Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақстанның биологиялық ресурстары
  • 28.04.2016
  • 772 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18862

Қазақстанның биологиялық ресурстары

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі.
Республикамыздың флорасы бай және сан алуан. Елімізде өсімдіктердің 400-ден аса, дәрілік өсімдіктердің 250-ден аса түрі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Қазақстан палеарктикалық - зоогеографиялық облысқа кіреді. Қазақстанның жануарлар дүниесі барлық палеарктикалық аймақ сияқты пайда болуымен қалыптасуы жағынан жас. Оның қалыптасуына жануарлардың дамуының жаңа тарихы мен орналсуы, сондай-ақ физикалық-географиялық жағдайлар үлкен рөл атқарған. Жануарлар дүниесінің үштік және төрттік дәуірдегі даму тарихы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас.
Республикада ормандар тек 3,8 пайыз алып жатыр. Сонымен қатар орманның жартысы – сексеуілдер, бұларсыз ормандар 1,7 пайыз құрайды. Орманды жерлердің 10 пайызы Шығыс Қазақстанда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан.
Қазақстанның орман қоры 21 млн. гектар, ол жалпы жер көлемінің 3,5 пайызын алады. Орман өндірісте бағалы материал ғана емес, сонымен қатар топырақты эрозиядан сақтау, құм көшкінін тоқтату, суды реттеу, егінді қорғау, атмосфераны шаң-тозаңнан тазартуда оның маңызы зор. Сонымен қатар орман ағаштары қуаңшылық пен аңызақ желден сақтайды.
Республиканың орманды алқаптарына көз жүгіртсек, солтүстік бөлігінде қайыңды, қарағайлы орман, шығысында Алтай тауы бөктерінде майқарағай, балқарғай, сібір шыршасы орманы, оңтүстік бөлігінде таулардың теріскей беткейінде тянь-шань шыршасы, оңтүстіктегі шөлді аймақта сексеуіл, ал өзендердің бойында жиде, тораңғыл, жыңғыл, шырғанақ тоғайы өсетінін байқаймыз. Ел байлығы – орман ресурсын сақтай білудің маңызы зор. Орман – жан-жануарлардың мекені, адамдардың тынығатын орны. Орман ресурсына ең көп залал келтіретін тілсіз жау – өрт. Өртке басты себеп адамдардың ұқыпсыздығы. Орман алқаптарын ұқыпиы пайдалану, оларды қорғау, бүкіл халақ алдындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақстанның биологиялық ресурстары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сауранбаева Гульжан Кемелбековна

Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Биология кафедрасының мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 772 | Жүктеулер: 8
Барлық пікірлер: 0
avatar