Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Адамдардың қысқы еңбегі
  • 31.03.2016
  • 661 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18292

Адамдардың қысқы еңбегі

Кайнарбаева Туре
Жаңаөзен қаласындағы
№ 10 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі

1 сынып
Мақсаты: а)Жыл мезгілдері туралы айта келе, қыстағы адамдардың
еңбегімен таныстыру.
ә) Сөздік қорларын тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
б)топпен жұмыс жасай білуге өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, өз
ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындар, слайдтар
Оқыту әдісі: әңгімелеу, топтық сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру
а)Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
ә)зейіндерін сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қанша жыл мезгілі бар? Оларды ата
2. Қыс мезгілінде айналада қандай өзгерістер болады?

3. Терезеден қараған кезде дала қандай болып тұр?
4. Суреттегі ағаштардың қандай өзгешеліктерін көріп тұрсыңдар?

5. Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Олай болса балалар адамдар қыс мезгілінде ойнап, қысты қызықтап жүрмей қысқа дайындық жасап, еңбектенеді екен. Адамдар қысқа калай дайындалады екен? Қане, кім айтады?
III Жаңа сабақ Адамдардың қысқы еңбегі.
Мәтінді оқыту.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Адамдар егіс даласында, бау-бақшада қыс мезгілінде не істейді екен?
2. Ауыл шаруашылық машиналарын қысқа қалай дайындайды?
3. Көктемгі мал төлдету жұмыстарына қандай әзірлік жасалады?
4. Малды қайда бағып күтеді?
5. Бала ағасына қалай көмектесті?
6. Сендер де аға-апаларыңа қандай көмек жасайсыңдар?
7. Мәтінде қай кездегі еңбек туралы айтылып тұр?
8. Сынып бөлмелеріндегі өсімдіктерді қалай күтесіңдер?

ІҮ Сергіту сәті

Ү Шығармашылық тапсырма
I топ «Алғырлар» Қар тоқтату жұмысы не үшін қажет? Суретке қарап әңгімеле

ІI топ « Білгірлер» «Қыс мезгілінде мен ...» тақырыбына әңгімелеу.

III топ «Ойшылдар» «Қысқы еңбек» тақырыбына ауызша әңгіме құрастыру.

IV топ «Тапқырлар» Буындардан сөз құрап дыбыстық талдау жасау.
Қар, ақ-қа-ла, ең-бек, мал, шөп, қо-ра, о-тын

ҮІ Қорытындылау
Балалар, сендер адамдардың қысқы еңбегі жайлы не түсіндіңдер? Бүгінгі сабағымызда адамдардың қыстағы еңбек түрлерімен таныстыңдар. Адамдар егіс даласында, бау-бақшада қар тоқтатады. Егістікке тыңайтқыш жеткізеді. Көктемгі егіс жұмысына әзірлік жасалады. Ауылшаруашылық машиналарын жөндеуден өткізеді. Мал қораларына жем-шөп жеткізіп, малды қолда, жылы қорада бағатынын, көктемгі мал төлдету жұмыстарына әзірлік жасалатынын білдіңдер.
«Еңбек етсең - ерінбе» - дегендей осы жұмыстардың барлығы адамдардың еңбектерінің арқасында жасалады екен.
ҮІІ Рефлексия:
- Бүгінгі сабақ туралы өз ой-пікірлерін рефлексия бойынша
қорытындылайды.
Оқыту үшін бағалау. (критерийлер жүйесінде). Тәрбие.орг сайтынан Адамдардың қысқы еңбегі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кайнарбаева Туре

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 661 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar