Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 462
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22709


Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы,
Қызылжар орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сембина Баян Серикбаевна

Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, Отанды, батырларды құрметтеу
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , видеоролик, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Батыр-герой,
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтас
тық атмосферасын қалыптастыру
2 минут

1 минут

5 минут

5 минут
Өсеміз күліп- ойнап,
Бес саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп- ойнап,
Бір атаның баласындай
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Орнымызға отырамыз

«Алтын ереже » еске түсіріледі.

Сыныптың білім деңгейін анықтау:

интербелсенді тақтадан оқыту

Хат, хабар,халат, шахмат, хайуан, хайуанат
шеберхана, асхана, аурухана, кітапхана, шайхана, емхана, дәріхана, ұстахана

3- тапсырма бойынша шығармашылық тапсырма; «Кітапханаға саяхат» жеке оқушылар қорғайды

«Кір жаятын жіп » стратегиясы арқылы үй тапсырмасын пысықтау
Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін еске түсіру, тексеру.

Өткен әріптерге байланысты жіпке суреттер ілінеді, оқушылар бір бірден суреттерді алып, атайды ,дауысты, дауыссыз екенін айтады, дыбыстық талдау жасайды, қазақша, орысша, ағылшынша айтады.
Мысалы: алма- яблоко- an Apple, нан- хлеб-bread, лақ-коза- goat ,ара- пчела- bee, он –десять- ten , төрт –четыре- four, доп- мяч- ball



Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

Мұғалімнің сыйы

Дәптермен, тақтамен жұмыс
3 минут


Бір қадам артқа» стратегиясы:
Мақсаты: жаңа тақырыпты ашып алу
Конверттегі сөздерге назар аудартып, оның нені білдіретінін сұрау. Жаңа тақырыпты ашу.
Оқушыларға тапсырма беріледі, бақылайды

«Ер қаруы бес қару» ертедегі қару түрлерін көрсету арқылы қаһарман батыр сөздерін қолдану арқылы тақырыпты ашу

Айдаһар суретін көрсету арқылы дыбыстық талдау жасау
Айдаһар –дракон-aydahap (айдюра)

Найза - копье -a spear (спея )

Қылыш – меч- sword ( сурт)

Айбалта - оси -axis (агсес)

№1 Оқылым.

Каһар қаһарлы қаһарман гауһар жиһаз шаһар жиһан жиһанкез мәшһүр

Аты мәшһүр жаһанға,
Бауыржан ата-қаһарман.

№2Әңгімені толықтырыңдар

Ұлы отан соғысының батырлары туралы слайд, видеоролик көрсету, желтоқсан құрбандары туралы слайд көрсету бейбітшілік Отанды қорғау туралы айтып кету

Һ әрпін жазу, тақтаға өтілген әрііптерге сөз жазу

Хат, хабар, балта
Әңгімені толықтыр:
Жиһанкез тау мен тасты, даланы аралады.Ол көптеген шаһарларда болды...


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
Қызықты тапсырма
12 минут

Ертегіні көру видео


№3 Қай ертегі? Сурет бойынша ертегіні мазмұнда.



-Ертегі не туралы?
-Сендеоге ұнады ма?
-Айдаһар жан жануарларға қандай тапсырма берді?
-Түлкі дүниедегі ең тәтті нәрсеге нені жатқызды?масаға не жолықты?
-Айдаһар қарлығашқа не үшін ұмтлып, құйрығын тістеп алды?
-Зұлымдық дегенді қалай түсінесіңдер?




Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия

Кеменің суреттері
3минут Бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер ағылшын тілі математика пәні сабағы.
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Тәрбие.орг сайтынан Қаһарлы не, қаһарман кім? Һ дыбысы мен әрпі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сембина Баян Серикбаевна

Пікірлер: 0

avatar