Қазақтың текті қыраны

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 258
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21468


Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақтың текті қыраны

1-жургізуші
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Біз бүгін отанына шын берілген , қайсар жүрек Талғат Бигелдиновтың 95жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың текті қыраны » атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
1-жүргізуші:
Мақсатымыз: Оқушыларды Талғат Бигелдинов өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру . Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

2-жүргізуші:
ҚР әнұраны шырқалсын!
1-жүргізуші:
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
2 жүргізуші:
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 72 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.

1-жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1-минут үнсіздік, еске алу).

2-жүргізуші :

Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді. Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.
1-жүргізуші:

Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов Кеңес одағы батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы.
2-жүргізуші :
Маңдайдағы наркескеннің бірісің,
Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің.
Халқыңменен біргесің сен, жан ата,
Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің!
Катюша әні
1-жүргізуші:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.

Талғат Бегелдиновтың өмірбаяны айтылып өтіледі. Слайд көрсетіледі.

2- жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
1-жүргізуші:

Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

Көрініс "қазақтың текті қыраны"

1-жүргізуші:

Ақдидардың Талғат Бигелдинов атамызға арналған өлеңі оқылады.

1-жүргізуші:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,\
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

2-жүргізуші:

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Менің Қазақстаным ! әні

1-жүргізуші:
Қазақ елінің бүгінгі таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтті. Олар: туған елі, жері, ана тілі. Сондай-ақ еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің нәтижесі. Қол жеткен жемісі. Міне, оқушылар мына байлақтың иесі сендер – Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендер.

2-жүргізуші:
Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Ән. «Атамекен».
Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың текті қыраны Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аманкулова Алия

Пікірлер: 0

avatar