"АРМАНШЫЛ БАЛА-ЕЛБАСЫ"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 523
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21186


Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназия

Қолданбалы курс тақырыбы:
«Арманшыл бала-Елбасы»
(авторлық бағдарлама)

2014-2015

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихтағы алатын орыны жайлыоқушылар білімін кеңейту және Елбасының тұлғалық қасиеттерін сараптай отырып оқушылардың саяси, рухани көзқарастарын дамыта отырып көшбасшылыққа жетелеу.

Курстың негізгі міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасымен таныстыру.
2.Елбасының – Қазақ тарихындағы алатын орынын түсіндіру.
3. Елбасының әлемдік аренадағы алатын орынын көрсету.
4. Елбасының өмір жолы арқылы арманшыл баладан – «Ұлт көшбасшысы» дәрежесіне дейін жетуіне дейін түсіндіре отырып, әр баланың болашақта арманына талпына білсе жетер биіктері көп болатынын көздерін жеткізу және бойларында осындай көшбасшылық қасиеттерін дамыту
5.Оқушылардың материалдарды терең әрі саналы түрде меңгерулерін қадағалау.
6.Оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналасуларына үлкен мән беру.
7. Оқушылар бойында өз-өзін тексеру дағдысын қалыптастыру.
8.Оқушы сабақ барысында тек бақылаушы ғана емес, белсенді зерттеуші болуына әрекет жасау.

Бағдарламаның түсінік хаты:
Курс 10-11 сыныптарға қыркүйектен мамырға дейін 34 сағатқа есептелген.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, арманшыл бала Нұрсұлтаннан –«Ұлт көшбасшысы» атағына ие болу кезеңіне дейін өсуі жайлы терең оқып-үйренуге негізделіп жасалған. Бұл курста оқушылар Елбасымыздың бала кезінен бастап,оқушы, жұмысшы, жастар ұйымының басшысы,сол кездегі партия ұйымының басшысы,Қазақ елінің басшысы,Ұлтымыздың көшбасшысы,тірегі,Президент,Елбасы,Халықаралық деңгейдегі әлем мойындап, таныған сұңғыла саясаткер Назарбаевты танып біледі.
10-11-сыныптардың жас ерекшелігіне сай бағдарламада Елбасының саяси аренадағы бейнесі ашылып беріледі.

Күтілетін нәтиже: Елбасының жеке тұлғасымен таныса отырып оқушылардың дүниетанымдық көзқарастары дамиды. Елбасының жүріп өткен жолдары арқылы Тәуелсіз қазақстанның тарихымен танысып, Мәңгілі Елдің болашақ патриот тұлғалары ретінде қалыптасады. Болашаққа деген сенімдері мол,саяси көзқарастары жетілген,туған тарихына зор мақтанышпен қарайтын,рухани жетілген тұлға тәрбиеленеді. Курсты оқыту кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеттері,ойлау қабілеттері,салыстыра білу,анализ жасау,білімдерін практикада пайдалана білу қабілеттері дамиды.

Оқушылардың білім және дағдысына қойылатын талаптар:
Курс соңында оқушылар білу керек:
1.Елбасының өмірбаянын
2.Әр өткен тақырып бойынша негізгі оқиғаларды саралай отырып, ой қорыта білуді.
7.Өз бетімен білім алуды меңгеру
8.Жұмыс барысында компьютерлік технологияны қолдана алуды
9.Алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана алуды

Тексеру әдістері:

1. Бақылау
2. Ауызша тексеру
3. Пікір сайыс өткізу арқылы
4. Практикалық жұмыс.(эссе,реферат,презентациялар жасап қорғау)

Курстың мазмұны
І-бөлім. «Жолбарыс баланың аяғын жалапты»(Балалық шағы-5сағат)
Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру
1. Кіріспе. Президенттің құқықтық мәртебесі,лауазымдық атақтары мен марапаттары.
2.«Жеті атасын білген ұл,жеті рудың қамын жер..»(Бәйдібек бабадан Назарбайға дейін).
3. Елбасының отбасы.(Өскен отбасынан,құрған отбасына дейін)
4. «Арманшыл бала» Балалық шағы туралы естеліктерге талдау.
5.Эссе немесе шығарма жазу. «Бала Сұлтанның дара қасиеттері»
ІІ-бөлім.«Ойдан да, бойдан да кем емес,қарапайым,кішіпейіл..»
(Елбасының-Бозбала шағы-1сағат)
Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру
1. «Қара наның дәмі». Елбасының «Әділеттің ақ жолы» кітабынан.
2. «Сыныптастар сыр шертеді».
ІІІ-бөлім.«Менің хоббилерім»(1 сағат)
1.Спорт (теннис,шахмат,гольф,шаңғымен сырғанау. Кітап оқу.Музыка.
ІҮ-бөлім.«Сөзден-іске!»(5сағат)
1. «Сыналған он жыл. »1969-1979 жылдар арасындағы еңбегі.
2. «Сыр қаққан он жыл» 1979-1989 жылдар арасындағы еңбегі.
3.«Брейн-ринг» (1сағат)
Ү-бөлім. Президент.(8сағат)
1. «Реформатор.Күйреген экономикадан – нарықтық экономикаға».
2. «Құндылықтар идеологиясы».(Тіл,діл,дін)
3. «Тұрақтылық.Қауіпсіздік. Бірлік.»Ел ішіндегі тұрақтылық,қауіпсіздік.бірлік арқылы,әлемдік тұрақтылық,қауіпсіздік.бірлікке шығу.
4. «Есті патшаға алты әулиенің қасиеті беріледі».(Әлемдік саясаттағы орыны жайлы).
5.Көшбасшы деген кім? Көшбасшы дағдылары
ҮІ-бөлім.«Ой бөлістім халқыммен» Елбасының кітаптарына шолу, талдау.Жолдаулардың мәнін түсіндіру.14(1сағат)
1.Еңбектеріне талдау.
2. Еңбектеріне талдау.
3.«Жолдаулар жол сілтейді».
4.«Жолдаулар жол сілтейді».
5.«Мәңгілік Ел» идеясын мен қалай түсіндім
6. Қоғамдық ойларды талқылау.
7.«Менің ойларым» Елбасы туралы қандай қорытындыға келгендері жайында. Эссе.

