Қазақ тілі 11сынып

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 291
  • Авторлық бағдарлама
  • 04/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22486


Қазақ тілі 11-сынып
Түсінік хат
Тіл –қатынас құралы. Адамның ішкі сезімін жарыққа шығарушы екені баршаға аян . Сонымен қатар білім алудың , қарыштап дамудың негізі. Ана тілінің қыр –сырын жетік меңгерген адам ешқашан қор болмайды. Елдің болашаға білімді жастарда дейміз .Соған орай жастар ең алғашқы білімді өз анатілінен алуы, туған тілімен сусындауы керек.Тіл –өнер-білімнің қаруы. Жан –жақты білім алып , бәсекеге қабілетті елдер қатарынан орын алуға жол ашады. Осы курс арқылы оқушыларды қазақ тілінен терең білім беруге болады . Оқушы теориялық білімді тәжірибеде талдап көрсе , білім есінде мұқият сақталады.Оқушылар ақын –жазушылардың шығармаларын талдай отырып білімін толықтырады , рухани азық алады.Негізгі мақсаты оқушылардың теориялық білімді дұрыс меңгеріп , тәжірибе жүзінде қолдануына жағдай жасау.
Қазақ тілі бағдарламасының мақсаты –қазақ тілін жетік білетін , тілдің тарихына қанық, оны ары қарай дамытатын , ана тілін жанындай сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Біздің міндетіміз – оқушыларға фонетика , морфология, синтаксик , пунктуация туралы теориялық білімді меңгерту. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып , ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Ойын ашық әрі сауатты жеткізе алатын , сөйлемді дұрыс құрап , орынды сөз оралымдарын қолданатын оқушы дайындау.
Күтілетін нәтижелер: оқушылар фонетика , морфология, синтаксик , пунктуация туралы теориялық білімді меңгереді. Шығармашылық қабілеті дами отырып , ұлтжанды азамат болады.
Ойын ашық әрі сауатты жеткізе алады , сөйлемді дұрыс құрап , орынды сөз оралымдарын қолданатын оқушы дайындалады. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілі 11сынып Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашенова Айгуль

ОҚО Мақтарал ауданы Ы.Алтынсарин атындағы №91жом Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar