«Алтын жүрек - Анамыз!» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 462
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22937


Аудан: Талас

Мектеп: Лицей

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Копбаева Гүлжан Апрельевна

Сыныптар: 5-7 сыныптар

Сайыстың тақырыбы: «Алтын жүрек - Анамыз!»

Мақсаты: Жас ұрпақты үлкендерді сыйлауға, ананың қадірін құрметтеуге, мәнерлеп оқуға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

1-Арман:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Алтын жүрек - Анамыз!» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.

 

2-Нұрлыайым:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар!

 

1-Арман:

Нұрлыайым бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен саған жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аласың ба?

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Бұл кім?

 

2-Нұрлыайым:

Ана, Ана, Ана. Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана сөзін аузына алмайтын адам баласы жоққа тән. Ананың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған әсем әнге кезек берейік.

Ортада 5 «А» сынып оқушысы Мәдібек Мәдидің орындауында «Әке Ана» әнін қабыл алыңыздар

 

1-Арман:

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-біріңе еріңдер.

Өнеріңді тексеріп,

Сайысқа қатысып көріңдер!

 

2-Нұрлыайым:

Олай болса, «Алтын жүрек - Анамыз!» атты мәнерлеп оқу сайысының қатысушыларын ортаға шақырайық!

5 «А» сынып оқушысы Кеңесбаева Айкен

5 «Ә» сынып оқушысы Жамбылұлы Диас

5 «Б» сынып оқушысы Баймұрат Торғын

5 «Г» сынып оқушысы Мұхамед-Ғалымұлы Нұрдәулет

 

 

1-Арман:

6 «А» сынып оқушысы Оразбек Анель

6 «Ә» сынып оқушысы Кенжебекқызы Балнұр

6 «Б» сынып оқушысы Әбилбек Алтынай

6 «Г» сынып оқушысы

6 «В» сынып оқушысы Столяров Кирилл

 

2-Нұрлыайым:

7 «А» сынып оқушысы Қайрат Фариза

7 «Ә» сынып оқушысы Облабергенов Бақытжан

7 «Б» сынып оқушысы Елеусизова Айсұлу

7 «В» сынып оқушысы Мейрамбек Нұрай

 

1-Арман:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

 

2-Нұрлыайым:

Бүгінгі 5-7 сынып оқушыларының «Алтын жүрек - Анамыз!» атты мәнерлеп оқу сайысына әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

 

1-Арман:

Ал, енді әрбіріміз жақсы көңіл-күйде қасымызда тұрған досымызға жүректен шыққан жылы тілектерімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Нұрай мен саған бүгінгі сайыста тек қана сәттілік тілеймін.

 

2-Нұрлыайым:

Сайысқа қатысушылар орындарыңызға отыра берсеңіздер болады.

 

1-Арман:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар,қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай!

2-Нұрлыайым:

Ал, енді Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз!

Ортаға 5 «А» сынып оқушысы Кеңесбаева Айкенді шақырамыз

Ортада 5 «Ә» сынып оқушысы Жамбылұлы Диас

5 «Б» сынып оқушысы Баймұрат Торғын

5 «Г» сынып оқушысы Мұхамед-Ғалымұлы Нұрдәулет

1-Арман

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Ортаға 6 «А» сынып оқушысы Оразбек Анель

6 «Ә» сынып оқушысы Кенжебекқызы Балнұр

6 «Б» сынып оқушысы Әбилбек Алтынай

6 «В» сынып оқушысы Столяров Кирилл

2 – Нұрлыайым

Ана біздің жарқыраған нұрымыз,

Ана біздің солмас мәңгі гүліміз

Анамызды аялай біз білейік,

Ана біздің жазып бітпес жырымыз.

7 «А» сынып оқушысы Қайрат Фариза

7 «Ә» сынып оқушысы Облабергенов Бақытжан

7 «Б» сынып оқушысы Елеусизова Айсұлу

7 «В» сынып оқушысы Мейрамбек Нұрай

 

Қорытынды:

 

1-Арман:

Өнер,білім серігің, адам атың,

Болашаққа сеніммен бара алатын.

Осыменен сайыста тамам болды,

Бәріңіз аман болыңыз, жамағатым.

Әділ қазылар алқасы, сіздерден әділ төрелік күтеміз.

 

2-Нұрлыайым:

Олай болса, әділ-қазылар алқасы әділ шешімін шығарғанша, оқушыларымыздың өнерін тамашалайық. Ортада 3 «Б» сыныбының мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз.

1-Арман:

Ортада 6 «А» сынып оқушысы Ташимова Сымбаттың орындауында______________

2-Нұрлыайым

Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.

1-Арман:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!
Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, көрермендерге алғыс айтамыз

Тәрбие.орг сайтынан «Алтын жүрек - Анамыз!» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Копбаева Гүлжан Апрельевна

«Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекеме өзін –өзі тану мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar