«Алғыр математик» білім сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 610
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18305


Сабақтың тақырыбы: «Алғыр математик» білім сайысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, оқушының ой – өрісін кеңейту, өткен тараулар бойынша білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сұрақтар, музыка.
Барысы: 1) ұйымдастыру кезеңі
2) сайысқа қатысушылармен таныстыру
Мұғалім: Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Мектебімізде болашағына үлкен үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылардың қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 – тур. «Бәйге». Бұл кезеңде сайыскерлеріміз «П» және «С» әріптерімен басталатын математикалық атауларға қол көтеру арқылы жауап беру тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
«П» әріпімен басталатын математикалық атаулар.
1.Геометриялық жазықтағы денелерді зерттейтін бөлім. (планиметрия)
2.Жазықтағы қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
3.Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. (перпендикуляр)
4. Төртбұрыштың бір түрі. (параллелограмм)
5. Санның жүздің бір бөлігі. (процент)
6. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
7. тікбұрышты ұшбұрыш туралы теорема кімнің атымен аталады. (пифагор)
8. Көпжақтың түрлері (призма, пирамида, паралилипипед)
«С» әріпімен басталатын математикалық атаулар.
1.Геометрияның кеңістіктегі денелерді зерттейтін бөлімі. ( стереометрия)
2.Бұрыштың түрлері. ( Сүйір)
3.Тригонометриялық функция. ( синус )
4.Геометриялық терминдер. ( сектор, сегмент, сәуле )
5.Тригонометриялық функцияның графигі. ( синусоида )
6.Бұрыштың шамасына байланысты түрі. ( сыбайлас, сүйір )
7.Көпмүшенің қалыпты түрі. ( стандарт )
8.Сызықтың түрі. ( сынық сызық )
2 – тур. «Логикалық есептер». Сайыскерлеріміздің логикалық ойлау қабілетін байқау.
1.Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын қай күн келеді? ( Сейсенбі, Бейсенбі )
2.Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды әрлі – берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер )
3.Түнгі сағат 12 – де жаңбыр жауып тұрды. 72 сағаттан кейін күн көруге болады ма? ( Жоқ 72 сағат - 3 сөтке )
4.Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық әдемі фигура.Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не? (дөңгелек)
3 – тур. «Кім тапқыр» ойыны. Берілген ғажайып үштіктегі сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беру.
1. «Математика-ғылымдардың патшасы» авторы кім? (Карл Гаусс)
2. (a+b)²=a²+2ab+b² (Екі өрнектің қосындысының квадраты)
3. Қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болып келген төртбұрышты не деп атайды? (трапеция)
4. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына 100 өгіз сойып, құрбан еткен кім? (Пифагор)
5. x²-6x+8=0 теңдеуінің түбірлерін айтып бер (x1=2 , x2=4)
6. Түбірден тек қана қандай сандар шығады? (Оң сандар)
4 – тур. «Адасқан әріптер». Мұнда әріптерді өз орындарына дұрыс қою арқылы математикалық терминдерді шығару.
АНРТГЕЛИ ИНТЕГРАЛ
ЛИРОГМАФ ЛОГАРИФМ
НИТРОИМЕОТЯРГ ТРИГОНОМЕТРИЯ
СЕТІКЗҢД ТЕҢСІЗДІК
ФАРИГК ГРАФИК
5 – тур. «Жаңылмаймын» ойыны. Мұнда сайыскерлер 1 – ден 20 – ға дейінгі сандарды атап, соның ішінде 2 – ге бөлінетін сандардың орнына «жаңылмаймын» деген сөзді айту керек. Кім тез, әрі дұрыс айтып шықса, сол оқушы жеңімпаз болады.
6 – тур. «Кім ұшқыр» сайысы. Қалған екі сайыскерімізге 10 сұрақтан беріледі. Сұраққа тез, әрі дұрыс жауап беру керек. Сайыскердің жылдамдығына, жауаптың дұрыстығына байланысты әрбір сұрақ 10 ұпайдан бағаланады.
1. Бағытталған кесінді (вектор)
2. Ең кіші жай сан (2)
3. 30° - тық бұрыштың тангенсінің мәні (√3/3)
4. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (жанама)
5. 1 радиан неше градусқа тең? (57,3°)
6. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180°)
7. Ромбтың ауданы (диагональдарының көбейтіндісінің жартысы)
8. Центрі координаттық жазықтықтың бас нүктесінде жатқан шеңбердің теңдеуі (x^2+у²=r²)
9. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі (Рене Декарт)
10. 300-ден 25 проценті (75)
11. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
12. Ең кіші натурал сан (1)
13. 60 градустық бұрыштың тангенсі (√3 )
14. Үшбұрыштың пропорционал қабырғаларының атауы (ұйқас)
15. Қай ширекте косинус пен синустың таңбалары бірдей? (І және ІV)
16. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
17. Соs2α неге тең? (соs²α−sin²α)
18. Үшбұрыштың қабырғасына параллель және оның жартысына тең болатын не? (оның орта сызығы)
19. Квадраттық функцияның графигі (парабола)
20. Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы (Евклид)
Қорытынды: Жеңімпаздарды марапаттау.
Мұғалім: Көрермен жиналған тамашаға,
Құр қарап отыру жараса ма!
Туыс, досқа, кластас, танысқа емес
Соқ қолыңды бүгінгі жеңімпазға! – дей келіп бүгінгі ойынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы
Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 орта мектеп.
Жидекеш Роза Айзуллақызы
Математика пәнінің мұғалімі. Тәрбие.орг сайтынан «Алғыр математик» білім сайысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жидекеш Роза Айзуллақызы

Пікірлер: 0

avatar