Қазақстаным! Отаным! Мәңгілік Елім!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 420
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20629


«К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ
Каримова Ардақ Елтаевна, мектеп кітапханашысы
Қазақстаным! Отаным! Мәңгілік Елім!
Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,
Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.
Отаның үшін махаббат керек, махаббат,
Отанын сүймеу - есерлік
Ғ.Қалибекұлы

Шіркін, неткен заман десеңізші! Сан ғасырлар бойы ұласқан ұрыстар, әділетсіз жалғасқан жауыз соғыстар, қиян-кескі қантөгіс шайқастар - мұның бәрі де сені қыспаққа алды ғой, Отаным! Моңғолдар, жоңғарлар, қалмақтар, орыстар қазағымның ұлан-ғайыр шетсіз, шексіз кең байтақ шалқар жеріне көздерін тігіп, тұс-тұстан анталап, қыспаққа алды ғой. Елдің жүгін ер көтер- месе, елдің жауын ер жеңбесе, өр де өжет ерлеріміз жер шолып,ел кезбесе, әділдіктен түңілген жауыздардың сыбағасын беріп, басын кеспесе, шындық -ты мойындатып, от сөзбен өлтірмесе, санасын селк еткізіп,өзегін өртемесе ешбір халық қазақты мойындамас еді. «Елім» деп еңіреп. шыбын жанын шүберекке түйіп, сол замандардың сан алуан әділетсіздігіне , жаугершілігіне қарсы соғысып,қазағымның ел болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан сан боздақтардың, хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар ертеңін ойлап, болашаққа көз жүгірткен, тереңнен толғап, саяси сыр шерткен, аса көреген, белді хандарымыз - Абылай, Тәуке, Кенесарылар! Олар бостан дық үшін қылыш сермеген, бірлік туын көкке көтеріп, желбіреткен ер жүректі, наркескен, есіл ер батырларымыз- Қабанбай, Бөгенбай, Наурыз бай, Жәнібек, Райымбек, Баяндар! Олар тоқсан сөздің тобықтай түйінін түсірген, қара сөз дің жілігін шағып, майын ішкен, қара қылды қақ жарып , әділдігін айтқан от ауыз, орақ тілді дана, дара кемеңгер , баба билеріміз –Төле, Қазыбек, Әйтекелер! Олар ұлт-азаттық соғыстың басшылары, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан шешен, ақын батырларымыз - Сырым, Махамбет, Исатай, Амангелділер! Жер қопарып, тау көшірген батырлардың «Тура биде тума жоқ» деп әділді –гін айтқан билердің, елінің басын қосып, туын көтерген хандардың арман-ойлары, мақсат-мүдделері, тілектері бір емес пе? Міне, менің бабаларым осындай! Оларды үлгі тұтып мақтанамыз.
Отаным, неткен байтақ кеңсің! Біз еліміздің, жан-жайлау жеріміздің самал желінің әнімен тербеліп, өсіп келеміз. Еліме деген махаббат жүрегімнің түк- пірінде орналасқан, өміріме нәр беретін сарқылмас бұлақ, мәңгі алауы өшпес жанып жатқан жалынды шырақ. Жалын жанады, маздайды, келешекте от болып лаулайды. Оны Сібірден соққан жел де өшіре алмайды, көзімнен жас шығарған ызғарлы аяз да, мейлі жер айналып,тау құлап, аспан көшсін, бірақ , Отанға деген адал махаббатты, зор ықыласты, сүйіспеншілікті, «Елім!» деп соққан жүректі қандай заң, өмірдің қандай құбылысы болсын өшіре алмайды. Өшіре алмайды! Мен сенемін XXI ғасырда Қазақстанның жедел дамитынына . Себебі, елдің тізгінін ұстайтын қазіргі ұландарымыздың бойында тектілік бар, табиғи дарын бар. Кең құлашымызбен өркениетке қанат жаямыз. Еліміздің дами –тынына, қыран құстай биікке қалқитынына кәміл сенеміз. Себебі, біздің тірегіміз, діңіміз, алтын ұямыз-Отанымыз бар. Қазақстан бүгін өз Тәуелсіздігіне ие болып, уақытпен бірге қарыштап алға ұмтылуда. Ежелден бері, тәуелсіздігі үшін ел болып күрескен қазақ халқы-ның тарихы- біздің тарихымыз. Сол күрестің бірі-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялаған күні. Осы күннен бастап Қазақстан тарихы туралы не білеміз?
* 1991 ж. 16- желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекет болып жарияланды. 29-тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.
* 1992 ж. 6- маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан Республикасының ішкі әскері құрылды.
* 1993 ж. 15- қарашада Қазақстан Республикасының валютасы-теңге айналымға шықты.
* 1994 ж. наурызда Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты.
* 1995 ж. 30-тамызда Ата Заңымыз- Конституция қабылданды. 1-наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
* 1997 ж. 29 тамызда Елбасы Н.Назарбаев «Семей полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан -2030» стратегия-лық даму бағдарламасы әзірленді. Тілдер туралы заң қабылданды.
* 1998 ж. 10 маусымда Астана қаласының халықаралық тұсаукесері өтті. 24-қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан тұрғындарының 1 санағы өтті.
* 2000 ж. Мәдениетті қолдау жылы
* 2001 ж. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы.
*2002 ж. Денсаулық жылы.
*2003 ж. Ауылды қолдау жылы.
*2004 ж . Қазақстандағы Ресей жылы
*2005 ж. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жылы.
*2006 ж. Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтіні бекітілді
*2007 ж. Алматы қаласында Еуразиялық медиа форум өтті.
*2008 ж. Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді
*2010ж. Шанхай қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына төрағалық саммиті өтті
*2011 ж. Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл.
*2012 ж. Астана «Болашақтың қуаты» ЭКСПО-2017-ні өткізуге үміткер қала болды.
*2013 ж. Бірыңғай зейнетақы қоры құрылды.
*2014 ж. Жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» Жолдауы жарияланды. Ұлттық музей ашылды.
*2015 ж. 23- қарашада Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі шықты. Қазақстан Республикасы ның Конституциясына – 20 жыл
*2016 ж . Қазақстан Тәуелсіздігіне-25 жыл. Желтоқсан оқиғасына – 30 жыл.


Тәуелсіздік- бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын Туымызды, Әнұранымызды, Елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміз-дің негізі - Конституциялық заңды бекіттік. Көптеген елдермен экономика- лық қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік. Міне, биыл Тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 25 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған , бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Еліміздің сайын даласы Сарыарқаның төріне көрікті де қабілетті, сәулетті Бейбітшілік шаһары – Астана арқылы жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Мұндағы мақсат - Астана арқылы егеменді еліміздің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету. Бүгінгі Елордамыз Түркі әлемінің астана- сына айналып отыр. ТӘУЕЛСІЗДІК! ТӘУЕЛСІЗДІК! ТӘУЕЛСІЗДІК! * Ол бізге қымбат- ата-бабаның рухын көтергені үшін. * Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін * Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін. * Ол бізге қымбат- ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін. * Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді соқтырғаны үшін, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін.
Қандай өмірге бой түзеп, бағыт алсам да, мейлі қыран құстай биік ұшып, жоғарыдан төмен құласам да, өмірдің жолымен ұзаққа бойлай, тауға өрлеп шықсам да, талайлы тағдырдың жазғанына басымды иемін, бірақ сенің арқаңда, Елім, кең құшағымды жайып жүремін, жерімде еркелей аунап, секіремін, саған ғана сенемін, сені ғана ардақтаймын - ҰЛЫ ОТАНЫМ! Тәрбие.орг сайтынан Қазақстаным! Отаным! Мәңгілік Елім! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каримова Ардақ Елтаевна

Пікірлер: 0

avatar