«Ғарыш қыраны» (Т.Молдағалиев)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 57
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23235


Әдебиеттік оқудан ашық сабақ жоспары.


Сабақтың атауы «Ғарыш қыраны» (Т.Молдағалиев)
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу. Көркем сөйлеуге төселдіру.
Өлеңді суреттей отырып оқушылардың белсенділік, шығармашылық қабілетін қиялының дамуына, әдеби тілде сөйлеу шеберлігінің дамуына ықпал ету.
Табиғат пен адам арасындағы байланыс, қарым –қатынасты сезе отырып, қоршаған ортаны тәрбиелеу.
Психологиялық ахуал

Проблемалық сұрақ қою:

Топқа бөлу

Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
( Қыранның суретін көрсету.)
Тоқтар ағам - жан ағам
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан,
Аумай қалғым келеді.
Сондықтан бір-бірімізге жанымызға жақын адамдарымызға жақсы,ізгі тілектер тілейік.Осы ізгі тілектердің бәріне қарасақ, кім кімге болса да тілегімізде өрлеу, самғау, биіктен көріну, шыңға шыға бер, талабың биіктей берсін,т.с.с.ұсыныс білдіріп жатамыз.Осының себебі неде екен? Әркім әрқашан биіктен көрінуге құштар І-топ «Шыңға шығу». ІІ- топ. «Ғарышқа самғау». ІІІ – топ. «Биік талап». ІV- топ. «Аспанда қалықтау». V – топ «Қыран ». Топ басшысын тағайындайды, топ ережесін шығарады. Сабақтың мақсатын қою оқушылармен, оның күтілетін нәтижесін балаларға айтқызу Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Ой шақыру: - Адам неге ғарышқа, аспанға ұшуды армандайды? Адам баласы неге биікке құмартады? Ғарыш әлеміне ұшу неге қол жетпес арман?
- Ғарыш әлеміне алғашқы сапар туралы не білесің? (Белка,Стрелка,Лайка иттері туралы)
Суретпен жұмыс.Қыран құс туралы
Бейнеролик жүргізу
Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Рефлексия

Үйге тапсырма

Бағалау
Кері байланыс 1.Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ атты ауданда туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіреді.
Балаларға арнап «Құралай», «Арман мен Бота» кітаптарын шығарған. Қазір «Балдырған» журналының бас редакторы болған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін қазақшалаған. 1968 жылы «Жаңа дәптер» жинағы үшін Республика Комсомолы сыйлығының, 1982 жылы «Жүректегі жазулар» кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын ,жазушылар сыйлықтарын алды. Қазақстанның Халық жазушысы. «Парасат» орденінің (2004) иегері. 2011 жылы 10 – қазанда қайтыс болған.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Жер сөзі
Сөздік жұмысы ,топпен жұмыс
Кесте
Білемін «+» Білгім келеді «-» Жаңа ақпарат «V»
Қажетті дерек Байқоңыр сөзі
Байқоңыр –ғаламдық маңызы бар ғарыш айлағы, ғылыми –техникалық орталық. Ол Қызыларда облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елді жетілдіру мақсатымен 1951 жылы ашылды. Кешеннің асты бірнеше шақырымға созылып, 4 қабатты үймен тең қалашық. Онда электр стансасы, теміржол, жылу беру жүйесі, ғарыштық орталық, оттегі- азот зауыты орналасқан.1957 жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, Ай, Марс, Шолпанды зерттеу басталды. 1961ж 12 сәуір әлемдік тарихта мәңгілік жазылып қалды. Адамның асқақ арманы орындалып, қазақ жерінен алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа көтерілді.
1991 жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін созылды.
Бүкіл әлем өркендеуге, жаһандануға ұмтылған заманда ғарышқа ұшу әлі де жалғасуда.
Байқоңыр жұмыс істеп тұрғанда , қазақ жеріне зардабы да жалғасады. Қарағанды облысында Байқоңырдан ұшқан зымырантастардың құлайтын 39 жері бар. Олардың отыны ретінде улы қышқыл заттар пайдаланады. Әсіресе гиптил тәрізді улы зат- ауаға тез тарап, топыраққа, тірі организмге сіңіп, сода да уын жоғалтпайтын зат. 1 грамының өзі 1000 адамды улайды екен. Зымырандардың 1 ғана ұшса қанша зиян келтіреді десеңізші... Жаңылтпаш. «Зымыран» сөзін ілу.
Шошыттық үш құсты,
Шошып үш құс ұшты.
Сергіту сәті. «Доп лақтыру»ойыны Ұшатын заттарды атату
Сен білесің бе? Қазақстандық ғарышкерлер туралы оқушылар жинаған мәліметтерінен мағлұмат береді.(Топтармен постер қорғау)
Карточкамен жұмыс
Керекті сөздерді қойып,слайдтағы карточканы оқу
Байқоңыр –ғаламдық маңызы бар -----------------.
------------------------ғылыми –техникалық орталық. Ол ----------------облысындағы Төретам стансасына 20 шақырым жерде орналасқан.
----------------------- жылы ашылды.
------------ жылдың 4 қазанында Байқоңырдан тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылған. Ғарышқа жол ашып, -----------,-----------,--------- зерттеу басталды. ----------------------------- жылы алғашқы ғарышкер Ю. Гагарин ұшырылды. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері ---------------- ғарышқа көтерілді.
--------------жылдың 31 тамызында Байқоңыр Қазақстанның меншігі болып, жарияланды.
1994 жылдың наурызында Байқоңыр Ресейге жалға беру мерзімі -------------- жылға дейін созылды.
3тілде айту. Ғарыш,ғарышкер сөзін үш тілде айту.
Дәптермен жұмыс
Бес жолды өлең Аспан сөзі
«Ғарыш әлемі» немесе «Аспанға саяхат» эссе және өлең шығару . Маған не ұнады? Стикерлер жапсыру
Қорытындылау Ғарыш сөзі
Мәтін соңындағы сұрақтар.
- Өлеңдегі «Тек ұшу үшін жаралған
Адамдар қандай бақытты»
- Ғарышқа ұшқан ағаларың үшін мақтан етесіңдер ме?
- Өз Отаның үшін нені мақтан тұтасың?
- Өлеңдегі ғажап деген не нәрсе?.Егер де мен ғарышкер болсам? Ойларын айту.
122-123-бет өлеңді мәнерлеп оқу, қызықты әңгіме жазу

Бағалау парақшасына оқушылар бағалайды Тәрбие.орг сайтынан «Ғарыш қыраны» (Т.Молдағалиев) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуртазина К.А.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar