Ата-аналарға арналған лекторий

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 373
  • Авторлық бағдарлама
  • 09/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23039


Ата-аналарға арналған лекторий

Сыныбы:

9-11 сынып ата-аналары /қазақ тобы/

Күні:

02.12.2016

Аудитория:

АКТ залы

Мұғалім:

Кабажаева Сауле Казымбековна

Тақырыбы:

«Отбасы -тәрбиенің басты ұясы»

Мақсаты:

Адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасын отбасы негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру, жүректеріне сезім ұялату.

Құндылық:

дұрыс әрекет

Қасиеттер:

сабырлық, адамгершілік, сыпайылық т.б

Түрі:

лекторий

Әдіс-тәсілдер:

тренинг жаттығулар, пікір-талас

Көрнекіліктер:

слайд, видеоролик, нақыл сөздер, шар, банер т.б.

Ұйымдастыру кезеңі

/Ынтымақтастық қарым-қатынас орнату/

Құрметті ата-аналар, сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.

1. Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

 

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

 

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

/9-11 сыныптардан 3 ата-анадан ортаға шақыру/

Астарлы әңгіме:

”Бақытты отбасы’’(қытай аңыз әңгімесі)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,олар бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің растығын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң қалып. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Сол кезде қарт қағазға үш сөз жазады. Ол қандай үш сөзді жазды?

(сүйіспеншілік, кешірім, бірлік)

Үш сөзді оқыған патша таң қалып: Осы-ақ па? Ия, - деді ақсақал.-Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды .

-Өсиет әңгіменің мәні неде?

-Отбасының татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер екен?

(Махаббат,түсіністік, достық, сенімділік, сыйластық, кешірім, сабырылық, бірлік,)

Видео фильм.’’Өтелмес борыш “

Осы фильмнен қандай әсер алдыңыздар?

Баласы мен келіні туралы не айтасыздар?

Ал анасық андай?

(Ата-аналардың ойлары тыңдалады)

   

 

Видеороик көрсету

«Өтірікші әке» видеоролигі, экранға назар аударсаңыздар!

Қорытынды сөзі:

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ән:

/Ата-аналарды шығарып салуда /

«Әке мен ана» Жазира мен Жанболаттың орындауында

Тәрбие.орг сайтынан Ата-аналарға арналған лекторий Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабажаева Сауле Казымбековна

Астана қаласы №59 МЛ қазақ тілі мен әдебите пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar