""Алтын оймақ" үйірмесінің бағдарламасы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 251
  • Авторлық бағдарлама
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20811


Түсінік хат
Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі–оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. Жасөспірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін шығармашылық деңгейге көтеруде өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.Өз бетіменбілім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы негізінен,оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру мен жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл оқушылардың интеллектуалдық және эмоционалдық дамуын жетілдіріп, қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ы.Алтырнсарин жас ұрпақты оқытумен қатар, оларды, еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Адамды тәрбиелейтін құрал – еңбек деп білген. Еңбек ету , іс-әрекет жасау–ішкі және сыртқы сана арқылы ретке келтіретін белсенділік.Оқушылармен жұмыс барысында қазақ өнерінің жалпы сипаттамасы және оның басқа өнер түрлерінен айырмашылығы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты:
-Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз.
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет.
«Алтын оймақ» үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4 сыныпта оқитын оқушыларға арналған.
Негізгі мақсат оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, су моншақпен тоқу туралы білімін жүйелендіру болатын. Осы үйірмеде моншақпен су моншақтың, лента түрлері мен оның тоқылу жолдары үйретіліп, оқушылар білезік пен алқаның түрін жасайды.Тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және қиял ұшқырлығы мен шеберлікті талап етеді екен.
Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін көрмелерде көруі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге жұмыстарды шығару.

Үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы
Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, жасау.
Бұл бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.

Техникалық еңбек — 2 сағат.
Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру желімнің түрлері. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімдігі.
Көркем еңбек — 9 сағат.
Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек.Лентаның шығу тарихымен таныстыру. Түрлеріне тоқталу.Әшекей бұйымдар жасау.
Ою-өрнек бастырмалар — 8 сағат
Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 8 сағат.
Көркем қолөнер технологиясына түсінік. алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.

Моншақ және су моншақпен тоқып үйрену —7 сағат.
Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар жасау, моншақты маталарға тігу, жапсыру.

Күнтізбелік жоспар
№ Өтілетін тақырыбы Сағат саны
Уақыты 15-00

Мерзімі
1.Техникалық еңбек 2сағат
1. Кіріспе ұйымдастыру жұмыстары. 1 06.09

2 Технологиялық мәліметтер. Үйірменің мақсаты, маңызы, қолданылуы, әдіс-тәсіл жұмыс түрлері. Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс орны қауіпсіздік ережелерімен таныстыру 1 13.09
2.Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек 9сағат
1 Лента түрлері 1 20.09
2 Лентамен тоқу әдістері.Схемамен жұмыс. 1 27.09
3 Білезік тоқу 1 04.10
4-5 Шаш тереуіштерін жасау \ободок\ 2 11-18.10
6-7 Брошка жасау 2 25.10
3.Ою-өрнек жұмысы 8сағат
1. Ою-өрнек туралы мәлімет беру. Шығу тарихы. 1
2. Ою-өрнек қию, жапсыру үлгісі 1
3 Қошқар мүйіз 2
4 Жауқазын 2
5 Түйетабан 2
4.Сәндік қолданбалы өнер сағат 8сағат
6. Көркем қолөнер технологиясына түсінік. 1
7. Кәдесыйлар түрлері 1
8-9 Тұмарша 2
10-11 Киіз үй 2
12-13 Торсық 2
5.Моншақ, су моншақпен тоқып үйрену 7сағат
1 Моншақ, су моншақ туралы түсінік. 1
2-3 Әшекей бұйымдар жасау. Алқа тоқу 2
4-5 Білезік тоқу 2
6-7 Жануарлар бейнесін жапсырмалау 2
Барлығы 34 сағат

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. АсановБ, Птицина Әбдіғапбарова Ұ.«Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы.,
2. Алматы,2005ж«Ақжайық
3. Дәуренбеков Ж, «Қазақстан өнері» Алматы 1983 ж
4. Марақұлова К«Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу»
5. Мұхамеджанұлы З«Қазақтың кесте өнері» Алматы-2008ж
6. Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері Алматыкітап,2003ж

Қостанай қаласы
2016-2017 оқу жылы

«Алтын оймақ» үйірмесінің
2016-2017 оқу жылына арналған
тақырыптық күнтізбелік жоспары

4 «А»жетекшісі: Омарова Л.А

Қауіпсіздік ережесі
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
• ине, қайшымен жұмыс жасауды;
• қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
• қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
• жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
• құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
• түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
• сурет сала білуі;
• ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:
1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;
2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;
3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;
4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;
5. Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;
2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;
3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек. Тәрбие.орг сайтынан ""Алтын оймақ" үйірмесінің бағдарламасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Ляззат Акбасовна

"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі"ММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar