«Асхана құралдары»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 413
  • Авторлық бағдарлама
  • 10/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21644


Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Асхана құралдары»
Мақсаты: Білімділік: ыдыстар мен асхана құралдарды таныстыра отырып, салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатындығын, қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: асханалық ыдыс-аяқтар суреттері, ойыншық ыдыстар.
Сөздік жұмыс: асхана құралдары, ыдыстар.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық
Қозғаушылық

Ұйымдастырушылық. Ізденістік

Рефлексиялық. түзетушілік Шаттық шеңдері
Қане, қане тұрамыз.
Үлкен шеңбер құрамыз
. Біз бақытты баламыз
Бірге ойнаймыз бәріміз
Бірге ішеміз асты да,
Тату-тәтті боламыз.
-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын шешуге тырысыңдар
Тәрбиеші:

Кесе, шыны, пиала, Оларсыз шай құя ма?
-ауызға тамақты әкеледі,әкетеді?
Қасықсыз тамақ жемейміз-
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

- Балалар бүгінгі Жаратылыстану бөлімі бойынша бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы
«Асхана құралдары» деп аталады. Тағы қандай асхана құралдарын білесіңдер?
-Балалар тағамды кім даярлайды?

Ғажайып сәт: Топқа аспазшы апай келеді. Аспазшы
-Ой, мында сабақ болып жатыр екен ғой, кешірерсіздер
Тәрбиеші:
-Келіңіз, төрлетіңіз
Біз бүгін асхана құралдары жқнінде айтып жатырғанбыз бізге қонақ болыңыз
Аспазшы :
-Мен тамақ құятын ожауымды жоғалтып алдым, соны іздеп жүргенмін
Тәрбиеші сіз асықпаңыз, отырыңыз
Ыдыстардың суреттерін тамашалау
Ыдыстар ағаштан, металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалады. Ыдыстың түрі өте көп. Ыдыстарды күтіп ұстау керек. Шыны ыдыстар сынып қалады, металл ыдыстан майысып қалады. Ертеректата-бабаларымыз көбіне ағаштан жасалған ыдыстарды пайдаланған. Себебі ағаш ыдыстар ыстық тағамдарды тез суытады екен. Мына ағаш ыдыстар қымыз, шұбат құюға арналған.

-Осы заттардың барлығын бір сөзбен айтқан да не деп атаймыз?
-Ыдыстар өте қажет болғандықтан оны күтіп ұстау керек.
-Біз оларды не үшін пайдаланамыз?

-Балалар шайды қандай ыдысқа қайнатады?
-Шәйді қай ыдысқа құямыз?
Ал, енді балалар таңғы асқа көже дайындау үшін қандай ыдыстарды пайдаланамыз.

-Енді осы асты қандай ыдысқа салуымыз керек? Олар шұңғыл және жалпақ болады. Ол қандай ыдыс?
Балалар біз бірдеңе ұмыттық. Ас ішуге отырғанда ең қажетті не деп ойлайсыңдар? Оларсыз тамақ ішпейміз.
-Дұрыс айтасыңдар, қасық, шанышқы, пышақсыз ас ішу мүмкін емес. Осы құралдарды асхана құралдары деп атаймыз.
Қанеки, қайталайқ «Асхана құралдары».
Пышақты балаларға ұстауға болмайды
Абайсызда қолдарыңды кесіп аласыңдар
-Балалар ұйымдастырылған оқу қызметімізді орталықтарда жалғастырамыз.
«Әдебиет орталығы»
Мақсаты: Ыдыстардың суреттері арқылы сөйлем құрату, сөздік қорларын молайту.

«Желілі-рөлді орталығы»
Мақсаты: «Аспазшы» ойыны

«Өнер»орталығы
Мақсаты: Ермексаздан ожаудың мүсінін жасату, құыптылыққа дағдыландыру.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Ыдыстарды жуамыз.
Біз ұқыпты баламыз
Өсіп-өніп толамыз
Үлкен жігіт боламыз

-Балалар қандай орталықта болдыңдар?
-Қандай жұмыспен айналыстыңдар?
-Асхана құралдарын атаңдаршы?
-Қандай ыдысқа тамақ пісіреді?

-Піскен асты қай ыдысқа саламыз?
-Қандай құралмен жеу керек?

-Шәйді қай ыдысқа қайнатады?

-Шанышқы, қасық, пышақ.
-Кастрөлге, табаға тамақ пісіреді.
-Піскен асты тәрелкеге салады.
-Қасықпен, шанышқымен жеу керек.
-Шәйді шәйнекке қайнатады.
-Аспазшы:
-Балалар, менің тамақ пісіретін уақытым блып қалды. Сендер асхана құралдары жөнінде көп біледі екенсіңдер. Рұқсат болса мен кетейін.
Тәрбиеші:
-Балалардың атынан мына ожауды сыйға тартамыз
-Аспазшы:
-Рахмет сендерге
Дидактикалық ойын «Суретшінің қатесін тап»
Мақсаты: Суреттегі қателіктерді табады, тапқырлық танытуға тырысады.
Дидактикалық ойын: «Сынған ыдысты құрастыр»
Мақсаты: кубиктердегі сурет арқылы бөліктерді құрастыру арқылы ыдысты шығарады.
-Балалар. Сонымен тағам пісіруге және жеуге арналған заттарды бір сөзбен не деп атаймыз?
Ыдыстың қандай түрлерін білесіңдер?
-Қауіпті ыдыстарға нелер жатады?
-Балалар мақалды қайталайық
Мал жайсаң қонысын тап,
Ас жайсаң ыдысын тап
-Енді мына жаңылтпашты кім айта алады?
Шеше, шеше,
Неше кесе,
Сынды кеше
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең шумақтарына сай қимыл көрсетеді

-шәйнек

-қасық
-ыдыс

-тәрелке, шанышқы, пышақ
- аспазшы

-асхана құралдары

Күнделікті тұрмыста

Шәйнекке

Кесеге

Кастрөлді

Тәрелкеге

Қасық

Суреттер арқылы әңгіме құрастырады

«Аспазшы» ойынын ойнайды

Ожауды мүсіндейді.

Балалар орталықта айналысқан жұмыстары жөнінде әңгімелейді.

-Сау болыңыз

-Ыдыстар

-Шыныдан. Ағаштан жасалған түрлері
-пышақ. Шанышқы

Балалар мақалды қайталап айтады

Балалар қайталап айтып береді

Күтілетін нәтижесі:
Нені білу керек: асхана құралдарының аттарын біледі.
Игереді: Ыдыстардың түрлерін;
Меңгереді: Қауіпті ыдысты танып білуді, ыдыстарды ұқыпты ұстауды. Тәрбие.орг сайтынан «Асхана құралдары» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Курманалиева Жанар Карасаевна

Пікірлер: 0

avatar