Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Алоэның сұлулық әлеміндегі және емдік шараларындағы орны»
  • 10.01.2017
  • 43 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20907

Алматы қаласы
Алатау ауданы
Қарасу ықшам ауданы
№179жалпы білім беретін мектеп

Оқушының аты-жөні: Оразбекова Әсел
Cыныбы: 9 «Ә»
Тақырыбы: «Алоэның сұлулық әлеміндегі және емдік шараларындағы орны»
Бағыты:Биологиялық және медициналық ғылымдар саласында.
XI. Топырақ ресурстары және биологиялық түрлілікті балансты
қолдану мен сақтау мәселелері.
Секция:Биология

Ғылыми жетекшісі:Биология пән мұғалімі
Турлашева Алина Маратовна

Алматы 2016 жыл

АҢДАТПА
Өсімдік-табиғат қазынасы,халық байлығы. Бұл зерттеу жұмыста алоэ туралы мәлімет жəне оны қалай қолдану аясы туралы жан-жақты мағлұмат берген. Оқушы осы зерттеу жұмысында ізденген мәліметтерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетімен тығыз байланыста болып, өз күнделігіне толықтырып бекітіп отырған.Алоэның құрлысы және сипаттамасына алоэның тарихы,шыққан отаны,құрлысы, өсу, көбею, таралу,гүлденуі,қолдану, қасиеттері мен жинау уақытына тоқталды. Алоэның емдік қасиетіне дәрігер Диокмид,академик В.П.Филатовтың пікірлерін,ішкі ағзаға асқазан,рак жасушаларына әсерін және сыртқы ағзаға көз,тері ауруларына әсерін зерттеп қарастырған. Алоэнің нәзік жандыларға көмегіне химиялық қоспалы өнімдерге қарағанда табиғи өнімнің ішкі және сыртқы ағзаларға тиімді жолыдарын ашуға атсалысты. Алоэның шырынынының құрамындағы ферменттер мен дәрумендерді қарастырды.Алоэның кері әсер ететін ауруларына тоқталған. Алоэ туралы тың мәліметтер жазған,қорыта келегенде алоэнің нәзік жандыларға көмегіне ретінде мезгіл күнтізбесін жасап, алоэдан шашқа арналған маска,бетке арналған маска,сусабын,тұнба,далап,шырын жасап,жасалған бұйымдарды пайдаланып көру жұмыстың өзектілігін ашты. Алоэнің өзінен де қаншама дəрі-дəрмек,өндірістік бұйымдар жасап,оны өз қажетімізге пайдалануы туралы мәлімет берген. Бұл зерттеу жұмысында оқушы тақырыбын ашып,жақсы зертеген.
Зерттеу жұмыстың кіріспе бөлімінде Қазақстандағы дəрілік өсімдіктер туралы мəлімет берген. (6-бет)
Зерттеу жұмыстың негізгі бөлімінде алоэ туралы толық мағлұмат берген.(7-19-бет)
Зерттеу жұмыстың қорытынды бөлімінде өзі алоэдан жасаған өндірістік жəне емдік қасиеті бар заттардың кім,қашан,қанша пайдаланғаны жəне қандай пайда бергені туралы жазған. (20-25-бет)

Зерттеудің жұмысының мақсаты:
Алоэның емдік қасиеті бар түсіндіру. Сондай-ақ нəзік жандыларға арналған пайдалы бұйымдар жасауға болатынын түсіндіру.Алоэ туралы мəліметтерді ата-анама,əріптестеріменасихаттау.
Зерттеудің жұмысының міндеті:
Алоэдан қайталанды,бетке маска,шашқа маска,шырынын,далапты жасап шығару. Жасалған бұйымдарды пайдаланып,пайдасын тигізуде зерттеу.
Зерттеудің негізгі болжамы:
Алоэ өсімдгінізерттеп,оның қасиеттерін ашу.Оның халқымыздың пайдасына асуына ат салысу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Сипаттау,сауалнама жүргізу,кітаптардан ізденіс,Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетпен байланыс,тәжірбиені үй жағдайында жасап,пікір алмасу арқылы қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі:
Дүние жүзінде жəне үйде өсірілетін алоэның түрлері.
Зерттеудің жаңалығы:
Алоэның емдік қасиетін ұғынып,ол арқылы арулардың алдын алуға болатындығы.Алоэданжасалған нəзік жандыларға арналғар заттар жасауға болатындығы.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Ғылыми жобны кіріспеден бастап,негізгі бөліммен жалғастырып,қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімімен аяқтау.

МАЗМҰНЫ

I Кіріспе бөлім-----------------------------------------------------------------------8-9бет
II Негізі бөлім--------------------------------------------------------------------10-21бет
А)Алоэның құрлысы және сипаттамасы.
Ә)Алоэның емдік қасиеті.
Б)Алоэнің нәзік жандыларға көмегі
В)Алоэның шырынының құрамы.
Г)Алоэның кері әсер ететін аурулары.
III Қорытынды------------------------------------------------------------------23-24бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі-----------------------------------------------25бет


Кіріспе

«Алоэның сұлулық әлеміндегі және емдік шараларындағы орны» тақырыбын таңдап,бөлме гүлі алоэның емдік қасиеттерін зерттеу барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің жаратылыстану және география институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов, жаратылыстану және география институтының профессорлары Қ.Л.Мусаев, К.И.Шалабаев,Д.С.Мэлскқызы, Н.С.Жусупбековамен тығыз байланыста болып, кітапханасы мен лабороториясын зерттеу ісімізді жүргіздік.Кітапханасында ғаламтор желісінің сайттарынан алоэның тарихын,емдік қасиетін, шыққан отанын,құрлысын, өсуін, көбеюін, таралуын,гүлденуін,қолдануылуын, қасиеттері мен жинау уақыты туралы мәлімет алдым.

1-сурет.Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетпен байланыс.
Жаратылыстану және география институтының профессоры Қ.Л.Мусаев К.И.Шалабаев,Д.С.Мэлскқызы,Н.С.Жусупбекованың ақыл-кеңесінің арқасында ғылыми жобама кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерін бірге қарастырдық.

2-3сурет.Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің бізге дәріс беруі
Негізгі бөлімге алоэның құрлысын және сипаттамасын кітапхана және ғаламтор желісінен іздене отырып,көптеген елдерде бөлме өсімдігі ретінде таралғанын байқалынды. Американың Аризона штатыны Феникс қаласында алоэ көп тараған. Алоэның емдік қасиетін зерттей отырып оның асқазан,тыныс алу жолдары,көз,сыртқы күйіктерге өз пайдасын береді. Емдік қасиетін үй жағдайында да байқауға болады. Дәріханадан химиялық қоспасы бар заттарды ауруыңызға ем еткенше,алоэдан үйде табиғи өнімді пайдаланғаныңыз шипалы,тиімді болады. Алоэның нәзік жандыларға көмегін зерттей отырып, әйел заты сұлуланып,келбетті болып жүруіне көмектеседі. Үй жағдайында маскаларды оңай жасап алуға болады. Үй жағдайында косметикалық бұйымдар жасау тиімді әрі оңай. Алоэның шырынының құрамын зерттей отырып оңың құрамындағы ферменттер мен дәрумендерді анықтадым. Олардың пайдасы мен әсері байқалды. Алоэның кері әсер ететін аурулары қарастырылды.
Ғылыми жобаны бір жарым жыл қарастыра келе далап,сусабын,шашқа арналған маска,бетке арналған маска,тұнба,шырының пайдасы мен жасалуы қарастырылды. Әйел затының сөмкесінде жүретін ең маңызды бұйым-далап. Көбінесе еріннің жарылып құрғауына және ауа-райының күрт өзгеруіненін зақымданған ерін терісін қалпына келтіруге пайдаланылады. Алоэ далап-әйел затының пайдалы серігі.Алоэ далабын ерінге жаққанда 2 күнде әсер етіп,4-ші күні толық жазады.Алоэ маскасы шаштың түсуін азайтады. Шаш түбін қатайтады. Алоэ маскасының нәзік жандыларға көп көмегі тиеді. Алоэ маскасы шашқа жарты айда пайдасын беріп,1 айда толық әсерін береді. Алоэ маскасы бетке арналған маска бет терісінің құрғап,жарылып кеткен кезінде қоданылады. Бет терісін жұмсартып,нәрлендіреді. Алоэ маскасы 1 жарым айда әсерін бергенАлоэ шырыны асқазан,ішек жолдарын тазартуда қолданылады. Алоэ шырынын қолданған адамның тәбеті ашылады,асқазанның шырылдауы басылады. Алоэ шырыны емдік мақсатта қолданылады.Алоэ шырыны 2 айда әсерін бере бастайды.Алоэ тұнбасы тұмау болғанда қолданылады. Алоэ тұнбасы тыныс алу жолдарын ашады,еркін тыныс алуға көмектеседі.Алоэ тұнбасы 3аптада әсерін береді. Алоэ сусабыны шаш түсуін азайту үшін,шашты жылтырату үшін қолданылады.Алоэ сусабыны шашты жылтыратады,шаштың түбін қатайтады.Алоэ сусабыны емдік және сұлулық мақсатында қолданылады. Алоэ сусабыны жарты айда пайдасын бере бастайды. Химиялық қоспасы бар заттарға қарағанда бұл табиғи өнімдердің пайдасы көп екені анық. Себебі сатып алатын заттар құрамында адам ағзасы қабылдай алмайтын қосылыстар көп болады. Пластикалық ыдысқа қарағанда әйнек ыдыста сұйықтық немесе қоймалжың затты сақтау үнемді болады. Себебі ферменттер мен дәрумендер әйнек ыдыста ұзақ сақталады.
Негізгі бөлім
Дәрілік өсімдіктер (лат.Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатынөсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майларымен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктер болып табылады.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Соның ішінде бүгінгі менің ғылыми жобама арқау болған өсімдік-алоэ.

Алоэның құрылысы және сипаттамасы
Сонау есте жок ерте замандарда адамзат баласы дəрі-дәрмек деген дүниені мүлдем білмейтін . Сондықтан олар табиғи шөптен жасалған дүниелерді пайдаланған. Олар сыртқаттарынан айығу үшін халықтық амал- тәсілдерін қолданған. Сол себепті қазіргі тандада да дәрілік шөптер маңызын жоймай келеді. Дəрілік шөптер адам ағзасына ине мен дəрі-дəрмекке қарағанда зиянсыз келеді. Себебі,таблеткалар құрамында адам ағзасы қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін.

Алоэ гүліне ғылыми топтастыру
Дүнтесі:Өсімдік
Бөлімі:Гүлді өсімдікер
Класы:Дара жарнақтылар
Тұқымдасы:Лалагүлділер(шарыштылар,асфедолофтар)
Туысы:Түрі:Алоэ

4-сурет.Жетекшімнен алоэ туралы мәлімет алдым.
Алоэ(латынша Aloe)-шарыштар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта,кейде шырмауық түріндеігі мәңгі жасыл ,қауаңшылыққа төзімді өсімдік.Тропиктік,субтропиктік жерлерде кездеседі.Тропиктік елдерге- Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы,Орталық және Оңтүстік Америка,Африканың және Афстралияның шығысы жатады.Субтропиктікелдерге- Бразилия таулы үстүртінің оңтүстігі,Оңтүстік- шығыс Африка,Жаңа Зеландияның солтүстігі жатады. Биіктігі 7-12 м-дей,сабағы жуан, жапырағы шырынды,етті,тікенді болып келеді.Қызыл,қызғылт-сары,сарғылт,гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді,құстар арқылы тозаңданады.Тұқымынан өсімді жолмен де көбейеді.Алоэның жапырағының құрамында глюкозид,эфир майы бар.Сондықтан алоэ шырыны көптеген арулардың алдын алуға көмектеседі.Қазақстанда ағаш тәрізді алоэ (aloe arborescens) қолдан өсіріледі.Дәрілік шөптердің бірі- алоэ гүлі.Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Жəне оның əрбірінің өзіндік қасиеті бар. Мәселен,бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы əсер береді,ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұрады. Алоэ — суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Алоэ сөзі араб тілінен шыққан. Мағынасы ”ащы” дегенсөзді білдіреді. Сондай-ақ, емдікқасиетіне байланысты ”Үй гүлдерінің королі” деген де балама атқа ие.Алоэнің етті, семсер тәріздес жасыл, жалпақ әрі жуан жапырақтары бар. Жапырақтарыгүлбойында су қорын сақтауда үлкен маңызға ие.
Үйде өсірілетін алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.

