«Қазақтың ұлттық ойындары» үйірме

  • Жүктеулер: 66
  • Көрсетілім: 1157
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23077


«Қазақтың ұлттық ойындары» үйірме

/Авторлық бағдарлама/

Түсінік хат

Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпақтарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен».

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы-ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Үйірме мақсаты:

Қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.

 

Үйірменің міндеті:

 

Қазақтың ұлттық ойындары балалардың бос уақытын көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

Ұлттық ойындар ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Бұл ойын кішігірім сабақ, дәріс. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқылы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

«Қазақтың ұлттық ойындары» үйірме

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

/Бастауыш сынып оқушыларына арналған/

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Р/с

Бөлімнің, сабақтың тақырыбы

Теория

Практика

Сағат саны

1

Кіріспе. Ұлттық ойындар туралы толық мағлұмат беру

1

 

1

І. Аңға, малға байланысты ойындар

2

Соқыр теке

 

1

1

3

Түйе мен бота.

 

1

1

4

Аңшылар

 

1

1

ІІ. Түрлі заттармен ойналатын ойындар

5

Орамал кетті, орамал кетті

0,5

0,5

1

6

«Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»)

 

1

1

7

Тымақ ұру

 

1

1

8

Сиқырлы таяқ

 

1

1

9

Ақ серек, көк серек

 

1

1

ІІІ. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар

10

Аударыспақ

 

1

1

11

Арқан тартпақ

 

1

1

12

Қолтұзақ

 

1

1

13

Ұшты-ұшты

 

1

1

14

Жасырынбақ

 

1

1

15

Итеріспек

 

1

1

ІV. Спорттық, той ойындары

16

Ақ сандық пен көк сандық

 

1

1

17

Жаяу көкпар

0,5

0,5

1

18

Жаяу тартыс

0,5

0,5

1

19

Белбеу тастау

 

1

1

20

Шүлдік (Чижик)

0,5

0,5

1

21

Күрес

0,5

0,5

1

22

«Тақия тастау»

0,5

0,5

1

V. Қимылды ойындар

23

Тымпи-тымпи ойыны

 

1

1

24

«Сымсыз телефон» ойыны

 

1

1

25

Санамақ

 

1

1

26

Айдаһардың құйрығы

 

1

1

27

Көңілді маймылдар

 

1

1

VІ.Логикалық ойындар

28

Мақал жарыс

 

1

1

29

Тапқыштар

 

1

1

30

Балық, құс, аң

 

1

1

31

Өз атыңды тап!

 

1

1

VІІ. Өзін-өзі тануға арналған ойындар

32

Жақсы сөз - жарым ырыс

 

1

1

33

Мен кіммін?

 

1

1

34

Қорытынды сабақ

 

1

1

   

4

30

34


 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Молдағаринов Асқар. «Қазақ ойындары» балаларға арналған. Алматы «Балалар әдебиеті» баспасы. 2007ж. 48б.

2. Құрастырған Қыдырәлі Саттаров. «Ғажайып бау» Алматы «мектеп» 1989ж

3. Құрастырушы Бейбіт Сапаралин. «Құтты болсын тойларың!» Алматы «Өнер» 1990ж.

4. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.

5. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.

Тәрбие.орг сайтынан «Қазақтың ұлттық ойындары» үйірме Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Окасова Тулеш Хасеновна

бастауыш сынып мұғалімі, мектеп тренері

Пікірлер: 0

avatar