Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақстандық патриоттық туған өлке тұлғаларын құрметтеуден басталады.
  • 17.03.2016
  • 366 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18011

Қазақстандық патриоттық туған өлке тұлғаларын құрметтеуден басталады

Жұмыстың мақсаты:

Жас ұрпақты Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін өткен тарихын білу арқылы патриоттық сезімін ояту.

Жұмыстың міндеті:

- Томар ауылы туралы деректерді жинақтау және таңдау курсының жұмысын жоспарлау;

- жас ұрпақтың бойына сенімділік, намысшылдық ұлттық мінездерінің қалыптасуына жағдай жасау;

- Томар ауылы туралы деректерді оқушылардың меңгеруі арқылы патриоттық сезімін ояту.

Күтілетін нәтиже
Оқушылардың өз өлкесіне тән негізгі ерекшеліктері мен өлкенің атын шығаратын атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы патриоттық сезімдерінің тәрбиеленуі.

Пәні
Таңдау курсы «Томар ауылының тұлғалары»

Формасы
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:
Тұлға болып қалыптасуға кез келгеніміз үшін өмірдің мәні тек қорғаныс, тамақ табу және ұрпақ жалғасы ғана емес, келешекте Қазақстанның патриоты болу. Бұл арада туған жеріне деген құрметпен қарауға тәрбиенің де ықпалы зор. Қазіргі өркениетті елдердің қатарына қосыламыз деп тұрған елдің білім деңгейімен бірге тәрбие ісі қатар жүр. Тәрбиедегі рухани қазынамыз - әдет-ғұрып, салт-санамыз болып келеді. Рухани мұра – рухани құндылық. Рухани құндылықтарға Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасын құрметтеу, әділдік, шыншылдық, ата мұраға деген сый, дәстүрлердің жандануы жатады. Халқымыздың ұлттық ерекшелігінің бірі мақал-мәтел арқылы жас өрендерді адамгершілікке, елін сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятуда «Жекен жерінен көгерер, ер елінде көгерер», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды», «Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын», «Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан үшін отқа түссең де күймейсің», « Отан оттан да ыстық», «Отаны бірдің, тілегі бір, жүрегі бір» т.б мақал-мәтелдердің құндылығы зор.
Әрбір адамның туған жері – бәрінен де қымбатты. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты. Сондықтанда әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді. Міне, сондай жерлердің бірі Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылы. Ақын Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай: - «Қазақтың әр төбесі, әр белесі, ертегі, топырағын басып қалсаң бір ертегі шертеді» - демекші туған жердің, табан астындағы топырақтың тарихын біліп жүрген қандай жақсы.
Қазақ ұлтының соңғы жүз жылдықтағы парасаттылық деңгейін орыс ғалымы Ф. Щербина «Киргизская народность в местах крестиянских поселений» (ХІХ ғасырдың 30-40 ж.) еңбегінде былай деп мөлшерлепті.
1. Діни фанатизімі жоқ, тәңіріне табынған жұрт
2. Сауда және экономикалық қатыста таза, айтқан сөзінен айнымайды.
3. Озық ой мен әдепті тез қабылдағыш, зердесі биік.
4. Өте көрікті - көрнекті – «Екі иығына екі кісі мінгендей»
5. Ішімдікті, тіпті сусын суды да татып алмайды.
6. Балаларды жақсы көреді.
7. Күнделікті қатынаста қарапайым.
8. Үлкен ақсақалдарды халқының ерекше құрметті адамдары ретінде сыйлайды.
9. Табиғатына ақынжанды, тегі ол табиғат пен етене қатынастар болар.
10. Ән айтуды әңгіме аңызды айтуды ұнатады.
11. Конституциясы берік, денсаулығы мықты және қайратты.
Тарих көзімен қарасақ аз ғана уақыт өтті. Ұлтымыздың бойындағы осы
қасиеттердің барлығы жоғалып кетпеген болар. Ендеше тарихымызды жалғастырушы жас ұрпақтың бойындағы бар қасиеттерді дұрыс жолға қою , оларға бағыт- бағдар беруде жергілікті мәдени – танымдық туризмнің маңызы зор. Туған өлкеміз Томар ауылынан шыққан тұлғаларды танып білу, өз үйінің төрінен шыққан алтынның қадірін түсіну. Халық, ел – жұрт жекелеген адамдардан, солардың ұрпақтарынан құралады, ал өз Отанын сүйетін, құрметтейтін тұлғалар осы қасиетті топырақтан шыққан жайлы сөз еткім келеді.


ІІ. Негізгі бөлім

І. Қаракесек ұрпағынан тараған рулар мен аталар.

Болатқожа (қаракесек)-Түйте-Танас- Тымырсқа
Бөтей- Батшор- Дүйсембай-Ер, Тоғалақ , Қожан.
Тоғалақтан тараған Матақ – Дәумен – Кенже . Кенжеден-Абыл-одан Топай.
Кенже би 1700 жылдары өмір сүрген. Прогресс совхозының Қотыртас қыстағы. Жайлауы Қаражан өзені. Осы өзен бойындағы





«Ой құдық» деген жерде.
Кенже ерекше жаралаған тұлға деседі. Аса ірі денелі, бойы нар түйенің бойымен теңбе-тең, басы бақыр қазандай. Мұрны қолағаштай, астыңғы ерні салпиған, екі құлағы қалқиған, қас-қабағы түк басқан өте ұсқынсыз адам және түсі суық , ат жақты қара сұр адам болған деседі. Басқа билерге ұқсап бірдеңе алуды білмеген, баюды мақсат етпеген. Көшіп қонарлақ қана шаруасы бар. Табиғатынан сөзді мейлінше аз сөйлейтін, айтар билігін көбінесе дене қимылы арқылы көрсетеді екен. Өзінің әділдігімен, терең тапқыр ойлылығымен, басқа да жақсы қасиеттерімен тек қана қаракесек елді ғана емес жапсарлас Тобықты, Найзамен, Қаражас, Алтай-қарлық елдеріне белгілі ,беделді би болыпты. Осының дәлелі ретінде ел аузынан , көне- көз қариялардан жиналған деректерге сүйеніп Кенже би бабамыздың шешендігі жайлы жаза кетсек.Ертеректегі ең үлкен дау жер дауы, жесір дауы демекші.Сондай даулардың бірі Қаракесек елімен Тобықты елі арасында көптен шешілмей келе жатқан шекара дауы. Даудың аяғы кісі өліміне жеткізбей ақыр-тақыр шешу үшін белгілі бір жерге бас қосады. Қаракесек елі Кенже биді, ал тобықты елінен Абайды жұмсайды. Кенже шекара басталады- ау деген жерден нөкерлерімен 1-2 күн бұрын барып жайғасады. Келесі күні Абай бастаған Тобықты жағының билерін күтіп алады.
- Ассалаумағалейкум, Кенже аға, - дейді Абай сәлем беріп.
- Уағалейкумсәләм әлекей-шүлекейім жоғары шық,- дейді. Кенже бидің әлекей-шүлекей деп отырғаны Абай болыстың келгенін сәлемет көріп.
Кенже қолындағы қамшысын қамшысын екі бүктеп алдына көлденең қояды
(мұнысы билікті мен айтамын дегені). Бұдан үстіндегі ішіктің бір өңірін ашады да қайта жабады ( мұнысы қара кесек елі осы ішіктің түгі қанша болса, көптігі сонша дегені). Енді аяғындағы саптамасын шешіп екеуін жамбасына тығыздап қояды ( мұнысы жауласатын болсаңдар ешкімге бүктетпейміз дегені). Басындағы бөрігін басынан шешеді де қайта киеді (мұнысы билік менің айтқанымдай болып шешілмесе қылша мойның талша жол жораларың деген екен.) Кенженің қимылын қалт еткізбей қарап отырған Тобықты билері.
- - Түсіндік Кенже аға. Артыңызға қолыңыз, іске кірісейік дейді.
Сонымен екі ел арасындағы шекара дауы Кенже бидің жүріп өткен жерімен белгіленіп сол шекара күні бүгінге дейін шекара болып келеді- дейді қариялар. Осы күні Кенже бабамызыдың ұрпақтары

