Тест «Өзіңді тексер» 1 сағат
Барлық өткен тақырыптар бойынша тексеру жұмысын өткізу

Күнтізбелік тақырыптық жоспар
1 класс
№ Тақырыбы мерзімі
1. Кіріспе сабақ. Математикалық ойындар, сөзжұмбақтар
2. Сандар тарихы. Тас ғасырының арифметикасы
3. «Суретті көшір», «Алтын кілем» қабыдауды дамыту ойындары.
4. «Сандарды өсу ретімен орналастыр» зейінді дамыту ойыны.
5. «Белгілерді үлгі бойынша орналастыр»
6. Сандармен берілген логикалық тапсырмалар (сиқырлы шаршылар, тізбектер мен заңдылықтар).
7. «Есіңде сақталғаны бойынша осы тәртіппен суретін сал» зейінді дамыту ойыны.
8. «Сөздер жұбын есіңде сақта».
9. «Қай фигура жетіспейді?» логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойын
10. « Кеменің жүріс бағытын тап» рөлдік ойыны.
11. «Ойдағы апта күнін қалай табуға болады?»
12. Ойдағы санды тап
13. Бояуға берілетін логикалық тапсырмалар
14. Өлең түріне берілген тапсырмалар
15. Қызықты математикалық ойындар
16. «Доп кімге беріледі?»
17. Математикалық жарыс
18. Логикалық шаршылар
19. Шапшаңдыққа есептер шығару
20. Ауызша есептерді ерекше әдіспен шығару
21. Кестені математикалық диктант түрінде жазу
22. Ертедегі өлшем бірліктер
23. Ұзындық. Жаңа өлшеулер ойлап табу. Зерттеу жұмысы
24. Өлшеу, зерттеу жұмыстары
25. Масса. Жаңа өлшемдер
26. Фигуралар құрастыру, геометриялық фигураларды бояу, бүктеу
27. Мүмкіндіктер ағашын жасау
28. Көне есептер шығару
29. Күрделі есептер шығару
30. Өлең есептер
31. Геометриялық фигуралардан зат құрастыр
32. «Веложарыс» ойыны
33. Әзіл есептер. Тест «Өзіңді тексер» Тәрбие.орг сайтынан 1 сыныпқа арналған "Сандар сыры " факультативті курс бағдарламасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Султангалиева Жулдызай Куанышовна

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі"ММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar