Қазақстан тарихынан 6-сыныпқа қайталау тест сұрақтары

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1130
  • Авторлық бағдарлама
  • 07/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19317


Қайталау тест сұрақтары. 6-сынып қазақстан тарихы
1. Алғашқы адамдар еңбек құралддарын неден жасады?
а) сүйектен
в) тастан
с) қоладан
2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?
а) 1 млн жыл бұрын
в) 500-200 мың жыл бұрын
с) 40-35 мың жыл бұрын
3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандстары еді?
а) синантроптың
в) питекантроптың
с) австралопитектің
4. Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?
а) мезолитте
в) неолитте
с) қола дәуірінде
5. Мұздық қашан ери бастады?
а) 35 мың жыл бұрын
в) 40 мың жыл бұрын
с) 13 мың жыл бұрын
6. Тасты өңдеу әдәсі қай кезеңде жетіле түсті?
а) ежелгі тас ғасырында
в) меолитте
с) неолитте
7. Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?
а) қырғыш
в) бифас
с) тескіш
8. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?
а) неолитте
в) ерте тас ғасырында
с) мезолитте
9. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталды?
а) қырғыш
в) микролит
с) дәнүккіш
10. Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?
а) ерте тас ғасырында
в) мезолитте
с) неолитте
11. Егіншілік қашан пайда болды?
а) 100 мың жыл бұрын
в) 13 мың жыл бұрын
с) 10 мың жыл бұрын
12. Неолит мекенжайлары неліктен уақытша болған?
а) климаттың өзгеруінен
в) табиғи апаттар салдарынан
с) аңшылар соңынан жылжып көшіп отырған
13. Неолит кезеңін .... деп те атайды.
а) «қыш құмыра (керамика) жасау кезеңі»
в) «егіншіліктің қалыптасқан кезеңі»
с) «мал шаруашылығы кезеңі»
14. Ботайлықтар қай малды қолға үйреткен?
а) қой
в) сиыр
с) жылқы
15. «Тотемизм» дегенміз не?
а) табиғаттың тылсым күші
в) ата-баба аруағына табыну
с) шығу тегін жануарлармен байланыстыру

Алғашқы қауымдық адамдар тарихы тапсырмалар жауаптары

1-тапсырма: Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінді?
жауабы: Палеолит-ежелгі тас ғасыры, Мезолит-орта тас ғасыры, Неолит-жаңа тас ғасыры.
2-тапсырма: Тастан жасалған негізгі құралдарды дәптерлеріңе жазыңдар?
жауабы: Қашау, қырғыш, балта, найзаның ұшы, пышақ, сабақ пен жебе.
3-тапсырма: Алғашқы қауым адамдарының ұжымы дегеніміз не?
жауабы: Алғашқы адамдар-адамдар тобыры. «Саналы адам»-рулық қауымдар. 13 мың жыл бұрын-рулар мен тайпалар қалыптасты. 6-7 мың жыл бұрын рулық қауымдар ыдырады-ақсүйектер пайда болды.
4-тапсырма: Дін қалай шықты?
жауабы: Алғашқы қауымдағы адам тәуелді еді, табиғат құбылыстарының себептерін біле алмады. Бұл аруақтар (рухтар) мен сиқырға сенуді туғызды, әдет-ғұрып шықты.
5-тапсырма: Неолит кезеңінде адамдар қандай жаңалықтар ойлап тапты?
жауабы: Саз балшықтан қыш ыдыстар дайындалды, шыбықтан себет тоқылды, жіп иіру, тоқымашылық қалыптасты, қайық жасалды, үйлер салынды. Тәрбие.орг сайтынан Қазақстан тарихынан 6-сыныпқа қайталау тест сұрақтары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жимсбэк Хурамхаз

Пікірлер: 0

avatar