Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Алғашқы медициналық көмек көрсету
  • 19.04.2016
  • 1248 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18706

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (25.2Kb)

Алғашқы медициналық көмек көрсету
Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
молекулалық биология және
медициналық генетика пәнінің мұғалімі
Айтимова Нұрсұлу Жомартқызы

Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне
қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу
мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс.
Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау
(яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады.
Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәндіктердің уымен улану т.б.
Бірінші кезеңде зардап шегуші ес-түсінен айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі бозарады, суық тер басады, сұраққа дұрыс жауап бере алмайды тамырының соғуы жиі және әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу процесстары организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.
Екінші кезеңде – зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп-сүық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді, соққаны өте әлсіз, демі үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу процесстар нашарлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды.
Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.
Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек. Реанимациялық шаралардың мақсаты – жүрек және тыныс алу,сонымен қатар ми функцияларын қалпына келтіру.Сондықтан реанимациялық шаралар жүрек-өкпе-ми реанимациясы деп те аталады.Алайда жүрек–өкпе реанимациясы деген түсінік дұрыс болады,себебі ми қыртысының қалпына келуі,тек қанайналымы мен тынысы қалпына келгенде ғана орын алады.
Реанимация деген сөз латынның reanimatio – тірілту деген сөзінен шыққан,ол организмнің өмірге маңызды функциясын қалпына келтіруге бағытталған,терминальды жағдай мен клиникалық өлімде орындалатын шаралар жиынтығы.
Жүрек және өкпенің қызметі тоқтағанда организмдегі заттек алмасу күрт төмендейді,алайда анаэробты гликолиз механизмінің арқасында ол толық тоқтамайды.Сондықтан клиникалық өлім қайтымды жағдай,ал оның ұзақтығы қанайналымы мен тынысы толық тоқтаған жағдайда ми қыртысының өмір сүру уақытымен анықталады.Солай бола тұрса да клиникалықөлімнің қайтымдылығы тиімді жасалған реанимациялық шараларда ғана мүмкін.
Гипоксияға ми жасушалары сезімтал болғандықтан терминальды,агония алдындағы жағдайда науқас есін жоғалтады,содан кейін гипоксия өршіген сайын көз қарашығы кеңейеді,қасаң ұабықтың (раговица) рефлексі жойылады,қантамырды қозғаушы және тыныс алу орталықтары күйрейді.Ми қыртысының жасушалары қанайналымы болмаған жағдайда 3-5 минуттан кейін өледі.
Жүрек-өкпе реанимациясы.
Әдеби жазбалардан дүниежүзінде реаниматологиялық шаралар АВС-алгоритмі бойынша орындалатынын көруге болады.АВС ережесін 1983 жылы П.Сафар әзірлеген,онда аргонихмді біртіндеп тіріліту кезеңдері көрсетілген,енді соған тоқталып көрелік.
Жалпы АВС – алгоритміне жатады:
• Airway – тыныс жолдары өткізгіштігінің қалыпқа келуі;
• Breathing – тыныстың қалыпқа келуі:
• Circulation – Airway,тыныс жолдары өткізгіштігінің.
Тыныс жолдарының бұзылуы орын алады.
• науқас есінен таңганда,көмекейдің артқы қабырғасына қарай тілдің іғісуында (заподение);
• ауыз қуысында қан,сілекей,құсықтың жиналуында;
• тыныс жолдарының (жоғарғы) ісінуінде,бөгде болуында.
Тыныс алу жолдарының жартылай бітелуі де өмірге қауіпті.Әсіресе осы кезде науқастың басын биік жастыққа орналастыру – өлімнің басты себебі болуы мүмкін.
Тыныс алу өткізгіштігін қалпына келтіру үшін науқасты тегіс,қатты жерге жатқызып,Сафардың үштік әдісін жасауға кіріседі: жағдайда есін жоғалтқан зардап шегушілерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі қалпына келеді,оның басты себебі көмекеймен төменгі жақтың арасындағы тіндер созылады,тілдің түбі алға қарай жылжуы болып табылады.Егер зардап шегушінің мойын омыртқалары зақымданса,осындай амалды орындаудан бас тарту керек.
1) Зардап шегушінің басын барынша шайқалту.
2) Төменгі жақты алға қарай жылжыту.Ауыз қуысында және жұтканшақта қан,сілекей,құсық болса оны саусақпен шұғыл түрде тазалайды.Осы амалды орындаған кезде зардап шегушінің басын бір жағына қарай бұрады.
Жоғарыдағы амалдарды жасауға бір минуттан аз уақыт жұмсалады.
Осыдан кейін келесі В кезеңге көшеді – breathing,тыныс алудың қалыпқа келуі;
Егер тыныс алу жолдары ашық болса және үрлегенде ауа өкпеге енсе,өкпені жасанды желдетуді бастайды.Ал егер үрлегенде өкпеге ауа өтпесе,тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуын болжау керек.Осы кезде орындалады:
1) Сұқ саусақпен немесе 2-3 саусақтарды жұтқыншаққа енгізіп,бөгде затты алып тастауға тырысады (саусақты пинцет тәрізді ұстау керек);
2) Ессіз жатқан зардап шегушіні бір жанына жатқызып,екі жауырыны ортасынан алақанның проксимальдық бөлігімен 4-5 рет қатты соғады немесе зардап шегушіні шалқасынан жатқызып,іштің жоғарғы бөлігін екі қолмен итеру (толчок) арқылы басады (бұл Хайлик амалы).
Кейінгі екі амал тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылатып,бөгде затты «итеріп шығарады».
Егер науқастың есі сақталса,осы екі амалды тік тұрған қалпында орындайды.
S – тәрізді ауа өткізгіш түтікті орнату тіл түбін тұрақтайды,оның обтобтурациясын болдырмайды.Түтікті білік өсі бойымен бұрай отырып енгізеді,түтік болған кезде реанимациялық шаралар тиімді орындалады.
Егер тыныс алу жолдарын қалпына келтіргеннен кейін зпрдап шегушінің тыныс алуы байқалмаса,экспираторлық әдіспен – «ауыздан-ауызға» немесе «ауыздан-мұрынға» амалдары арқылы өкпені жасанды желдетуге (ӨЖЖ) көшу керек.
Құтқарушы өз қауіпсіздігі үшін масканы немесе қол орамалын қолдануға болады.Құтқарушы ауаны өзіне терең тартып,науқастың мұрның екі саусағымен жапқан соң,өз ернімен зардап шегушінің ауызын тығыз жабады да ауаны оның өкпесіне үрлейді.
Жасанды желдету кезінде науқастың кеудесі көтеріледі,содан кейін пассивті (енжарлы) төмен түседі,минуттағы жасанды желдету жиілгі зардап шегушілердің жасына байланысты,бір жасқа дейінгі балаларды 40-35 рет,2-4 жастағы балаларда 100-110 рет,4-8 балаларда 36-24 ре,8 жастан үлкен балалар мен ересектерде 24-30 рет.
«Ауыздан-мұрынға» амалымен жасанды желдету әдісі зардап шегуші ауызын аша алмағанда (ауыз қуысының жарақатында) орындалады.Осы кезде зардап шегушінің ауызы тығыз жабылған,түбір құтқарушы ерінімен зардап шегушінің мұрның қамтып түбір тыныс береді.Алайда оның тиімділігі біршама төмен.Ол амал жаңа тұған нәрестелерде қолданылмайды.
Дәрігерлік көмек кезінде ӨЖЖ Амбу қапшығы қолданылады.Амбу қапшағын қолданғанда ӨЖЖ физиологиялық негізін жақсартады,себебі өкпеге өттегімен қаныққан атмосфера ауасы үрленеді.Сонымен қатар ол гигияналық тұрғында ұтымды.Қапшықтың маскасын бетке орналастыру үшін дәрігер үлкен саусағымен мұрнының аймағына,сұқ саусағын иегіне орналастырады ал қалған саусақтарымен төменгі иекті жоғары қарай тартады (зардап шегушінің ауызын маскамен толық тығыз жабу үшін).
С кезеңі – circulation,қанайналымын қалпына келтіру (жүрек реанимациясы).
Зардап шегушінің ұйқы жіне сан артериясында пульсация анықталмаса,шұгыл түрде жүрекке жасанды массаж жасауға кірісу керек.
Жүрекке жабық массажды орындау тәртібі:
• Зардап шегушінің шалқасынан қатты жерге жатқызады (жерге немесе тақтайға);
• Құтқарушы бір алақаның негізін екінші алақанын үстіне қойып тқстін семсер тәрізді өскінінен екі елі жоғары жерде орналастырады.Кеудеге саусақтарды тигізбеу үшін саусақтарды барынша жазу керек;
• Білекті тік ұстап денемен қималдауға талпынады,шынтақ буынын бүкпеуге тырысу керек;
• Кеудені тік бағытта басып төсті 4-5 см-ге төмен қарай ығыстырған жеткілікті,содан кейін қолды кеудеден алмай босатады;
• Ересектерде кеудені босудың жиілігі 1 минутта 80-100 болу керек.
Жүрек төс пен омыртқа жотасы арасында қысылып,қан жүректің қарыншаларынан аорта мен өкпе артериясына қарай айдалады.Жүрек камералары қанға енжарлы (пассивті) толады.Массаждың нәтижесі перефириядағы тамырларда пульстің пайда болумен бағаланады.
Жүрекке жабық массаж барысында қабырғалар мен төстің сынуы,кейде өкпе тінің жарақаттануы,гемопневматоракс орын алуы мүмкін.Оны кеуде қабырғаларының майычқақ қасиеті төмен,егде жастағы адамдарда байқалады.Алайда осындай асқынулар жүрек реанимациясы кері кқрсетілім бола алмайды.
Реанимация шараларын екі адам орындағанда оның тиімділігі артады,осы мақсатта бірі жүрекке массаж жазаса,екіншісі өкпеге жасанды желдетуді жүргізеді,массаж бен ӨЖЖ қатнасы 5:1 болу керек.
Егер бір адам көмек көрсетсе онда желдету жылдамдығы мен массаж қатынасы 2/15 болады (2 тыныс беру 15 интервал жасау).
Реанимациялық шаралардың тиімділігі көз қарашығының тарылуы және оның жарыққа реакциясы пайда болумен бағаланады.Жүрек функциясының қалпына келуін ұйқы және сан артериясында пульстің пайда болумен анықтайды.
Реанимация жетістіктері науқастарды динамикада бақылауды қажет етеді,себебі кейбір жағдайда клиникалық өлім қайталауы мүмкін.
Егер 30-40 минутта көз қарашығы кең,науқастың тынысы анықталмай және жүрек қызметі қалпына келмесе реанимациялық шараларды тоқтатады.
1 жастан 8 жасқа дейінгі балалардағы жүрек-өкпе реанимациясы
Егер бала есін жоғалтса,тынысы анықталмаса және иық артериясында пульсы анықталмаса (балаларда ұйқы және сан артерияларында пульсті анықтамайды,ол иықтың ішкі жағынан анықталады) бірден жүрек-өкпе реанимациясын орындауға кіріседі,ол үшін:
• Баланы қатты жерге жатқызады;
• Басын артқа қарай шалқайтып,тыныс алу жолдарын ашады;
• Жүрекке массажды бір қолдың алақанымен жасайды;
• Массаж кезінде баланың төсі 2-3 см ығысуы жеткілікті;
• 1 минутта 100-120 қимыл жасалады;
• Тыныс беру мен массаждың қатынасы минутына 1/5 орындалады.
Нәрестеге жүрек-өкпе реанимациясы орындау ерекшелігі:
• 1жасқа дейінгі балада массаж сұқ және ортаңғы саусақтармен жасалады;
• Массаж кезінде төс 1,5 см төмен ығысу керек;
• Пульсті иық артериясынан анықтайды.
Егер жүрек-өкпе реанимациясы нәтижесі болса,кеуде құрсағын көтеріп,тыныс жолдарына бөгет жасаған бөгде заттарды іздейді.Ол үшін келесі әдістер белгілі:
1) Реаниматор нәрестенің басы мен мойынын ұстап,басын төмен қарай салбыратып,баланы өз тізесіне жатқызады.
2) Нәрестенің басын төмен қаратып денесінен немесе аяғынан ұстап сілкейді.
Ауру адамның қан айналысын қалпына келтіріп, тыныс алуын қолдан қамтамасыз ету оның жүрегінің өз бетінше соғуы мен тыныс алуын қалпына келтірмегеннің өзінде де, клиникалық өлім күйін ұзартып, биологиялық өлім күйіне жібермеуге, сөйтіп жедел жәрдем бригадаларының дер кезінде тиімді әрекет жасауына мүмкіндік береді.


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г.
2. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г.
3. Секреты неотложной помощи. П. Э. Парсонз, Дж. П. Винер-Крониш. Москва, «МЕДпресс-информ», 2006 г.
4. Легочно-сердечная и мозговая реанимация. Ф.Р. Ахмеров и др. Казань, 2002 г.
5. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
6. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
7. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
8. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012. Тәрбие.орг сайтынан Алғашқы медициналық көмек көрсету Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтимова Нұрсұлу Жомартқызы

Қызылорда облысы, "Болашақ" медициналық колледжі Молекулалық биология және медициналық генетика пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 1248 | Жүктеулер: 8
Барлық пікірлер: 0
avatar