7 «Адам бақыты»

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 71
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23241


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп: М.Жүнісов атындағы ЖОББМБ Мерзiм:

  • № 7 «Адам бақыты» (1 сағат).

Құндылық: : дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық,қанағатшылдық, ризашылық,жақсылық жасау.

Мұғалiм– Г.Е.Муфтахова, Сынып -7,

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға адам бақытының сырын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу .

  • Білімділік: оқушыларға бақыт,бақытты болу ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық,қанағатшылдық қасиеттері туралы түсінік беру;
  • Дамытушылық: оқушылардың өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, бақытты бола білуге үйрету;
  • Тәрбиелілік: оқушыларды қайырымдылыққа,ризашылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» нықайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик)тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

  • сәтi. «Нұрға бөлену»

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма №7 сабақ, Джеймс Алленнің «Адам қалай ойлайды?» мәтінінен оқып келу.

Сұрақтар:

  • Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері-өзінің ойы мен ниеті арқылы » деген ойды қалай түсінесіңдер?
  • Мәтіндегі айтылған оймен қаншалықты келісесіңдер?
  • Өзің «дәл бүгіннен бастап » нені мақсат етер едің?Мәтіндегі ойға тағы да қандай пікір қосар едің?Әңгімелеп беріңдер?

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Жаны мейірімге толы адам бақытты. (Пифагор)

(Ұлдар және қыздар хормен айтады.)

  • Дәйексөзден не түсінуге болады?
  • Сен кімсің? Сен өмірде нені бағалайсың? Не үшін өмір сүресің ?

 

 

  1. Әңгімелеу (сұхбат) Мұғалімнің сыйы

 

«Бақытты адамның көйлегі».( аңыз әңгіме).

Ертеде бір патша өзі патшалық құрған елді көркейту үшін күні-түні жанын аямай жұмыс істепті. Ол жақсы өмір сүріп, бақытқа жету үшін не істеу керектігін ойлап, таңға дейін көз ілмейді екен. Бір күні уәзірлерін айналасына жинап, мұңын шағып ақыл сұрапты .

Патша: Уа, уәзірлерім мында келіңдер! Мен көп ойланып толғанып жүрмін менің мұңым бар, бақытқа жету үшін не керек? Соны маған айтыңдаршы. Сонда уәзірлердің ішіндегі үлкендеуі және ең тәжірибелісі сақалын сипап патшаға бұрылып былай депті: Уа тақсыр! Сіздің бақытқа жету үшін бақытты адамның көйлегін кию керек. Патша осы сөзді естіп, ендеше маған сол бақытты адамның көйлегін маған тез арада әкеліңдер ! - деп бұйырады.

Уәзірлер жолға шығып тау, қырларды асып, бір қалаға келеді.Есік-есікті кезіп,бақытты адамды іздейді.Кімді тапса да, оның әйтеуір бір дерті,не қасіреті болады. Ешқайсысын бақытты адам деп айтуға келмепті. Патшаның адамдары бір-бірімен ақылдасып былай деген екен. Біз бұл үлкен қалада бақытты адамды таба алмайтын сияқтымыз,оданда ауылға барып сол жерден іздейік. Сөйтіп уәзірлер талай тауларды асып, бір ауылға келеді.Кімді кездестірсе де, бай болсын,кедей болсын барлық адамдардан сұрап бақытты адамды іздейді Таба алмай, бастары салбырап, келе жатқанда өзеннің жағасындағы қалың шөптің арасында бір отар мал бағып жүрген қойшыны көреді.Қарсы жақтан құшағында баласы,қолында жейтін тамағы бар қойшының әйелі келеді.

Қойшының әйелі күйеуіне тамағын беріп, баласын иіскетіп, әңгімелесіп отырады.Уәзірлер осыны көріп жаңағы қойшыға келіп қандай қасіретің бар деп сұрайды. Қойшы болса өзінің отбасынан асқан ешқандай қасірет,қайғы жоқ екенін,өзін ең бақытты адам екенін айтады.Сонда уәзірлер қойшыдан көйлегін сұрайды ,ал қойшы болса көйлегінің жоқтығын,кедей екенін ,өзінің отбасынан асқан бақытты адам екенін айтады. Уәзірлер көйлек табудан үміттері үзіліп,патшаның алдына келеді. Бақытты адамның көйлегін қалай іздегендерін,көйлекті адамдардың төрт құбыласы тең болса да, әйтеуір оларда бір бақытсыздық бар екендігін айтады. Ал соңында бір бақытты адамды тапқандарын, бірақ оның көйлегінің болмасада ,бақытты жан екенін айтады.

Патша түні бойы жұлдыздарға қарап, тәтті ойға шомып, келер күннен бақыт күтіп,таң алдында ғана көз іледі. Мінекей ,балалар « Бақыт» деген әрбір отбасының амандығы ,баласының күліп-ойнағаны нағыз бақыт екен.

 

Сұрақтар:

· Бақытты болу үшін не істеу керек?

· Ойланайық ,бақыт деген не?

· Патша бақытты болу үшін не істеу керектігін білді ме?

(балалардың жауаптары тыңдалады).

 

 

 

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сынып оқушыларны 3 топқа бөлу:

Бақыт ұғымына берілген анықтамаларды оқып,шынайы бақыттың анықтасын табыңдар.Себебін түсіңдіріңдер.

  1. Тапсырма: Бақыт деген- үш игіліктің бірдей толық болуы: бірінші-жанның , екеінші –тәннің , яғни денсаулықтың , күштің сұлулықтың ,үшіншіден , сыртқы игіліктің – барлықтың , белгіліктің т.с.с (Аристотель).
  2. Тапсырма: «Мен үшін бақыт» эссе жазу.

 

6. Топпен ән айту.

«Бақыт деген» Өлеңді жазған: М.Мақатаев.

Бақыт деген сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның күлгенің.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң.
Бақытты сол-тәрік етіп түндерін
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.

Бақыт деген әркімдерде бір арман
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір
Бақыт жайлы жазалмаған шығармаң.

 

 

  • 7 Үй тапсырмасы

№8-сабақ, 32 беттегі «Бақыт дегеніміз...»Бауыржан Момышұлының әңгімесін оқып келу және сұрақтар дайындап келу беріледі.

 

  • 8 Соңғы тыныштық сәтi

(Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.)

-Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені түсіндік, өзімізге нені алдық, не үйрендік, сол жөнінде бір сәт ойланып, ой елегінен өткізейік және жүрек түкпіріне сақтайық.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет, сау болыңыздар!!

 

 

Тәрбие.орг сайтынан 7 «Адам бақыты» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Е.Муфтахова

М.Жүнісов атындағы ЖОББМБ

Пікірлер: 0

avatar