" Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет "атты мерекелік кеш

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 561
  • Авторлық бағдарлама
  • 06/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19605


8 наурыз мерекесіне арналған" Адамзаттың асылы-Ана деген
құдірет "атты мерекелік кештің сценариі

Бүлдіршіндердің "Гүлдер"биі
Фанфар ойналады.
1-жүргізуші: Қайырлы күн! аса қадірменді арулар! Ардақты аналар!гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре аламба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің
Ана – бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың қадірі сонда, ол мейіріміне ақы сұрамайтын жалғыз жан, әрдайым бала дегенде елжіреп, соның ғана тілеуін күні-түні тілеп отыратын асыл адам.
2-Жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
1-жүргізуші: Дүниедегі ең жауһар қазыналар да, асып-тасыған байлық та ананың ақ жүрегіне жетпейді. Тоғыз ай толғатып, өмір бойы баласына махаббатын төгіп өтетін анадан асқан жан бар ма? Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Олай болса, осы әлемдегі ең аяулы жандарға арналған « Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет " атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
2-жүрг. Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанат Убайдуллақызына және мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Сауле Қалжанқызына береміз.
Музыкалық номер:М. Асылжанның орындауындағы "Ана жылуы"әсем әні сіздерге арналады.
1-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
2-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда
8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _9 "Ә" сынып оқушысы Арайлымды әсем әнімен сахна төріне шақырамыз.
2-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. Жас ұландар ортаға шығады.

1-Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.

Музыкалық номер "Мама" биі

2- Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.
Музыкалық номер: Кеңес Әлішер мен Нұржанқызы Асылайдың әсем әнін қабыл алыңыздар
Рахмет
1-жүргізуші: Келесі кезекте мектебіміздің ер мұғалімдерің өздеріңізге арнаған мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.
Назеркенін орындауында бір ән бар
2-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
1-жүргізуші:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақ сүтіңді ақтап өтем асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
2-жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары--деп кезекті байсалды да байыпты мектебіміздің мақтаныштары облыстық, қалалық "Жайдарманшылардың"жүлдегерлері "Алаш жастары"КВН командасының өнерін қабыл алыңыздар.

Рахмет жігіттер.
3-жүргізуші:,
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
Музыкалық номер: 4 "В" сынып оқушысы Шазынды Еркенің орындауындағы "Асыл әжем" әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Музыкалық номер: 9 "Ә"сынып оқушысы Пірман Бекзаттың орындауындағы "Ана туралы жыр" әні сіздердің құрметтеріңізге орындалады қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
1-жүргізуші:Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын! бүгінгі" Адамзаттың асылы-Ана деген " атты шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Сау болыңыздар! хормен айтылады. Салют атылады. Тәрбие.орг сайтынан " Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет "атты мерекелік кеш Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шолпан Куздибаева

Пікірлер: 0

avatar