Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Арнайы пән сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану тиімділігі
  • 28.04.2016
  • 405 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18866

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (15.8Kb)

Арнайы пән сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарының пайдалану тиімділігі
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылы
«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме
арнайы пән оқытушысы
Баймухаметова Акмарал Даулетовна
Колледждегі арнайы пән оқытудың негізгі басты мақсаты – білім алушыларды қоғамның экономикалық даму заңдылықтармен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ету білуге, өзің және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, өз елінің азаматы болуға тәрбиелеу.
Арнайы пән негіздерін оқыту келесі міндеттерімен анықталады:
- білім алушыларды Қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі экоономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
- маман ретінде мәдениет дағдыларын дамыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
- білім алушыларды Қазақстанда халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстамдары: еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру;
- еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық белсенді мүшесі және өз Отанының патриотты болуға көмектесу.
Арнайы пән сабақтары маман даярлауда маңызды рөль атқаратындықтан, алғашқы сабақтардан бастап білім алушылардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру және арнайы пәнінің қажеттілігін ұғындыру керек.
Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулап тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтың әдеп-ғұрып, салт-санасы, тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады.
Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педагогикасы деп айтамыз. Халық педагогикасының бір саласы – ұлт ойындары.
Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарға бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп-меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс жоқ десе де болады. Қазақтың ұлттық ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» мемуарлық еңбегінде ертеректе «Орда» асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Б Төтенаевтың «Қазақтың ұлт ойындары» кітапшасында аты ғана сақталып қалған маңызды ойындардың ішінде «Абайдың алты алашы» ойыны атап көрсетілген. Дер кезінде қағаз бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі де көптеп кездеседі. Солардың арасында «Сары ұлан», «Ақ аю», «Топай», «Алтын сақа», Жылмаң», «Теңге алу» және т.б. дегенмен, халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білді.
Арнайы пән сабағымда ұлттық ойындардың пайдалануда мен күнбе-күнге сабақта әзірлену кезінде белгілеп, сабақ жоспарымда көрсетемін. Ойындарды негізінен сабақтың басында да, ортасындла да, сонында да пайдалануға болады.
Сонымен қатар ойынды түрлендіруге жаңылпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды да пайдаланамын. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Білім алушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды. Тәрбие.орг сайтынан Арнайы пән сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану тиімділігі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баймухаметова Акмарал Даулетовна

ШҚО "Үржар колледжі" Коммуналдық Мемлекеттік Ме Арнайы пән оқытушысы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 405 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar