Қазақстанның табиғат зоналарын корытындылау

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 93
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23426


№56ЖОББ Ақтөбе қаласы
Пән мұғалімі: Ниязова Айнур Шарифхановна
Класс: 8 «Б»
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналарын корытындылау
Оқу мақсаты: Қазақстанның табиғат зоналарының ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырата білу, алып жатқан ауданын кескін картаға түсіру,Оқушылардың алған білімдерін, жадында сақтау қабілетін дамытып, жетілдіру, зейн қойып тыңдауға үйрету, өзбетінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділігімен қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Қазақстанның табиғат зоналарының ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырата алып, алып жатқан ауданын кескін картамен жұмыс жасай отырып біледі, картадан тауып бере алады.
Негізгі идея: Қазақстанның табиғат зоналарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, ерекшеліктері туралы сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.
Пән аралық байланыс: Биология, қазақ әдебиеті, дүниетану,қазақ тілі, информатика

Ресурстар: АКТ (интерактивті тақтамен жұмыс, видео, слайд) оқулық, үлестірмелі қағаздар, деңгейлік тапсырмалар, плпкаттар, суреттер, стикер, маркер т.б.
Табыс критерииі
Барлық оқушылар: Оқушылардың көпшілігі: Жекеленген оқушылар:
Қазақстанның табиғат зоналары туралы толық біледі. Қазақстанның табиғат зоналары туралы айырмашылығы мен ұқсастықтары, ерекшеліктрі туралы айта алады. Білімдерін шығармашылықпен байланыстыра алады.

Сабақтың барысы:
Уақыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Ресурстар
2минут
Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг

1. Кластағы психологиялық ахуалды қалыптастыру: оқушылармен амандасып, түгендеу, класс оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса отыртып бөлдірту. Әр табиғат зонасының ерекшелігіне байланысты 4 табиғат зонасын:
2. 1. Климатолгтар
2.Топырақтанушылар
3. Ботаниктер
4. Зоологтар деп бөлемін. (1 слайд)
3. Сабақтың ұраны: (2 слайд)

1.Оқушылар амандасады, кезекші жоқ оқушыларды айтады, оқу құралдарын дайындайды. Топтарға түстер арқылы бөлінеді. Топтар көшбасшысын сайлайды. Топтағы міндеттерімен бөліседі.
2.“Айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде қалады,
ал өзіме жасатсаң – түсінемін”
Конфуций



Оқу құралдары
Қызығушылықты арттыру

«Сіз білесіз бе?»

Мағынаны тану

Деңгейлік тапсырма

Ой толғаныс

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма

Рефлексия Интерактивті тақтада табиғат зоналарына байланысты 15 тест сұрағы шығады. Әр оқушы тест парағын толтырып, дұрыс жауаппен салыстырады. Бағалайды.
( слайд)
1. Қазақстанда жоқ табиғат зонасы
А) шөл Б) шөлейт В) тайга Д) дала Е) орманды дала
2. Табиғат зоналардың қалыптасуына әсерін тигізетін факторлар
А) жылу мен ылғал Б) жер бедері В) абсолюттік биіктік
Д) ауа массасы Е) жануарлар әрекеті
3. Қазақстанның көп бөлігі орналасқан табиғат зонасы
А) шөлейт Б) шөл В) орманды дала Д) дала Е) биіктік белдеулік
4. Орманды дала зонасы орналасқан
А) Оңтүстікте Б) Батыста В) Солтүстікте
Д) Шығыста Е) Орталықта
5. Қазақстанның өсімдік жамылғысының қанша түрлері бар ?
А) 4500 Б) 6000 В) 3700 Д) 2800 Е) 7200
6. Қазақстанның қанша пайызы ормандар?
А) 2,8 % Б) 11,3 % В) 6,5 % Д) 4,2 % Е) 5,4 %
7. Қазақстанда сүтқоректілердің қанша түрі бар?
А) 268 Б) 143 В) 178 Д) 135 Е) 203
8. Қазақстанға жерсіндірілген аң
А) қабан Б) таутеке В) арқар
Д) ондатра Е) құлан
9. Қазақтан территориясының 44 % - алып жатқан табиғат зонасы
А) шөл Б) шөлейт В) орманды дала Д) дала Е) биіктік белдеулік
10. Қазақстанда ғана өсетін өсімдік
А) өлеңшөп Б) жабайы сұлы В) құм бетегесі
Д) қара сексеуіл Е) дермене жусаны
11. Орманды дала зонасының орташа жылдық жауын – шашынының мөлшері
А) 100 – 150 мм Б) 170 – 210 мм В) 300 – 350 мм
Д) 650 – 700 мм Е) 850 – 900 мм
12. Тұран ойпаты орналасқан табиғат зонасы
А) шөлейт Б) дала В) шөл Д) орманды дала Е) тайга
13. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде ұйқыға кететін аңдар
А) ақ бөкен, қарақұйрық Б) қабан, сілеусін В) қоян, түлкі
Д) саршұнақ, қосаяқ Е) бұлан, елік.
14. « Қазақтанның Қызыл кітабына» енгізілген омыртқалылардың саны
А) 125 Б) 250 В) 380 Д) 275 Е) 327
15. Итбалық мекендейтін су айдыны
А) Жайық өзеңі Б) Каспий теңізі В) Арал теңізі
Д) Балқаш көлі Е) Ертіс өзеңі
Тест сұрақтарының кілті
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
в а б в б д в д а е в в д а б
2.Үйге берілген тапсырма бойынша айтады.

«Саяхат» ( слайд)
Петропавл қаласынан Тараз қаласына дейін саяхат жасаймыз.
Зоологтар бір топқа, Климатологтар , Топырақтанушылар, Ботаниктер бір топқа бөлініп отырамыз.
Климатологтарға
Табиғат зоналары Қаңтар айының температурасы шілде айының температурасы Жауын-шашын мөлшері
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Топырақтанушыларға
Табиғат зоналары Топырақ типтері % көрсеткіші Қара- шірік мөлшері
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Ботаниктер
Табиғат зоналары Ағаш тектес өсімдіктер Бұта тектес өсімдіктер Шөптесін тектес өсімдіктер
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Зоологтар
Табиғат зоналары Сүт қоректілер кеміргіштер Бауырмен жорғалаушылар
Орманды дала
Дала
Шөлейт
Шөл
Әр топ кестені толтырып, қорытынды жасайды.Видио ролик қосылады.

Оқушыларға А, В, С деңгейінде тапсырмалар орындату

1. Семантикалық карта стратегиясы

2. Мына өлең шумағының сипаттамасы бойынша қандай табиғат зона екенін тап: (6 слайд)
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы - қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп - өнген.
Жәндіктің киік деген баласы бар.
Бетпақта қысы - жазы ел болмайды,
Ел - жайлау, өзен яғни көл болмайды.
Бұтасы қи болады, қара жусан
Көгара бетегелі бел болмайды.
С. Сейфуллиннің “ Ақсақ киік” поэмасынан алынған өлең шумағы қандай табиғат зонасы туралы айтылған?

Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен,
Кеудені керіп көкке сермеп кеткен.
Қия - құз, жоқпар сарай, бура тастар,
Тәртіппен көлді айнала сәндеп шөккен
І. Жансүгіровтың поэмасынан алынған өлеңде қай жер туралы айтылған?

1.«Кескін картамен жұмыс»( слайд)
Номенклатура: Сарыарқа, Каспий маңы ойпаты, Орал етегі, Жем үстірті, Мұғалжар тауы, Жалпы Сырт сілімдері, Қызылқұм, Арал маңы құмдары: Үлкен Борсық, кіші Борсық, Каспий маңы ойпаты құмдары: Нарын, Тайсойған, Қарақұм

1. «Географиялық диктант» (слайд)
1. Қара топырақты зона республиканың (солтүстік) аймағында таралған, гумусы (6 - 9%) пайыз.
2. Топырақтану ғылымының негізін қалаған (В. В. Докучаев)
3. (Шөлейт) зонасында 3000 – нан астам көл бар.
4. Дермене жусанынан (сантонин) дәрісі жасалады.
5. (Шөлейт) зонасының оңтүстік шекарасы 480 с. е. бойымен өтеді.
6. Топырақтың түсі (қарашірікке) байланысты өзгереді.
7. Дала зонасы республика территориясының (29%, 27%) пайызын алып жатыр.

Сабаққа қатысымын ескере отырып, топ басшысының бағалауы, өзін-өзі бағалауы және әр айтылған дұрыс ойды үш шапалақ арқылы қошеметтеу.

Эссе «Кең байтақ жерім Қазақстан!»

Бүгінгі сабақ туралы кері байланыс ілінеді.
Қызыл түс – түсінбедім
Сары түс – жартылай түсіндім
Жасыл түс - түсіндім

Интерактивті тақтада табиғат зоналарына байланысты 15 тест сұрағы шығады. Әр оқушы тест парағын толтырып, дұрыс жауаппен салыстырады. Бағалайды.

Оқушылар табиғат құбылыстарына байланысты болжамдар, ырымдар, жорамалдар туралы айтады.

Оқушылар топ болып, берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

Оқушылар тапсырмаларын дәптеріне орындайды

Оқушылар берілген карточкаларды толтырып, бір-бірін тексертеді.

Оқушылар осы өлең шумағының қай табиғат зонасына арналғанын айта отырып, өздері де табиғатқа байланысты өлең шумақтарын айтады.

Оқушылар білетін аймақтарын кезекпен шығып, картадан көрсетед.

Оқушылар осы сұрақ арасында қалып қойған сұрақ жауабын табу керек.

Топ басшының бағалауы, өзін-өзі бағалау, үш шапалақ

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Оқушылар тақтаға шығып, стикер арқылы кері байланыстарын іледі.
Дәптер, қалам

Кітап, дәптер

Қалам, дәптер,стикерлер түрлі-түсті

Дәптер, қалам

Интерактивті тақта

Қалам, карта

Қалам, дәптер, кітап

Бағалау парағы, қалам

Күнделік, дәптер, қалам

Бағалау парағы, стикерлер Тәрбие.орг сайтынан Қазақстанның табиғат зоналарын корытындылау Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ниязова Айнур Шарифханован

Пікірлер: 0

avatar