Кенже бидің шөбересі -Аркадий Топаев
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері

1986 – 1989 жылдар аралығында Кеңестер
Одағының үш мәрте бокс чемпионы атанды.
1992 жылы Барселона олимпиадасына қатысты. 1994 жылы Азия чемпионаты және Тайландта
әлем кубогын ұтып алып, дүниежүзінің ең
үздік боксшысы атанды.
Біздің ауылымыздың мақтанышы жалғыз
ауылымыз емес бүкіл Қазақстанға аты мәлім
былғары қолғап шебері Аркадий ағамыз Кенже
би бабамыздың ұрпағы.

Абубакиров Бектас былғары қолғап шебері. Бүгінгі күні ортамызда болмағаны өкінішті.Қасиетті топырақтан шыққан тұлғалар деп осыны айт.
Томар ауылынан былғары қолғап шебері ғана емес, батырлар да бар. Ауылдың аумағында Айғыржал деген ұсақ жоталы таудың батыс жағында Әбеу қыстағынан 3 км. қырдың басында Жапалақ батырдың ата-қонысы бар.

Батырдың өмірі жөнінде деректер өте сирек. Әзімхан Садуақасовтың «Тарихыңды танып біл» деген кітабында үзік-үзік деректер келтірілген. Омбы мұрағатынан баға бермес мәліметтер бар. Осы мағлұматтан табылған 1843 жылы 30 кыркүйек Қарқаралы округінің денсаулығы жөнінде берген анықтамасында оның 56 жаста екендігін көрсетеді. Демек, ол 1787 жылы туылған болып шығады делінген. Жапалақ батырдың тұқымының бірі қос егіз Рая, Роза апайлардың айтуынша батыр өте алып денелі, атқа мінгеннің өзінде аяғы біршама жерге салбырап тұрады екен. Қабақтары қалың, қыстың күндері қырау қатып қарсы адамның зәресін алса керек. Өз қамын ғана ойламаған бабаларымыздың бірі, мақтанышымыз Жапалақ батыр жайлы да дерек көздерінен алынған мәліметті жаза кетсек.
1845 жылдың күзінде Қарқаралыға мал-жан санағын жүргізуге патша чиновнигі, ұлты
поляк Виктор Иванович Иванов келеді. Ол 1833 жылғы Польша көтерілісіне қатысқан демократ, Омбыға жер аударылып келіп бақылаумен қызмет істеп жүр екен Халыққа жан ашитын, әжептауыр қазақшасы бар адам болыпты. Сол Иванов елге келгенде Қарауыл-Қамбар болысының халқы атынан 80-жастағы Жапалақ батыр қасына Құлтабар батырды ертіп арыз айта келеді. Он жылдай қазақ арасында болған Иванов Жапалаққа қарап «Бабай! салам! Не айтады? Кел!», - деп шақырады. Төбесі тесік орыс кез болғанына қуанған Жапалақ Батыр ұлыққа қарап:
Мен батыр Жапалақ,
Үлкен аш, бала жалаңаш.
келіп тұрмын қапала-ақ.
Халқымды сорып жеп –
Құсбегің жүр жапалап.
Қарауыл-Қамбар емес,
Бар қазақты қорғаймын,
Құсбектің төбесінде ойнаймын,
Ер болып тудым, халық үшін өлем!
Артық салықты алмаса,
бүгін кешек көремін.
Жүрек-бауырын суырып,
Оң қолына беремін.
Халықтың соңына еремін,
Құсбек өлді мені ат деп,
Сонсоң саған келемін,- дейді. Қарт батырдың батылдығына сүйсінген Иванов істің
мән жайын тексере келе төленбеген салыққа кешірім жасатады.
Мінекей, батыр-хас тұлға Жапалақ батырдың сипаттамасында батырдың алып денелі, атқа отырғанда аяғы жерге тиер-тимес болып тұрады екен делінген, демек қазақ бабаларымыз ірі денелі екенінің дәлелі. Адам тұлға болып қалыптасу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дүниетанымы кең болуы шарт. Жалпы қағиданы ұстанып өмір сүру керек. Мәселен көшпенділердің тәңірлік қағидалары. Сондықтан осы өмірде артық, өрескел қадамдар жасау қажет емес.

ІІ. Ауылымызда игі істермен айналысқан бабаларымыз да аз емес.
Орталықтан 10 шақырымда Ноғай басы жерінде «Қайым молда»
атымен кең тараған Абдулқайым Мұстафаұлының (1864-1937 ж.ж.) үйінің орны бар. Тарихымызға терең үңілсек. Тұрсын Сұлтановтың «История Казахстанского ханства» кітабынан: «В начале второй половины ХҮІ века пережила ряд потрясений и Ногайская Орда. В1556 году Россия завоевала Астрахань, а вслед за этим началась московская экспансия в в Ногайские Кочевья. Исмаил, представляющий интересы западной части улуса мангытов, тяготел к Москве. Часть мурз недовольная политикой Исмаила, покинула орду, и откочевала на крымскую сторону, а другая – за Яик, к казахам». Бұдан Қайым молданың Ресейдің Сарытау (Саратов) аймағынан келгенін, Тройцк шаһарында білім алып, діндар әрі емші болғаны жайлы өзінің ұрпағы Шалиағзамұлы (Шәукен) Болатбек ағадан сұрастырып білдік. Қарқаралыда Құнанбай қажы мешітінде болған. Кейін молданы осы өлкеге арнайы балалардың сауатын ашуға Қаражан бай алдырған. Қожан жерінен Ноғай басы деген жерді еншісіне беріп 1920 жылдары осы жерде Қарқаралы Құнанбай мешітінде молда Хайролла хазіреттің қызы Бибіфаридамен отау көтерген. Одан тараған тоғыз ұрпақтың бірі Шаяғзам (Шаеке) (1895ж.-1981 ж.). Шаяғзамның жұбайы Қалқажан Дүйсенбайдан тараған Ер-Байтөре – Мыңбай- Мәмбетәлі- Есенқұлдан-Қалқажан туады. Бұлардан Михаил, Нұрмаил. Шаяғзам ата 1928 жылы «Томар» колхозының төрағасы болып қызмет еткен. Михаилдан- Рауан Шаекин Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Заң ғылымдарының кандидаты.



Сан тарихи кезеңдерді бастан кешкен, ел үшін қызмет атқарған аталарымыз жайлы да айтар болсақ. ауылшаруашылық пен өндірістегі өнегелі істерімен көрінген «Социалистік Еңбек Ері» атанғандар: Рысқұлов Мәдеш 1882 ж. ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштері үшін, Байбосынов Қасен 1888 ж. ауыл шаруашылығындағы көрсеткіштері үшін.Қоңырбаев Топай 1886 ж. мал шаруашылығындағы үздік еңбектері үшін, Бәсімбеков Жақсылық 1893 ж. мал шаруашылығындағы үздік еңбектер үшін, Бекбаев Байбосын 1895 ж. ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін. Күлкин Жайсаңбай 1903 ж.Ленин, «Құрмет белгісімен» марапатталған.





Бәкір Ыбырайұлы 1905 ж. Түркісіб темір жолы салынады дегенді
естіген де, сол замат қайнаған құрылыс еңбегіне барып, жұмысқа орналасқан. 1951 жылы еліміздің Құрметті құрлысшысы атанды. 1958 жылы оған КСРО Жоғарғы кеңес президиумының жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазақстан компартиясының үш съезіне қатарынан делегаты болып сайланды.

ІІІ. Келешегін ғылымға арнаған ағаларымыз да аз емес.
Ауылымыздың тумасы техника ғылымының кандидаты, доцент
Шөгелбаев Төлеутай Ермекұлы (1937 ж.-1976 ж.) Қарағанды кенін тиімді әдістермен өндіру тақырыбында ғылыми диссертация қорғап, техника ғылымының кандидаты атағын алды.

Мырзаханұлы Нүркен 1947 ж.
билогия
ғылымының докторы, Президент
стипендиясының иегері /1997/
профессор, Мәскеу қаласында өткен
медик және биолог ғалымдардың
халықаралық жиынында «Кәсібім-
Өмірім» сыйлығының

«Медицина мен биология салаларын дамытуға қосқан дербес үлесі үшін» номинациясы бойынша лауреат атағын алған. Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) Дүниежүзілік Сократ сыйлығына ие болды.
Кеңестік тоталитарлық жүйе төл тарихымыздың қолынан келгенше тұншықтырып , уысында ұстап тұруға баранша тырысып бақты. Шындықты айтып көрсетуге жол бермеді. Кәзіргі таңда біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, тарихымыздың «ақтаңдақ » беттерін ашып, халқымыздың нендей тарихи оқиғаларды , қандай қиын замандар мен белестерді өз басынан өткізгендігін таразылаудамыз. Ұлттық тарихың беймәлім беттерін халыққа жеткізіп, өткенге терең үңіліп жүрген тарихы ғалымдарымыздың еңбегі зор. Солардың бел ортасында жүрген біздің мақтанышымыз

Сыздықов Сатай Мақсұтұлы – тарих
ғылымдарының докторы, профессор.1954
ж.
1996 ж. «ОрталықАзиядағы қарлықтар
тарихының мәселелері (ҮІІ-ХІІІ ғғ.) » тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қоғады. 50-ге жақын зерттеу, ғылыми-әдістемелік еңбектер, мақалалар, оқу құралдары мен бағдарламалар туындаған.
Өнер жолында жүрген Хабиба Елебекова.

Қазақстан Республикасының
еңбек
сіңірген қайраткері, Ә. Қашаубаев
атындағы І Республикалық
конкурстың лауреаты.
әншілік өнермен кең танымал
Мейірхан Адамбеков 1958 ж.
Қазақстанның ән өнерінің жанашыры. Мейірхан ағамыз еліне, жеріне деген деген кіршіксіз
махаббатын жүрекпен айтқан әндерінен байқаймыз.
Осындай күміс көмей әншілер, ғылым жолындағы ағаларымыз, батыр, би шешендер шыққан ауылымызбен мақтана аламыз. Келешекте туып өскен жерімізден шыққан ұрпақтарды танып білсек, бабаларымыз сияқты қанымызда бар асыл қасиеттерді жоғалтпаған болсақ, біз де Қазақстан Республикасын өркендетуге өз үлесімізді қосамыз.Тарихын білу әрбір азаматтың борышы деп есептеймін. Ауылымызда жас буындардан шығып жатқан ғылым кандидаттары, спорт шеберлері. Айта кетсек: Хасенов Руслан, Кенжеғалиев Саян, Жұмағалиева Толқын; Қауашев Қуаныш, Қауашев Алмас т.б.

ІІІ. Қорытынды.

Қорыта келе негізгі мақсатымыз осы өңірден шыққан, аттары бүкіл Қазақстанға мәлім тұлғалар туралы деректеріміз әлі де өз жалғасын таппақ.. Отанымызды қорғайтын, еліміздің атын шығаратын жас ұрпақ, олар біздерміз. Бала тәрбиесінің алтын қазынасы – туған ұясы десек, шешендік, батырлық, білімге деген құмарлық алдыңғы буын аға- апаларымыздан үлгі- өнеге аламыз.Ғылыми – техникалық прогрестің даму қарқыны барған сайын үдей түсуде. Дүние жүзінің әрбір түпкірінен шығып жатқан ақпараттар ағынына ілесе білу, заман қарқынынан қалыспау керек. Кәзіргі таңда күнделікті жаңалықты қоғам жылдам қабылдап тіршілік еткен кез. Тіршілік –ғұмыр белгісі – кім шебер болса, әдіс қылса ғұмыр бәйгесі соныкі. Сөзімді Шәкәрім Құдайбердиевтің өлең жолдарымен аяқтасам деймін.
Адамдық борышың,-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақыл – тұл.
Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе,
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайрылып,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді,
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт –
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
Келешекте таңдау курсының жалғасы туған өлкені зерттеу жұмыстары географиялық жағдайын, тарихи қалыптасуын және мектептің өмірдерегін зерттеуге арналады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақстандық патриоттық туған өлке тұлғаларын құрметтеуден басталады. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Светлана Казиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 366 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar