Адамгершілік тәрбиесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 359
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22999


Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік тәрбиесі
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Тәрбиелік: әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Сабақтың типі: Білімді, білік және дағдыны бекіту сабағы.
Сабақтың технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс, шаттық шеңбері, серпілген сауал.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану
Сабақтың көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, слайд, адамгершілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» (5мин.)
Мақсаты:Студенттердің жаңа сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттыру, жақсы көңіл-күй сыйлау.
Шарты: Студенттер шаттық шеңберін құрып, дөңгелене тұрып, өздері таңдаған гүлді алып, бір-біріне сыйлап, тілек айтып, жаңа сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды.
Қазір студенттер, көзімізді жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден достарымызға, жақындарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілектер тілейік. Енді көзімізді ашамыз, бұл тілекті жасырын ұстаймыз.

Қазір мына гүлдерді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілектер жолдаймыз. Мысалы мен: «Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзіңізден күлкі кетпесін», - деймін. Келесі студент ары қарай жалғастырады. Әр студент алған гүлдері бойынша топтарға бөлінеді.
ІІ. Негізгі бөлім
«Серпілген сауал» (10 мин.)
Мақсаты: Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты: Интербелсенді тақтада адамгершілік тәрбиесіне қатысты сұрақтар қойылады, ал студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.
1. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз не?(Оқушылардың адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке,білімге Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады)
2. Адамгершілік қатынастар немен өлшенеді? (моральдық нормалармен)
3. Моральдың негізгі міндеті (адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу)
4. Адамгершілік тәрбиесі жөнінде әл-Фарабидің пікірі(«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасау керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін ұқыпсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген)
5. А.Құнанбаевтың адамгершілік тәрбиесіне қоятын екінші талабы (тұрақтылық. «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді
6. «Патриот» деген сөздің мағынасы (гректің patris – отан деген сөз яғни отанын сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу деген)
7. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті (әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу, басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлау және олармен жақсы қарым-қатынаста болу)
8. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты – (баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу)
9. Қыздар тәрбиесінің басты міндеті ( сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігіу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулу)
10. А.Құнанбаевтың адамгершілік тәрбиесіне қоятын үшінші талабы(әділетшілдік, дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі)
11. А.Құнанбаев төртінші қара сөзінде қандай қасиетке терең мән берген (мейірімділік)
12. С.Көбеевтің пікірінше, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет (ұлтжандылық. «Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ елжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс.»
13. А.Құнанбаевтың адамгершілік тәрбиесіне қоятын бірінші талабы ( мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. «Әдепсіз,арсыз, байлаусыз, сұрамсақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады»
14. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге шақырған қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы (М. Өтемісұлы)
ІІІ. «Ең үздік идея» (15 мин.)

Мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты: Төрт топқа өткен сабақта үйге шығармашылық тапсырма берілген. Берілген тапсырмаларды бейнебаян және ток шоу түрінде көрсетеді.
Бүгін біз адамгершілік тәрбиесі әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Алайда, адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болатынын өткен сабақта айтып кеткенбіз. Осындай қасиеттерді көрсететін өмірден алынған шығармашылық тапсырмаларды орындауға берген болатынмын.
Тақырыптар:
А) Адамға адамгершілік қана жарасады

Б) Адамгершілік – асыл қасиет

В) Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада

Г) Анасы балам десе, баласы анам дей ме екен

ІV. « Ой қозғау» әдісі арқылы әр топ қарсы топтың бейнебаяны жайлы өз ойларын бөліседі. (5 мин.)
V. Қорытындылау (3 мин.)
Бойымыздағы жағымсыз деген қасиеттерді таратылған стикерлерге құпия түрде іліп, оқытушының басшылығымен жағымсыз қасиеттер оқылады.

VI. Үй тапсырма(2 мин.)
Келесі сабаққа дейін жоғарыда көрсетілген жағымсыз қасиеттерді болдырмаудың жолдарын тауып, талқылаймыз.
VII. Түйін (5 мин)
Студенттер, біз бүгінгі сабағымызда адамгершілік тәрбиесі жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып, айналаңыздағы адамдармен қарапайым қарым-қатынаста болсақ, бұл сіздің адамгершілігіңіздің биіктігін көрсетеді. Ал, адам – ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
VIIІ. Бағалау (фишкалар ын есептеп, бағалау) Тәрбие.орг сайтынан Адамгершілік тәрбиесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жансая Муратовна

Пікірлер: 0

avatar