Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери-эстафеталық жарыстың өткізілу ереже

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 302
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23096


БЕКІТЕМІН
Семей қазақ-түрік
лицейінің директоры:
___________ Өскенбай Ғ.З.
«23» қараша 2016ж

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери-эстафеталық жарыстың өткізілу ережесі
Жарыстың мақсаты:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысына сәйкес «Азаматтарды әскери қызметке даярлау бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруын жүргізу туралы» қаулысын іске асыру;
- азаматтық-патриоттық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру, ұлтжандылық сезімдерін ояту;
- әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту
- оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптасуына, дұрыс әрі шұғыл шешім қабылдауына, ұлтжандылыққа, батылдықпен ерлікке тәрбиелеу.
Жарыстың өткізілу күні, тәртібі:
29 қарашада, сағат 15:00-де лицейіміздің спорт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери-эстафеталық жарыс өтеді. Жарысқа қатысушылар әр сыныптан 5оқушы қатысады. Жарыс II турдан тұрады:
I-тур эстафеталық, командалар 5 сайыс түрінен сынға түседі.
II-тур жекелей, командалар 3 сайыс түрінен уақытқа, мықтылыққа сынға түседі.
Жарыс талабы:
Жарысқа 10-11 сынып оқушылары қатысады. Жарысқа қатысушылар міндетті түрде әскери киім үлгісінде (аяқ киім спорттық) болуы керек. Әр топтың өзінің аты болуы керек.
Жарыстың шарттары:
Жарыстың эстафеталық түрі
• АК-74 толық емес бөлшектеу
• АК-74 толық емес бөлшектеуден кейін жинақтау
• Жеке қорғаныш толымын кию
• ПВ қаруынан оқ ату (3 оқ)
• Оджмания (10 рет)
Жарыстың жекелей түрі
• АК-толық емес бөлшектеу және жинақтау
• ПВ оқ ату (5 сынақ оқ)
• Арқан тартыс (командалық)
Жарыстың жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери-эстафеталық жарыста орын алған командалар дипломмен және лицейішілік ауыстрылмалы кубокпен марапатталады.
Жарысқа жауапты ұйымдастырушы:
Лицейдің алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.А.Оралжанов Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты әскери-эстафеталық жарыстың өткізілу ереже Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: А.А.Оралжанов

Пікірлер: 0

avatar