Тақырыптық жоспар.
№ Тақырыптар. Сағ саны Әдіс-тәсілдер
1 І-бөлім. «Жолбарыс баланың аяғын жалапты» (Балалық шағы)
5сағат
2 Кіріспе. 1 Түсіндіру,әңгіме-баян.Пікір алмасу.Саясаткер,мем қайраткерлерінің естеліктерімен жұмыс.Презентация,деректі фильмдер пайдалану
3 «Жеті атасын білген ұл,жеті рудың қамын жер..»(Бәйдібек бабадан Назарбайға дейін). 1 Аңыз,әңгімелерге талдау.Түсіндіру.Техникалық құралдар арқылы оқыту
4 Елбасының отбасы. 1 БАҚ-тардағы, кітаптардағы естеліктермен жұмыс.
Ой талқы.Компютерлік технологияларды кеңінен пайдалану.
5 «Арманшыл бала» . «Бала Сұлтанның дара қасиеттері» 2 Дөңгелек үстел құру.Өз ойларын ортаға салу. Эссе немесе шығарма жазу. «Балалық шағымның аспаны» көркем фильм талдау
7 ІІ-бөлім. «Ойдан да, бойдан да кем емес,қарапайым,кішіпейіл..»
(Елбасының-Бозбала шағы ) 1сағат Компютерлік технологияларды кеңінен пайдалану. Презентация.
8 «Қара наның дәмі». Елбасының«Әділеттің ақ жолы» кітабынан. «Сыныптастар сыр шертеді». 1 Елбасының еңбектерімен жұмыс.Талдау. Естеліктерді талдау.Өз ойларын ортаға салу.
12 ІІІ-бөлім. «Менің хоббилерім»
Төмендегі тақырыптар бойынша оқушылардың білім- дағдысын толықтыру 1 сағат Елбасының еңбектерімен жұмыс.Талдау. Естеліктерді талдау.Өз ойларын ортаға салу.
13 Спорт (теннис,шахмат,гольф,шаңғымен сырғанау. Кітап оқу.Музыка. 1 Презентация,деректі фильмдер пайдалану.
15 ІҮ-бөлім. «Сөзден-іске!» 5 сағат
16 «Сыналған он жыл. »1969-1979 жылдар арасындағы еңбегі. 2 Саясат сабағы.Деректі фильм .
17 «Сыр қаққан он жыл» 1979-1989 жылдар арасындағы еңбегі.
2сағат Хронологиялық даталармен жұмыс
18 «Брейн-ринг» 1 ойын
19 Ү-бөлім. Президент. 8сағат
20 «Реформатор.Күйреген экономикадан – нарықтық экономикаға». 1 Дөңгелек үстел құру. «Ақылдастар алқасы»
21 «Құндылықтар идеологиясы».
2 Компютерлік технологияларды кеңінен пайдалану. Елбасы туралы әдебиеттермен жұмыс
22 «Тұрақтылық.Қауіпсіздік. Бірлік.» 1 Елбасының еңбектеріне шолу
23 «Есті патшаға алты әулиенің қасиеті беріледі».(Әлемдік саясаттағы орыны жайлы).
1 Әлем саясаткерлерінің естеліктерін талдау
24 Көшбасшы деген кім? Көшбасшы дағдылары 3 Тренинг. Дөңгелек үстел,ой талқы.
26 ҮІ-бөлім. 14сағ
27 Еңбектеріне талдау.
3 Дөңгелек үстел.Пікір алмасу түрінде.
29
«Жолдаулар жол сілтейді».

4 Түсіндіру Талдау.Хронологиялық даталар жүргізу.
30 «Жолдаулар жол сілтейді». 3 Түсіндіру Талдау. Пікір алмасу
«Мәңгілік Ел» идеясын мен қалай түсіндім
1 Түсіндіру Талдау. Пікір алмасу.
31 Қоғамдық ойларды талқылау.
1 Бұқаралық ақпарат құралдарын талдау.
32 «Менің ойларым» немесе Елбасы туралы қандай қорытындыға келгендері жайында. Эссе. 1 Дөңгелек үстел.Әңгімелесу
33 Эссеге талдау (1сағат) Ойталқы

Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаев.«Ғасырлар тоғысында»
2. Н.Ә.Назарбаев. «Бейбітшілік кіндігі»
3. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы»
4. Н.Ә.Назарбаев. «Тәуелсіздік белестері»
5. Н.Ә.Назарбаев. «Тарих тағлымдары және қазіргі заман»
6. Н.Ә.Назарбаев. «Сындарлы он жыл»
7. Н.Ә.Назарбаев. «Жүз жылға татитын он жыл»
8. Н.Ә.Назарбаев. «Ой бөлістім халқыммен»
9. Н.Ә.Назарбаев. «Әділеттің ақ жолы»
10.«Аңыз адам» Н.Ә.Назарбаев.

Пайдаланған әдебиеттер:

1 . Н.Ә.Назарбаев..«Аңыз адам» журналы
2.Н.Ә.Назарбаев. «Сындарлы он жыл»
3. Н.Ә.Назарбаев.«Ғасырлар тоғысында»
4. Н.Ә.Назарбаев..«Аңыз адам»
5. Елбасы жолдаулары.

Бағдарлама Н.Ә.Назарбаев.«Аңыз адам» журналының материалдары негізінде жасалды Тәрбие.орг сайтынан "АРМАНШЫЛ БАЛА-ЕЛБАСЫ" Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байчулакова Жадыра Ануарбековна

ШҚО. Күршім ауданы. Боран ауылы. Қ.Нұрғалиев атындағы гимназия. Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar