Ғажайып математика

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 189
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22988


Білім беру саласы: «Таным»,«Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Қарапайым математика, сөйлеуді дамыту,аппликация.

Тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты: 5көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санауға үйрету.

2.Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру,іс-әрекет дағдыларын меңгерту. Ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау. Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Түстерді ажыратуға,тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар,гоеметриялық пішіндер,сандар,суреттер.

Билингвизм: бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять.

Инклюзивтік білім беру: Топпен жұмыс жүргізу.

 

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылулық шеңбері

-Қане ,балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар мынау ненің суреті?

-Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

-Таңертең тұрған кезде ата-аналарың «Қайырлы таң »деп айта ма?

Қане біз де қайырлы таң тілейік.

  • Қайырлы таң көздерім,сендер ояныңдар!
  • Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар!
  • Қайырлы таң саусақтарым,сендер ояныңдар!
  • Жарайсыңдар балалар,бүгінгі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырайық.
  • Бүгін бізде қарапайым математикадан ашық оқу іс- әрекеті.

 

 

 

 

-Күннің

 

 

 

-иә

 

Балалар

қимыл

қозғалыспен

жасайды

 

 

Ұйымдастыру, іздену

 

Рефлексивті

түзету

 

 

-Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын

Мына шарларды ала келдім.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Қане атап шығайық.

Ақ шарды көрсету.

- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

- Қыста жер қандай болады?

Сары шарды көрсету.

-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жер беті сары кілемге ұқсайды?

Жасыл шарды көрсету.

-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.

- Табиғат көктемде оянып жер беті жасыл

шөпке толады.Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету.

-Қызыл түс қай жыл мезгілін білдіреді?

-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

 

-Балалар,түстерін білдік,енді сиқырлы шардың

Ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Бір бала шығып шарды жарады.

-Балалар,бізге тапсырмалар берілген,осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, «шығарма-

шылық орталыққа» барамыз.

 

Билингвизм жүргізу. Бір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыре,бес-пять.

І-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура және кері

санау.

2-тапсырма:Д/О. Сандардың көршісін табу. .

«Жоғалған сан»

 

Санамақ айту.

 

 

 

 

3-тапсырма: Логикалық есептер.

  • Қоянда неше құлақ бар?
  • Қолда неше саусақ бар?
  • Аспанда неше жұлдыз бар?
  • Екі аюда неше бас бар?

 

 

4-тапсырма: Жұмбақтар

1.Адамға серік,күзетке берік.

2.Жүрегі бар ізі жоқ,

Қанаты бар ұшпайды.

Су астында қыстайды.

3.Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым,

Таба алмадым атам менен әжемді,

Үйімді мен сағындым.

-Бұл қай ертегі,балалар?

 

4.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

Тақпақтар:

Пішіндер туралы әңгімелеу.

Балалардан сұрақ-жауап алу.

 

Шығармашылық орталық

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

(үшбұрыш және төртбұрыштан) Геометриялық пішіндерден үйді құрастырып,жапсыру.

 

Қ/О: «Пішіндер» ойыны

 

 

Қорытынды:

-Геометриялық пішіндерді кілемшеге

орналастырдық.

-1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.

-Жұмбақтар шештік

-Логикалық есептерді орындадық

-Геометриялық пішіндерден үй құрастырдық.

 

 

-Жарайсыңдар балалар,келген қонақтармен

қоштасайық.

 

Мақтау,мадақтау.

 

 

 

-төрт мезгіл

-қыс,көктем,жаз,күз

 

- қыс

- ақ

 

Күз

 

 

 

  • Жасыл

 

  • Көктем

 

-Жаз

-Жазда

Кәусар

Бір дегенім бесік,

Шықтық одан өсіп.

Кәусар

Екі дегенім елім,

Өзен,тауым,көлім.

Құлпынай

Үш дегенім үміт,

Үміт артар жігіт.

Нұрасыл

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

 

 

 

 

 

Нұрай

Бес дегенім бақыт,

Бағалайтын уақыт.

 

 

 

-екі құлақ бар

-бес саусақ бар

-аспанда көп жұлдыз бар

-екі бас бар

.

 

 

  • ит

 

 

  • балық

 

 

 

 

  • Бауырсақ

 

 

  • қой

 

 

Балалар қимыл қозғалыспен

жасайды

 

 

Аида

1.Мені білгің келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап

Ең басында тұрамын.

Еркеназ

2.Бірден кейін тұрамын

Сандар іші тұрағым.

Бірге бірді қосқанда

Иіліп мен шығамын.

Әбубәкір

3.Екіден соң әрқашан

Үш саны боп қаламын.

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын.

 

 

 

 

Құлпынай

4.Достар мені төрт дейді,

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке ағамын

Жақсысымын бағаның

 

Дидар

5.Әр қолда саусақ бес-бестен,

Шықпас тегі ол естен,

Біліп санның шамасын

Мысал ойлап аласың

 

 

 

 

 

Балалар пішіндерден

үй құрастырады.

 

Балалар қызыға ойнайды

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие.орг сайтынан Ғажайып математика Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досбаева Гулжан Айтугановна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar