Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Аналарға сыйлаймыз
  • 29.04.2016
  • 377 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18895

Аналарға сыйлаймыз
Тақырыбы: Аналарға сыйлаймыз
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 1 «Ә»сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директор Г.Маханбетоваға сөз кезегін береміз.
(директор сөз сөйлейді)

Мұғалім: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Мулламурат Бағнұрдың орындауында «Көңілді күн » атты әнін қабыл алыңыздар

Мұғалім: АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші!!
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен – деп
Алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге, арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Нұриман: Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем!

Бағнұр: Менің әжем нәр әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.

Айжарқын: Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол ақ әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.

Гүлдана: Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі-әжем

Ән:Темірбай Ақнұрдың орындауында « Асыл әжем»
Мұғалім: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті орындауындағы «Қара жорға» биіне береміз.

Мұғалім: Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Рамазанды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Ана
Мұғалім: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.
Оқушылардың аналарына деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ән: «Анамның тілі аяулы үні» ХОР
Мұғалім: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - ән шырқалар бақытымен, бағымен –дей келе келесі кезекте
Абдусадық Нұриманның орындауындағы «Сенің анаң алтын»атты тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Бұралып қыздар біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -«Шығыс» биі
Мұғалім: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы Нұртілеу ұлдарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен,- дей келе ортаға «Апатайым» әнімен Нұртілеу ұлдарыңызды қарсы алыңыздар.
Мұғалім: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар мен жігіттер келді міне толқып, тасып - «украйн» биін қарсы алыңыздар.
Мұғалім:
Ән:Нұрмолада Оралханның орындауында «Анашым» Мұғалім: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Дей келе келесі кезекте Молламурат Бақнұрдың орындауында «Анажаным»әні
Ән: Әлімжан Бану.

Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер
1 «Ә» сыныбының Аналарға сыйлаймыз» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен «АНАЛАРҒА СЫЙЛАЙМЫЗ»атты концертіміз аяқталды

Әлпештеген баласын,
Ана - бақыт, ана - күн.
Әркім сүйіп, өзінің
Мақтан етер анасын - демекші, қазір балалар өз аналарын таныстырады.

Әсет:
Еркелетіп, әлпештеген біздерді,
Анамменен таныстырам сіздерді.
Екі бала өсірген Назым анам,
Ол үшін тең келмеген ешбір адам.

Алмат:
Анам менің Гүлжахан - ұстаз өзі,
Біз үшін үлгі істері, әрбір сөзі.
Тілейміз оған бақыт, зор денсаулық,
Шәкірттерде болмасын керенаулық.

Салтанат:
Толған арман, мақсат тұр алдымызда,
Бақыттымыз анамыз жүр жанымызда.
Өсірген үш баланы, мақтан еткен.
Менің анам Ақжамал алдыңызда

2 - жүргізуші: Ең жақсы сөз ана
Өсіп жатса бала
Ана оған пана
Аман болсын ана
1 - жүргізуші: Ата - аналық үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өсер
Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүл - аналар,
Ана деп бас иеді бүкіл күллі халық!
Құрметті аналар, мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!
Кері қайту

Мұғалім:
Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді!

Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
— Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Камиланың орындауында «Көңілді күн» әні.


Әдеби мантаж:
Рамазан
Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Бақнұр
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Досымжан
Сүйіктім деп жүретін,
Қадіріңді білетін.
Өссем ұл боп жан ана,
Орындалар тілегің.
Сөзің шырақ секілді,
Сүйем соған жетуді.
Қанат қағып самғауға,
Балаң бекем бекінді.

Ғажайып
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.

Нұртілеу
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Айжарқын
Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Асылжан
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық,алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Бану
Аналарды ардақтаған халқымыз
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!

Серік
Ең жақсы сөз ана
Өсіп жатса бала
Ана оған пана
Аман болсын ана

Гүлдана
Ата - аналық үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өсер

Аяулым
Әлпештеген баласын,
Ана - бақыт, ана - күн.
Әркім сүйіп, өзінің
Мақтан етер анасын
ОРАЛХАН
БАЛЫМ
АҚНҰР
НҰРИМАН


Ән:


Жүр: АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен? Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралған.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы ана болмақ. Алғашқы сөзімізді аналардың анасы әжелерге, аналардың көмекшісі әпкелерімізге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!
Карина: Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды ә лі әжем!

Нұрсұлтан: Менің әжем нәр әжем,
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін,
Әр сүйгені дәрі әжем.

Жания: Менің әжем жыр әжем
Шуағы мол ақ әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.

Әділет: Менің әжем гүл әжем
Алтын әжем күн әжем
Апам үшін мен үшін,
Нағыз ана тілі-әжем



. Тест. 1-сынып
1.Сөйлеу не үшін қажет?
а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту
2. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
а)тіл ә) ауыз б) көз
3. Тіл арқылы не үйренуге болады?
а) білім алады, ғылымды үйренеді
ә) ойнайды, жүгіреді, көреді
4. Сөз неден құралады?
а) дыбыс ә) сөз б) буын
5. Дауысты дыбыстарды тап
а) а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,э,е,и,(у),ю,я
ә) б,в,г,ғ,д,ж,з,й,л,м,н,ң,р
б) к,қ,п,с,т,ф,h,ц,ч,ш,щ,(у)
6. Жуан дауысты дыбыстарды тап
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,ү,і,е б) е,и,у,ю,я
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,е,ү,і б) и,у,ю,я
8. И дыбысы жуан естілетін сөзді тап
а) сақина ә ) инелік б) икем
9. И дыбысы жіңішке естілетін сөзді тап
а) тиін ә) жиын б) қиын
10. У дыбысы жуан естілетін сөзді тап
а) жусан ә) серуен б) дәуіт

№ 2 Қазақ тілі. Тест. 1-сынып
1.У дыбысы жіңішке естілетін сөз
а) әуен ә) қауын б) жауын
2. У дыбысы қай сөзде дауысты дыбыс қызметін
атқарады?
а) саулық ә) жуан б) дәуіт
3. У дыбысы қай сөзде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады?
а) ауа ә) ту б) жу
4. Жуан айтылатын сөзді тап
а) жолбарыс ә) түлкі б) елік
5. Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) бүркіт ә) қоян б) құлын
6. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды
тап
а) а-ә,о-ө,ұ-ү,ы-і
ә) ұ-у,ү-і,ы-ұ,ү-у
б) ұ-і,ү-ы,у-ы,у-і
7. Сөз неге бөлінеді?
а) әрі ә) дыбыс б) буын
8. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген
а) оқу-шы ә) о-қу-шы б) о-қ-у-шы
9. Қай сөз дұрыс тасымалданған?
а) құ-рылысшы, құры-лысшы, құрылыс-шы
ә) шебер-хана, ше-бер-хана, шеберха-на
б) кітап-хана, кі-тап-хана, кітапха-на
10. Жақсылық сөзін қалай тасымалдауға болады
а) жақ-сылық, жақсы-лық
ә) жа-қсы-лық, жақс-ылық
б) ж-ақ-сы-лық, жақс-ылық

№ 3. Қазақ тілі. Тест 1-сынып
1. Тасымалдауға болмайтын сөзді тап
а) күн,әже,емен,түн,ата
ә) оқушы,бала,тиын,жүрек,ұстаз
б) толқын, қала, бақыт, еңбек,өрмекші
2. Бір буынды сөзді тап
а) жер ә) кітап б) күнделік
3. Екі буынды сөзді тап
а) тал ә) Отан б) жауқазын
4. Үш буынды сөзді тап
а) қала ә) балалық б) ақын
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
а) 40 ә) 42 б) 39
6. Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?
а) 10 ә) 15 б) 12
7. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
а) 20 ә) 22 б) 25
8. Мәтін неше түрге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3
9. Сөйлем неден құралады?
а) әріп
ә) буын
б) сөз
10. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай
жазылады?
а) бөлек
ә) бірге
б) жұптасып Тәрбие.орг сайтынан Аналарға сыйлаймыз Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 377 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar