«Аяулы күз, алтын күз!» - сценарииі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 33
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23399


Тақырыбы: «Аяулы күз, алтын күз!» -сценарииі
Мақсаты: Балабақшада өткізіліп жатқан «Аяулы күз, алтын күз!» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенің балалардың санасына жеткізу. Күз туралы әндер, тақпақтар айтқызып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Алтын күз!» әнінің орындалуымен балаларға залға кіреді.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын-дегендей бүгінгі «Аяулы күз, алтын күз!» - атты ортаңғы топ бүлдіршіндерінің мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
-Балалар,ертеңгілікті бастамас бұрын,мен сендердің бүгінгі мерекеге қаншалықты дайын екендеріңді тексеріп өтейін.

Біз қандай мерекені қарсы аламыз?
-Күз мерекесін
-Какой праздник мы встречаем?
-Мы встречаем осенний праздник.
-What holiday do we meet?
- we meet autumn holiday
-Жарайсыңдар,балалар.Сендер мерекені қарсы алуға дайын екенсіңдер,
ендеше бүгінгі мерекені қызықты да көңілді өткізу үшін күз ханшайымын қарсы алайық.
Музыкалық әуен ойнап тұрады. Ортаға «Күз ханшайымы» келеді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балақайларым.Мен сендерді көріп тұрғаныма, өте қуаныштымын.
Жүргізуші:-Балалар күз ханшайымы біздің мерекелік шарамызға жалғыз келмей,конақтарымен бірге келіпті.Бұл қонақтар күз мезгілінің айлары. ------ күз ханшайымы:
-Балалар,сендер менің қонақтарым жайлы не білесіңдер?
Айлар қалай аталады?
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Как называются месяцы?
-Сентябрь,октябрь,ноябрь.
-What are the names of months?
-September, October and November
Күз ханшайымы:-Қандай керемет!
-Дұрыс айтасыңдар,сендердің алдарында күз мезгілінің айлары,олар сендерге өздерің таныстырып өтсін.

Қыркүйек айы: Менің атым – Қыркүйек!
Күздің бірінші айымын.
Байлықтың, барлықтың айымын.

Қазан айы: Менің атым – Қазан.
Жиын - терімнің соңғы айымын.
Еңбекқор елді той - думанға кенелтемін.
Қараша айы: Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын.
Күннің суып. Қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы біздің балалар сізге арнап өздерінің жан –жақты өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.
Күз ханшайымы:
Әрине, балалар, мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.
1.Алтын,сары,қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақтар күлімдеп
Көз тартады жалтырап (Алихан Қ)
2. Снова осень, снова птицы
В тёплый край лететь спешат,
И опять осенний праздник
К нам приходит в детский сад! (Жанерке)
3. In Oktober
Dark comes soon
We turn on the lights
In the afternoon (Айданбек)
Ән: «Апорт деген тәтті алма»
Күз ханшайымы:-Балалар, сендердің өнерлеріңді көрдім жарайсыңдар.
Енді мен де өз өнерімді көрсетсем деймін.
Би:«Разноцветные листья»»
Жүргізуші:
Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз картоп,қиярмен
Қып-қызыл піскен қызанақ
Көкөністерге қарашы
Жиыла қалып дауласты.
Көкөністер айтысы
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз? (Айсезім)

Қызанақ: Мен өте дәмдімін, адамдардың денсаулығына пайдалымын.
Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырын ішпеген? (Сабина)
Қияр: Сен неге қып-қызыл болып мақтанып тұрсың? Менің де адам денсаулығына пайдам көп.
Сопақша көк өнім бар,
Пайдалы мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жинайсың,
Менің атым қиярмын. (Алихан С)
Картоп:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендермен балалар!
Бос айтысты қояйық, дауласуды тоқтатайық. (Абдрахман)
Пияз: Егер картоп өзін-өзі пайдалымын, бәріне қажетпін десе онда менде мақтанайын. Босқа қарап тұрамын ба!
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға. (Аяулым)
Сәбіз: Мен де де бар дәрумен, салатқа да қосады, тағамға да қосады.
Сары дәмді, ұзынмын,
Жер астына тығылдым.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан. (Василий)
Күз ханшайымы:Барлығыңда дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметке,
Дастарханның сәнісіңдер.
Көкөністердің бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер, оларды жақсы көріңдер!
-Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр,сендер ойын ойнауға дайынсыңдар ма?
Ойын: «Саңырауқұлақ»
Би: «Тучка»
1.Ах, какое это чудо:
Лес осенний золотой.
И слетают отовсюду
Листья пестрою гурьбой (Іңкәр)
2. Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді. (Ислам)
3. Boun,boun
Yellou and broun
The leaves are falling
Over the tounАяулым
Күз ханшайымы:
Енді мен бүгінгі мерекені тамашалап отырған қонақтармен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнауға қонақтарымыздың ішінен кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырамын.
Ойын:«Ойлан тап»
Күз ханшайымы:
Байлығымды жинадым,
Барымды мен сыйладым.
Алға бастар жолым бар,
Аман –есен болыңдар
Жүргізуші:Осымен құрметті қонақтар,ата-аналар «Аяулы күз, алтын күз!» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқталды.. Тәрбие.орг сайтынан «Аяулы күз, алтын күз!» - сценарииі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Насиева Ф.Х

«Балауса»санаторлық бөбекжай балабақшасы

Пікірлер: 0

avatar