5-сурет. Алоэ вера гүлінің ең көп тараған түрі-бардобастық алоэ.


6-сурет.Алоэ вера

7-сурет.Ағаш тәрізді алоэ.

Алоэ гүлінің өсуі.
Алоэнің өсуі үшін жарық пен жылу жеткілікті.Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыстажарықжерде, ауатемпературасы +10°C градус деңгейдеұстағанжөн.Жазуақытындағы вегетация кезеңіндеалоэніңсусақтағышұлпаларыылғалдылықтыкөпқажететпейді.Сондықтан, әрбірсуарудансоңтопырақтыңкебуікерек. Қыстасалқынжердетұратынболса, көпсуарудыңқажетіжоқ. Дұрыссуармаудыңнәтижесіалоэніңауруынаәкеліпсоғады. Крандағысалқын суды бірденқұюғаболмайды.Жаздаайынабірреткактустарғаарналғантыңайтқыш арқылытопырағынқұнарландыруғаболады.
Алоэ гүлінің көбеюі
Оның көбеюінде қиындық тудырмайды:ұрықпенде,сабақтармен
де ,бұталармен де,тіпті жапырағымен де тез өніп кете алады.Тұқым арқылы, жанаматамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқымды және сабақты құмды топыраққа отырғызу арқылы іске асады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымымен де өсіруге болады. Тұқымынақпан, наурызайларындасебеді. Температурасы 250С –тантөменболмауытиіс.Алоэ тал тәрідіөсімдікболғандықтан, өсубарысындажан-жағынаөркенжаяды. Солсебепті де үлкенәрібиікболыпөсуіықтимал. Алайда, мұндай үлкен көлемді алоэ берік болмайды. Сондықтан оны топырақ салынған құмыраға отырғызу керек.
Алоэ гүлінің таралуы
Африка мен Инданезияның жартылай шөл далаларында,Мадагаскарда кездеседі.Алоэ-асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туындысы.Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ,шөптесін,бұта ағаш тектес көпжылдық өсімдік.Суккулентті,жапырағының иектері тегіс немесе ара тіс болып келдеі.Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да,ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.Көп жерде бөлме өсімдігі,яғни әсемдік ретінде өсіріледі.
Гүлдену уақыты:қысқы айлар,әр жылда емес.
Қолдану бөлігі:Жапырағы,сөлі.Жапырағын кесерден алдын 2 апта бұрын суармау керек.Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды.
Қасиеті:Кермек дәмді,усыз келеді.
Жинау уақыты:жыл бойы.
Алоэ гүлінің тарихы
Алоның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды.Оны Египетте, кейін Үндістанда,Италия,Грейкияда сыртқы күйіктерге арнап қоланады.Орыс меицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларына,бас ауруларына,сырқат үшін,бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.Қытайда веналық ауруларды емдеуге қолданылады.Алоэ суық тигенді емдейді. Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты.
Алоэның емдік қасиеті
Алоэ-адамзат алғаш дəрілік мақсатта қолдана бастаған өсімдік. Қазіргі заманның дамығанына қарамастан,алоэның танымалдығына өте жоғары болып отыр. Әсіресе,медицина жəне косметология саласында көп сұранысқа ие.Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны пайдаланылады. Дәрігер Диокмид « Алоэ жараларды емдеп,ұйқыны тыныштандырады»деп жазып кеткен. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегіні шығара алады. Сондықтанда оны адам көп жүретін немесе ұйықтайтын бөлмеге қойған жөн. Алоның жапырақ сөлі тәбет ашады,ас қорытады.Әр түрлі микробтарға қарсы тұрады.Химиялық медицинада алоның шырыны жараны таңуға,әр түрлі тері ауруларына пайдаланады.Өсімдіктердің жаңа сөлі,әсіресе,қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданылады.Халық медицинасында жаңа жапырақты күйікті жазуға пайдаланады.Мәдени өсімдіктер арасында ең көп тарағаны.Алоэнің қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауды ескертеді,себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады.Олар ұлпа жұмысын жақсартады.Осы әдіс көптеген жазылмас аурулардың алдын алуға көмектеседі.Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпе,асқазан ойық жарасында,асқазан ауруларына қарсы қолданылады.Ағзаның жалпы жағдайын жақсартады және рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды .Ол асқорыту бездерінің секрециясын жақсартады. Асқорыту жүйесі бойынша көптеген ауруларды жақсартады. Асқорытуды қалпына келтіріп, қышқыл рефлюкс симтомдарын жоюға көмектеседі.
Алоэ экстракты көз айналасындағы нәзік теріні ылғалдандыруға қажет косметикалық кремдер жасауға қолданылады. Себебі, ол сумен араластырылған алоэ сығындысын көзге,құлаққа, мұрынға тамызуға болады. Профессор Филатов дәлелдегендей, алоэ экстракті құрамындағы белсенді стимуляторлар орталық жүйке жүйесі мен көзге ерекше әсер етеді.Дені сау адамның өзі өмір бойында алоэмен емделуді жүйелі түрде қолданып отыруы қажет. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей,алоэні қолдану барысында көз тамырларының қалыпқа келіп,сетчаткада жағымды өзгерістер болатыны байқалған.Дәрігерлік тексерістен өткен 46 емделушінің 15-інде көз ішіндегі тамырдың қан қысымы жоғары екендігі анықталған.Алоэ инъекциясының арқасында 10 емделушінің қан қысымы қалыпқа түскен.Бұл көне және ерекше өсімдіктің шырынының құрамында А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендері,фолий қышқылы,бета-каротин және холин бар.Осы құрамдас заттардың арқасында қарашықтағы зат алмасу үрдісі қалыпқа келеді және көздің қарауытуы мен катарактінің алдын алуға көмектеседі.
Алоэ ағзаны кальций,калий,мырыш,хром,магний сияқты минералдармен қоректендіріп,қарашықтың химиялық құрамын сақтауға көмектеседі. Халық медицинасында алоэ шырыны ылғалдандырғыш ретінде кең тараған.Көздің көруін жақсарту үшін көзге тамызуға және басуға арналған сығындыны үш жылдықөсімдіктің төменгі қалың жапырағынан алады. Өсімдік шырынын біраз уақыт тоңазытқышта ұстап,соңынан тікенектерін қиып,үгітіп,сүзеді.Шырынды таза күйінде сирек қолданады.
Көз ауруларын емдеудегі алоэнің пайдасына шүбә келтіруге болмайды.Алоэ жапырағының ішкі жағында орналасқан шырыны тамаша қасиеттерге ие.Бұл шырынды созылмалы көз ауруларын емдеуге қолдануға болады.Көздің шырышты қабығының қабынуы мен көздің ісінгенін басу үшін пайдалану жақсы нәтиже береді.Көз айналасының терісі өте жұқа және нәзік.Сондықтан ерекше күтімді қажет етеді.Сонымен қатар,алоэ шырыны кірпікті ұзартуға да жақсы әсер етеді.Ол үшін алоэ шырынын косметикалық маймен араластырса болғаны.
Күнделікті көріп жүрген алоэның осындай пайдалы қасиеттері бар екенін бірі білсе,енді бірі біле бермейді.Мінеки,терезеніңіздің алдында тұрған алоэнің бойынан осыншама үлкен дəріхана жасап алуға болады екен. Оны пайдаңызға жаратыңыз да,суаруды ұмытпаңыз.

Алоэның нәзік жандыларға көмегі
Білесіз бе, əлемге əйгілі Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді пайдаланған екен. Аяулы нәзік жандылар алоэден маска жасай алады.
• Алоэның маскасы үшін алоэ жапырағының ішіндегі іркілдек сұйықтығын сығып аламыз.Оған жұмыртқаның сарысын араластырасыз да, араластырамыз.Ол қоспаға 6 шай қасық су қосамыз.Ол қоспаға лимон шырынын қосып араластырасыз және қара ұннан 5 шай қасық қара ұн қосасыз.Қопаны таза бетке 15-20 минут ұстаңызда,жылысуменшайыптастаңыз. Нәтижесінде, теріңіз сұлуланып,жылтырайтүседі.Бұл масканы 20 жастан жоғарыларға пайдалануға болады.

8-сурет.Алоэдан нəзік жандыларға арнап маска жасап жатырмын.


9-сурет.Алоэден жасалған бетке арналған маска.

• Алоэ далабы.Далапты жасау ішін алоэ жапырағының ішіндегі іркілдек сұйықтықты алып,оған дәріханалық вазилинді қосамыз. Оны қайнаған суға саламыз,сұйықтыққа айналғанша күтеміз.Оны соңынан тоңазытқышқа саламыз.Бұл далапты 7 жастан бастап пайдалануға болады
.
10-сурет.Алоэдан емдік қасиеті бар далап жасап жатырмын.


11-сурет.Алоэдан жасалған далап.

• Сусабын жасау үшін алоэ шырынына 3 шай қасық су қосамыз.Ол қоспаға лимон шырыны мен олипквие маслодан 6 шай қасық құйамыз.Оғын қара ұннан 6 ас қасық салып қатты араластырамыз.Ұнның іртігін кетіріп,құрғақ шашқа жағамыз.Сусабынды шашыңызда 10 минут ұстап,жылы сумен шайып тастайсыз.Сонда шашыңыздың түбі қаттырақ,берік және жылтырай түседі.Бұл сусабынды 18 жастан жоғары қолдануға болады.

12-сурет.Алоэдан нəзік жандыларға арнап шашқа арналған маска жасап жатырмын.
.
13-сурет.Алоэдан жасалған шашқа арналған далап.

• Алоэ шырыны.Шырынды жасау үшін алоэ жапырағын жуып,тікенектерінен тазалап,тураймыз.Оны шырын шығарғыштан шығарып,оған қалауыңыз бойынша қант қосасыз.Пайдалы да,дәмді шырын дайын.

14-сурет.Алоэдан шырын жасап жатырмын.


15-сурет.Алоэдан жасалған шырынды əріптесім Айдос Ақтоты пайдаланып көруде.

• Шаштың түсінен сақтану үшін,алоэ шырыны мен балды араластырып оған туралған сарымсақ қосамыз.Осы қоспаны зақымданған жерге жағып 15 минут ұстаймыз.Соңынан жылу сумен шайып тастаңыз.
Алоэның шырынының құрамы
Шырынның құрамында антрагликозид-алоин бар,1,66 алоэ-эмодин, 25% алоэзин,натолин,геманатолин,ребарберон,шайырлы қоспа,20% эфир майы,ферменнер мен микроэлементтер,витаминдер,фитонцидтер кездеседі.Ең құндылығы сол құрамындағы 22 амин қышқылының 20-ы адам ағзасында кездеседі.Ал жақында ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу-ацеманнан тапты.Бүгінде ол затты СПИД-ті емдеуге қолдануда.Бұл көне және ерекше өсімдіктің шырынының құрамында А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендері,фолий қышқылы,бета-каротин және холин бар. Алоэ шырыныны құрамында биологиялық белсенді қоспаларды,микроэлементтердің дəрумендірдің көп болуына байланысты бұл шырынның адам ағзасына пайдасы мол.

Алоэның кері әсер ететін аурулары
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзімі
-цистит
Жоғарыда айтылғын аурумен ауыратын адамадрғы алоэ гүлі кері әсерін тигізеді.Сондай- ақ ,қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға алоэға жақындамауға кеңес беремін.

Қорытынды

Алоэ өсімдігін «Ғажайып өсімдік» немесе «Табиғи емші» деп бекер айтпаған. Соңғы кездері көптеген ғалымдар мен қолданушылар емдеудің табиғи әдістеріне көп көңіл бөлген. Нәтижесінде алоэ өсімдігі тамаша қасиеттерімен қолданушылар назарын қайтадан өзіне аударып отыр. Қазіргі таңда алоэнің құрамында 75-ке жуық қоректік заттар бар екені анықталып отыр. Осы заттардың арқасында алоэ адам ағзасының жекелей мүшелерімен қатар ағзаның тұтастай тазаруына, қалпына келуіне, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Денсаулығымызмықтыболуыүшінбатпандапкіріп,мысқылдапшығатынаурудыдәрісіз-ақүйжағдайындаайналадаөсетіндәрілікөсімдіктермен-ақемдепжазуға болады. Дәрілікөсімдіктерменайналысуденсаулығымыздысақтауғакөмектеседі, отбасыныңқаражатынүнемдейміз, табиғатбайлығынқорғауға да атсалысамыз.Міне, осындайемдікқасиеті бар өсімдіктергеоқушыларкішкентайынанмәнберіп, өзигілігінеқолданабілсе, шипаныалыстаніздемейді. Дәрілікөсімдіктердіпайдалануденсаулықтысақтауға үлкен көмек береді. Дәрілікөсімдіктержанға шипа, дерткедауаболады.Алоэ бөлмеөсімдіктерішіндееңкөптарағаны. Өзініңәсемдігіменкөздіңнұрыналады, гүлдеуіөтесирек, бірақ та жұмысжазбарысындаұққанымөсімдіккөптегенпайдаәкеледі. Мен өзсыныптастарымныңарасында осы өзімніңжұмысымабайланыстысауалнамажүргіздім. Алоэнысыныптастарымныңарасындакеңіненнасихаттадым. Мен өзім жазған ғылыми жобамда жасап көрген өндірістік бұйымдарды өз ұстазыма пайдаланып,оның пайдасы бар екенін көрдім.
Мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогиқалық университетіне барып,К.И.Шалабаев, Ж.Шілдебаев,Манапов Н.Т.Жусупбекова Н.С. Д.С.Мэлсқызымен кездестім.Сол кісілердің берген ақыл-кеңесіне сүйене отырып,зертханада электронды микроскоптың көмегімен алоэ құрамын зерттедім.Оның адам ағзасына пайдалы екенін көріп,сол арқылы сусабын,далап,шырын,маска жасадым.Оның жақсы әсерін байқадым.
Маска-бетін жұмсартып,жылтыратып,бетін ашытқан.Алоэның жапырағының құрамындағы атрагликозид-алоин бар,1,66 алоэ-эмодин заттарының әсері.Алоэ сұйықтығынан жасалған маскасы бетке жақсы жағынан әсер еткен.Масканы ұстазым пайдалынып жүрді.Бұл масканы 2ай бойы пайдаланып жүрді.Маска 1жарым айда пайдасын бере бастады.
Сусабын-бірнеше рет пайдаланған соң,шаш түсуі азайтақан.Шаш түбін қатайтып,жылтырата түскен.Алоэның құрамындағы натолин,геманатолин,ребарберон,шайырлы қоспалар әсер еткен.Сусабынды әріптесім Молдабек Айгүл пайдаланып көрді.Сусабынды 1 ай бойы пайдаланды.Сусабын пайдасын жарты айда бере бастады.Сусабынды 13 жастан жоғары адамдарға пайдалануға болады.
Далап-ерін жарылғанда,жарылған теріні қалпына келтіруге көмектеседі.Алоэның құрамындағы 25% алоэзин, 20 % эфир майы,ферменттердің әсерінен жарылған теріні қалпына келтіреді.Бұл далапты өзім 1 жарым апта бойы пайдаланып жүрдім.Бұл далап ернімнің жарылғанын 4күнде кетірді.Далапты 10жастан асқандарға пайдалануға болады.
Шырын-шырынды тек сусын ретінде ішуге болады.Ал оган басқада заттарды қосып, емдік мақсатта қолдануға болады.Алоэның құрамындағы микроэлементтер,витаминдер,фитонцидтер ағзаға жақсы әсер етеді.Шырынды әріптесім Айдос Ақтоты және оның әкесі(52жас) тәжірбиелік әдіспен шырынды ішіп жүрді. Шырынды 3 ай бойы аптасына 2 рет, таңертеңгісін тамақтану алдында ішіп жүрді. Шырын пайдасын 2 айда оң əсерін бере бастады.Шырынның әсері асқазан,ішек жолдарын тазартып, иммунитетін жақсартқан.Бұл шырынды 13 жастан жоғары пайдалануға болады.
Алоэ тұнбасы-алоэның жапырағын ыстық суға қайнатып,соның буына бетін бүркеп отыру керек.Бұны өзімнің анам Сариева Гүлжамила пайдаланып жүрді.Оның әсері тұмау адамның тыныс алу жолдарын жақсартып,тұмаудан айығуға көмек береді. Жылы қайнаған тұнбасына күнделікті бір рет бетті жуыптұруға болады.Ол беттің жарылған бөлігін,қара дақтарын,сепкілдерін кетіруге көмектеседі.Тұнбаны 1 жарым ай бойы пайдаланды.Тұнба анама 3-ші аптада əсерін бере бастад.Бұл тұнбаны 25 жастан жоғары пайдалану керек.
Шашқа арналған тағы бір маска. Шаштың түсуінен сақтану үшін,алоэ шырыны мен балды араластырып оған туралған сарымсақ қосамыз. Осы қоспаны зақымданған жерге жағып 15 минут ұстаймыз. Соңынан жылу сумен шайып тастаңыз. Бұл масканы əріптесім Баймұрзаева Диана 3 ай бойы пайдаланды.Шашқа маска 1 айда есеп ете бастады.Шашының түсуі азайып,шаш түбі қатайғанын байқаған. Ол шырынның құрамындағы белсенді қоспалар мен дәрумендердің А,В2,В3,В5,В6,С,Е әсері. Бұл масканы 18 жастан жоғары пайдалану керек.
Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химиялық қоспалары көп дәрілеркөбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Соның ішінде алоэ да адам үшін азықтың қайнар көзі болып саналады. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Ауруды ң алдын алуға,емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Пластикалық ыдысқа қарағанда әйнек ыдыста шырын немесе маска,далапты сақтау үнемді болады.Себебі алоэның құрамындағы антрагликозид-алоин , эмодин, алоэзин, натолин, геманатолин, ребарберон,шайырлы қоспа, эфир майы мен А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендер әйнек ыдыста ұзақ сақталады.


16-сурет.Жетекшім жəне əріптестеріммен бірге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне барған сəтіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстықэнциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
2)↑ Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік:Биология / Жалпыредакциясынбасқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
3) Ж.А.Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.2001.-314б
4)Ж.Жатқанбаев.Өсімдікжәне адамзат.2004.-35б
5)М.Қожабеков.Дәрілікөсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1998.-25-40б
6) М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.Өсімдікжанға шипа, дерткедауа.1998.-120б
7) АласдэирБакрофт .АудунМискья Алоэ вера безмолвный целитель. 2009.- 15-60б
8)ПатсаевӘ.Қ.Органикалық химия негіздері .Шымкент 2005.-151б
9)Т.ОмаровМ.ТанашевБейорганикалық химия ,2008.-235б
10)Жалпыбілімберетінмектептіңжаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналғаноқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет
11)Л.К.Сафина,Е.П.Петров «Жасыл аптека» Алматы «Қайнар» 1992ж.

12)Ғаламтор желісі:https://surak.szh.kz/go.php
http://bilim-all.kz/article/3387

13) Ғаламтор желісі:http://bilimdiler.kz/gilim/1471-aloe-osimdiginin-erekshelikteri-zhane-emdik-kasieti.html?name=search
14) Ғаламтор желісі:http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/11290/
15) Ғаламтор желісі:http://bilimsite.kz/okushi/7037-aloe-osimdiginin-erekshelikteri-zhane-emdik-kasieti.html
16) Ғаламтор желісі : https://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BE%D1%8D
17) Ғаламтор желісі:https://ayurveda.help/plants/aloe/
18 Ғаламтор желісі:)http://www.inform.kz/kz/aloe-shyrynynan-uy-zhagdayynda-zhasauga-bolatyn-emdik-kospalar_a2905398
19) Ғаламтор желісі: https://www.zharar.com/tags/%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D1%8D+%D1%82 %D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%B9%D0%B4/
20) Ғаламтор желісі:http://studbaza.kz/%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D1%8D-%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%B0-%D3%A9%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%B3%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D0%B3%D0%B5-%D3%99%D1%81%D0%B5/ Тәрбие.орг сайтынан «Алоэның сұлулық әлеміндегі және емдік шараларындағы орны» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразбекова Әсел Турлашева Алина

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: емдік, және, Авторлық бағдарлама, орны», шараларындағы, әлеміндегі, сұлулық, «Алоэның
Көрсетілім: 43 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar