Қазақтың ұлттық киімдері

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 456
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22974


Сыныбы:5
Пән:Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды халықтың өткен тарихына көз жібере отырып,ой-өрісін,ұлттық өнерге,киімге қызығушылығын ояту.
2.Дәстүрді насихаттау,әдемілікке,сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1.Оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру,олардың түрлерімен таныстыру.
2.Оқушылардың ұлттық бүйымға деген қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пән аралық байланыс:технология,музыка,комп.графика,этнопедагогика,тарих,әдебиет т.б
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, Балалар! Көңіл- күйлерініз қалай?
Енді сіздердің көңіл күйлеріңді толығырақ білу үшін мына күйіз үйдің ішінде көңіл күйді білдіретін белгілер бар.Соны келіп таңдай қойыңыздар.Күйіз үйдің ішінде күлгін,сары және қызғылт сары түстер бар Таңдалған түстер бойынша үш топқа бөліне қойыңыздар.
2.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын интерактивті тақтадан сұрақтардың жауаптарын іздеп табу.
1)Ою-өрнек дегеніміз?(геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып,үйлесімді құрылуы)
2)Ою өрнек үлкен үш түрге бөлінеді.Қайсысы жатады?(өсімдік тектес,зооморфтық,космогониялық)
3)Космогониялық ою-өрнектерге жатады?(ай,айшық,күн нұры т.б)
4)Зооморфтық ою-өрнектерге жатады?(кошқар мүйіз,мүйіз,қаз табан т.б)
3.Жаңа сабақ барысы:
Оқушылар бейне таспаға назар аударыңыздар. Бұл бейне таспадан не көрдіңіздер?Ал ойланайық балалар жауап береді бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы ашылады. Қазақтың ұлттық киімдері.
Мұғалім сөзі : Балалар әр ұлттың өзінің ұлттық киімдері болады. Ұлттық киім көненің көзі.Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту,әр бір мен қазақпын деген адамның парызы деп есептеймін.Жанағы бейне таспада көбінесе бас киімдерге тоқталған.Себебі қазақ халқы баскиімді қадір тұтқан.Бас киім жөнінде көптеген ырымдар бар.Біреудін бас киімін киме.Бас киімді төмен қоюға болмайды деген сияқты.Негізінен қазақ халқының ұлттық киімі шырылдап дүниеге келген сәбидің ит көйлегінен бастау алады.Енді қазір кішкене ұлттық киімдеріне тоқталып кетейік
Ер балалардың(боз бала) киімдеріне:жиде,шалбар,камзол,мәсі.тақия,тымақ т.б
Қыз балалар (бойжеткен) киіміне:көйлек,кәзәкәй,камзол,тақия,жаулық,кимешек,мәсі т.б
4.Практикалық жұмыс: Әр топ билет суыру арқылы өздеріне тапсырма алады.
1)Ер баланың жидесі мен шалбары
2)Қыз баланың көйлегі мен кәзәкәйі
3)Ер бала мен қыз баланың тақиясы

5.Сабақты бекіту
Оқушыларға қазақтың ұлттық киімдері жөнінде қосымша мәліметтер үйлестіріледі.
Киім- адам денесінің ауа райының,қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының,еңбегінің жемісі.
Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынадай түрге бөлінеді:ішкі киімдер,сыртқы киімдер,сулық киімдері,ерлердің бас киімдері,әйелдердің бас киімдері,аяқ киімдер.Бұларға мынадай киімдер жатады:
Іштік киімдер:бешпент,жейде(көйлек),камзол,күрте,шалбар.
Сыртқы киімдерге:жадағай шапан,жарғақ,күпі,сырмалы шапан,тай-жақы,тон,шапан,шидем,ішік,қолқам.
Сулық киімдерге:ақба,кебенек,кенеп,шекпен.
Ерлердің бас киімдері:башлық,бөрік,далбай,жалбағай,жекей тымақ,күл-пара,қалпақ,құлақшын,малақай,мұрақ,тақия,тымақ,шалма.
Әйелдердің бас киімі:бергек,бөрік,жаулық,желек,кимешек,күндік,орамал,қарқара,сәукеле,тақия,шәлі.
Аяқ киімдерге:кебіс,көк етік,мәсі,мық-шима,саптама етік,шоң-қойма.
Ұлттық киімдеріміз пайдалану,тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті,сәндік киімдер,жыл мезгілдеріне байланысты қыстық,маусым аралық,жаздық,күздік киімдер болып бөлінеді.Жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай да мынадай түрлерге бөлінеді:сәби,бала,бойжеткен,қалыңдық,келіншек,бәйбіше,күйеу,жас жігіт,ақсақал киімдері болып бөлінеді.
Осы мәліметті оқып алғаннан соң үш топ бір-біріне сұрақтар әзірлейді.
6.Сергіту сәті.
Оқушылар сендер шаршаған шығарсыздар.Келесі сабаққа жақсы көңіл күйде бару үшін біздер қазір өз-өзімізді сергітіп би билейміз.Қара жорға биін білетін шығарсыздар.
Қара жорға биі жалпы қырғыз халқынан алынған би деп айтып жатады.Деседе,оның адам денсаулығына пайдасы мол.Ол, тірек кимылдарын,бұлшықеттерімізді жақсартады.Ал қанекей балалар би билейік.Ән қосылады интерактивті тақтада би көрсетіліп тұрады.


7.Сабақты қортындылау.
Оқушыларды бағалау:үш топтың тапсырманы орындауларына және сұрақтарға жауап беруіне байланысты бағалау.
Үйге тапсырма:Әр мектептің өздерінің киім формасы бар,сол себепті сіздер балалар гимназиямыздың киім формасына қазақы ою-өрнектерді қолданып,мектеп формасының үлгісін жасап келу. Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың ұлттық киімдері Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қайсағалиева Дилара Бектемірқызы

Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar