Ата-аналарға бала тәрбиесі жайлы кеңестер

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 424
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19393


Ата-аналарға бала тәрбиесі жайлы кеңестер

Сөзіміздегі «жоқ», «болмайды» кейде бала өзіне қарсы айтылған бұйрық деп қабылдап үлкендер сөзіне қарсы шығуц немесе істеуден бас тартуы мүмкін.
Мысалы, баланы дүкенге сүтке жіберіп, есімізге қаймақ алу керек екендігі түседі, кейін сөзіміз соңына «қаймақ алуды ұмытпа!» деп айқаймен қосамыз. Солай болғанда бала да осылай айтылған сөзді ұмытып кетуі мүмкін. Оған сыпайы түрде айтуыңыз қажет. Біз балаға жиі тыйым сөздер айтамыз. «ас үйге кірме», «құмыраға тиіспе», «қайшыға тиіспе» т.б. балаға бұл тыйым сөздерді неліктен екендігін айтып жатпай-ақ, ұрысатын кездер болады.

Осылай айтпаған жөн Осы уақытта нені ойлайды екен Қалай дұрыс айтқан жөн
- Жаға шетінде секірме, құлайсың! - Көреміз! Тоқта! Абай бол, жиекте! Қарашы...
- Қабырғаға сурет салма! - Саламын! Міне сағансурет қағазы, осында сал.
- Мысықты құйрығынан тартпа! - Басқа қай жерінен?! Мысыққа ауыр ғой, ол сені тырнап жіберуі мүмкін.
- Шулама - Шулаймын Тыныштықта отырайық
- Сен тағы да үй жұмысын оқымағанбысың? - Енді не болыпты!
- Айта береді екенсіз! 1 сағаттан соң үй жұмысын қалай орындағандығыңды тексеремін.
- Жоқ, саябаққа бармайсың, онда не істемексің? (сен әлі кішкентайсың) - Мен үлкенмін, кішкентай емеспін. Саябақта жалғыз жүрген қауіпті. Саябаққа демалыста бірге барамыз.
- Саған қанша айтса болады! Қатты ырғақпен айтылған сөз немесе сұрақ, бұйрық деп қабылданады Мынаны, мынаны істе... (баладан нәтижесінде нені қалайтыныңызды нақты айту қажет)
- Балмұздаққа тиіспе, тамағыңды іш! - Балмұздақты аяймысыңдар! Бүгін тәттіге балмұздақ жейтін боласың!
- Әлі компьютер алдында отырмысың! Ойлары, бірақ бетке айтпас: «Қанша қаласам сонша!» Сен бір сағаттан артық отырсың, он минуттан соң бітіресің жарай ма?!
Жылама! Жаман балалар ғана жылайды! Мен әлсіз, жаман баламын. Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілдеп қаларсың!
Бәленбайдың баласын қарашы.. Мен одан кеммін Балаңызды мақтан тұтатыныңызды айтыңыз
Сенің ақылың жететін әс емес.. Менің қолымнан ештеңе келмейді. Менің ойымша ондайды сен де жасай аласың.
Үлкендердің ісіне араласпа, жайыңа отыр! Мен түкке тұрмайтын адаммын, менің ойым ешкімге қызықсыз. Балам бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!

Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің! Келесі жолы өздері істесін, енді ештеңе істемеймін! Әр адамның қателесуге құқығы бар, ештеңе етпейді, келесіде байқап істе.
Бұл баяндамадан соң, сіздерге өте қызықты, танымдық жаттығу ұсынамын, «Бала қандай болуы керек?» орындап көруге болады!
Әдетте, өз баламызды қандай болғанын қалаймыз? (өз еркімен бір адам және көмекші болатын адам шығады, көмекшіге белбеу, белдік, орамал т.б. зат беріледі, психолог көмекшіге мәтінге байланысты айтылатын жерлерді осы заттармен байлауды сұрайды)
Нұсқаулық: (аталғандарды байлауды ұсыну)
Ауыз – ұрыспасын және айқайламасын деп,
Көздер – ашуын, риза болмағанын, жылағанын көрсетпесін деп,
Құлақтар – артық ештеңені естімесін деп,
Қолдары – төбелеспесін деп,
Аяқтары – теппесін, ұрмасын, жаман орындарға бармасын деп,
Жан дүниесі – азаптанбасын деп, - осыдан кейін психолог ата-аналарға келесі сұрақтар қояды:
- Осындай адам не істей алады?
- Өз ойын айта алады ма? Ауызы жабық.
- Бақылап өмірдің ғажабын көре алады ма? Жауап қайтару мүмкіндігі төмен, көзі жабық.
- Тамаша бірдеңе жасап, құшақтап, қуанышын көрсете алады ма? Қолы байлаулы.
- Өмірде жетістікке жету? (байлаулы тұрған адамды ақырын ғана итеру, қозғалтуға тырысу)
- Жаны ашу, қуану, сенім арту? Жан дүниесінде де үн жоқ, жабық.
Жаттығу соңында байлаулы тұрған адамнан қандай сезімде екенін сұрауға болады...

Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы
Семей қаласындағы ШҚО дарынды балаларға
Арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейі Тәрбие.орг сайтынан Ата-аналарға бала тәрбиесі жайлы кеңестер Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы

Пікірлер: 0

avatar