Ғажайыпстанға саяхат

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 577
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19416


Сабақтың тақырыбы: «Ғажайыпстанға саяхат»

Сабақтың мақсаты:

    Балаларды  7-көлеміндегі  сандарды дұрыс санай білуге,сандардың реттік қатарын жаңылмай айтуға, көп-аз,артық-кем  ұғымдарынтүсінуге үйрету. Заттардың кеңістікте орналасу бағыты, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.Берілген тапсырмалар арқылы тілін ақыл ойларын дамыту.Есепке деген балалардың қызығушылығын арттыру, ауызбіршілікке, ұқыптылыққа баулу.

 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

             а) Жылулық шеңбері

             ә) Санамақтар

 

II.Өткен сабақты еске түсіру.

а) Сандарды тура және кері санау

ә) Қайталау сұрақтары

б) Пішіндерді құрастыру

 

III.Жаңа материалдың мазмұны.

1.7-санымен таныстыру.

2. Көңілді пойызбен «Ғажайыпстанға саяхат»

а) Мақал-мәтелдер айту

ә) Жұмбақтар шешу

б) Санға байланысты ертегілерді атау

3.Бекеттер тапсырмасы.

а) Жануарлар,аңдар,құстар тұратын үйдің қабаты мен есігін сандармен белгілеу.

ә) «+», «-» таңбаларына есептер шығару.

   Дидактикалық ойын: «Жетіспейтін пішіндерді толықтыр»

б) Салыстыру таңбаларына  тапсырма

в) А-4 бетінде тапсырма бойынша пішіндерді орналастыру.

г) Ұзын-қысқа, қалыңжұқа, үлкен-кіші сөздері берілген заттар арқылы анықтау.

д) Қай бөлік үлкен (тұтас па, жартысы ма) сергіту жаттығуы.

е)  Жұмбақ ауызша, логикалық есептерді шешу.

ж) Лабиринт (саяхатымыздың жолын сызып көрсету).

 

  1.  

 

    Қане, балалар, шеңберге тұрайық.Қараңдаршы, бүгін біздерге қонақ апайлар келіпті, амандасайық-ендеше:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне, еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы гой,

Ал қанеки,бәріміз,

Сәлематсізбе, дейік үлкенге.

Сәлематсыздар ма, апайлар!

   Орнымызға отырайық та, сабағымызды санамақ айтудан бастайық:

  1.                                                              Қоян қашқын,

    Қайда қаштың?

      Тоғайға қаштым.

 Неге қаштың?

 Сенен састым.

Неге састың?

 Ізімді бастың.

   Ендеше қашпа,

            Мылтығыңды  таста,

    Аузынды аш та,

  Он сөз айт тез!

  Балалар, 1-10-ға дейін  тура және кері санайды.(1,2,3,4,5,6,7,8,9,10)

  1.                                                              Сәл демалып, тынып ал,     

                                                           Тақпақ тыңдап ұғып ал,

       Апта деген атайдың

         Жеті бірдей ұлы бар

       Біріншісі-дүйсенбі,

   Екіншісі-сейсенбі

    Үшіншісі-сәрсенбі

       Төртіншісі-бейсенбі

Бесіншісі-жұма

    Алтыншысы-сенбі

      Жетіншісі-жексенбі.

Сұрақ: Сонда аптаның неше күні бар екен?

Балалар жауабы: 7

Сұрақ: Балабақшаға аптаның қай күннен бастап келесіңдер?

Балалар жауабы:   Дүйсенбіден.

Сұрақ: Қай күнге дейін келесіңдер?

Балалар жауабы: Жұмаға дейін.

Сұрақ: Демалыс қай күндері?

Балалар жауабы: Сенбі, жексенбі.

Сұрақ: Енді балалар жылдың неше мезгілі бар?  Кім айтады?

Балалар жауабы: 4-мезгілі бар: қыс, көктем,жаз,күз.

Сұрақ:Қазір жылдың  қай мезгілі?

Балалар: қыс деп жауап береді.

Сұрақ:Қыс айларын атаңдаршы?

Балалар: желтоқсан,қаңтар, ақпан.

    Балалар алдарыңыздағы  үстел үстінде геометриялық пішіндерді құрастырайық. Сұрақ: Ал пішіндерден не құрастырдық?

Балалар жауабы: Пойыз.

Сұрақ:  Қандай пішіндерден тұрады?

Балалар жауабы:  Шаршы, тіктөртбұрыш, дөңгелек.

Бұл құрастырылған Пойызымызды «Көңілді пойыз» деп атайық. Енді  «Көңілді пойызға» отырып, математика әлемі  « Ғажайыпстанға» саяхат жасаймыз. Ендеше пойызымыға мінейік:

         Қане, кімнің бойы ұзын?

         Паравозы ол пойыздың,

                                                        Қатар-қатар тұрайық,

     Пойызды біз құрайық.

    Ал паравоз баста алға

Бәрімізді басқар да

          (пш-пш, пш-пш, біз кеттік)

          (пш-пш, пш-пш, біз кеттік)

Жүрісті біз үдеттік.

       Саяхат көңілді болу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын:

  1.  Туысқан бес кісі,

            Бірінен бірі кіші.

            Бәрінің аты бір,

            Ең кішісі-шеткісі                                                                  

                                                                                            (саусақ)

  1. Екеуі көріп, екеуі тыңдып отыр.

                                                                                                   (көз, құлақ)

  1. Басында үлкен қақпағы бар,

          Бір аяқтап тұрады.

                                                                                                           (саңырауқұлақ)

 

    Қане, балалар санға байланысты қандай мақал-мәтелдер бар білесіңдер ме?

  1. Жетеуі біреуін күтпейді.
  2. Жеті рет өлшеп- бір рет кес.
  3. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

  1. Жүз теңген болғанша,

Жүз досың болсың.

Естеріңе түсіріңдерші сандарға байланысты қандай ертегілер бар? (жеті лақ, үш аю)

Міне, балалар әне-міне дегенше «Көңілді пойызымыз»: «Ғажайып қала» бекетіне келіп тоқтады. Бұл қалада әдемі үйлер көп екен, түсіп тамашалайық.

Сұрақ: Бұл үйлерде кімдер тұрады?

  • жануарлар, құстар,аңдар тұрады.

Сұрақ:  Қанша үй бар екен?       (балалар санайды)

  •   7 үй.

    Жануарлар мен құстар, аңдар бізге  тапсырмалар дайындаған екен, сол  тапсырмаларды орындайық. Бір бала тақтада орындайды.қалғандары тыңдап, орындарынан орындайды.

1. Жануарлар, құстар, аңдар тұратын үйдің қабаты мен есіктерін сандар бойынша белгілейді.

2. Тапсырма-есептер шығару.

     1+1=        3+1=        5+1=       7+1=     5-1=     3-1=

     2+1=        4+1=        6+1=       6-1=      4-1=     2-1=

Дидактикалық ойын: Жетіспейтін пішіндерді толтыр.

3.Тапсырма. Тор көз  ішіндегі сан бойынша пішіндерді орналастырады.

  1.  

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

  1.  

 

 

 

 

 

 

  

  

 Рет-ретімен пішіндерді орналастыр.                 Пішіндерді кезектестіріп, орналастыр.

 

 

 

  

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Тапсырма –салыстыру (көп-аз,тең) таңбалары арқылы.

 Бұл бекеттің тапсырмаларын жақсы орындап шықтыңдар, енді пойызымызға мініп, әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Жолымызда «Шытырман қала» бекеті бар екен. Пойызымыз осы бекетке келіп тоқтады.Бұл бекетте де бізге тапсырмалар бар екен, орындап көрейік:

1.Ақ қағаз бетіндегі пішіндердің орналасуын түсіндір..Дәл ортасына дөңгелек, сол жақ  жоғарғы бұрышына -тіктөртбұрыш, сол жақ  төменгі бұрышына-үшбұрыш, оң жақ жоғарғы бұрышына-шаршы, оң жақ төменгі бұрышына-сопақшаны орналастырамыз.

2.Қалың-жұқа, ұзын-қысқа, үлкен-кіші сөздерін берілген заттар арқылы анықтау.

3.Қай бөлік үлкен? (тұтас па, жартысы ма) . Бүтін қағазбен ортасынан екіге бөлінген қағазды салыстыру.

4. Лабиринт  (саяхатымыздың жолын сызып көрсету).

5. Таңертең, түс, кеш мезгілдерін қалай түсінесіңдер?

 

Балалар шаршаған шығарсыңдар, сергіту сәтіне саусақ жаттығуын жасаймыз.

1.Жалғыз саусақ тірті де,                              2. Бір үйде біз нешеуміз?

   Ұстай алмас жіпті де                                      Бас-бармағым-әкем

   Екі саусақ бірікті                                             Балан үйрек-шешем

   Ине қолға ілікті                                               Ортан терек-ағам

   Үш саусағым орамды                                     Шылдыр шүмек-апам

  Жүгіртеді қаламды                                          Кішкене бөбек-мен

  Өнерлі екен он саусақ                                     Бір үйде біз нешеуміз?

  Қала салсақ ,жол салсақ.                                 Бір үйде біз бесеуміз.

Енді пойызымызға мініп келесі соңғы бекетімізге барайық.Ол бекет біздің тобымыз. Саяхаттымыз аяқталып келеді. «МАД тобы»  бекеті де тапсырмалар  дайындап қойыпты, орындауға кірісейік.

1-тапсырма. Жұмбақ есептер, қане шешейік, ендеше!

  1. Бір көжекке бір көжек

Келе қалды қонаққа

Үш сәбізден бірден жеп

Тойып алды тамаққа

Айтыңдаршы, балалар

Неше сәбіз, барлығы                                                        (6)

 

  1. Ұлпа жүнін қыздырып,

Күн шуақта бір күшік

Отыр еді маңына

Тағы келді бір күшік

Неше болды сен сана                                                               (2)

 

  1. Табақта үш алма

Қолыңда екі алма

Барлығы қосқанда

Болады неше алма                                                                   (5)          

 

2-тапсырма. Ауызша есептер.

  1. Биыл жастарың 6-да келесі жылы нешеге толасыңдар?     (7)         
  2. Ағашта бес торғай отыр еді, тағыда екі торғай келіп қонды, барлығы қанша торғай?                                                                                     (7)            
  3. Далада  алты бала ойнап жүр еді, үш баланы анасы шақырып алды, қанша бала ойнап жүр?                                                                               (3)       

3-тапсырма.     Логикалық есептер.

  1. Қара ағашта үш алмұрт өсіп тұр,шыршада екі алмұрт өсіп тұр, ал барлығы

қанша алмұрт пісіп тұр? (Шыршада, қара ағашта алмұрт өспейді.)

  1. Бос кеседе неше конфет бар?   (Ештене жоқ)
  2. Үстелде үш аяқ бола ма?   (төрт аяқ)
  3. Көйлекте  үш жең бола ма?    (екеу)
  4. Есіксіз үй бола ма?     (жоқ болмайды)

Қорытынды.

Жеті санының қасиеті:   7-күн, 7-қазына, 7-түс, 7-ата, 7-шелпек, 7-қарақшы,7-жұт.

  •   7-сан неге ұқсайды?     (шалғы-орақ)

Балалар  сіздердің білімдеріңнің арқасында ғажайыпстанға саяхатымыз сәтті аяқталды. Жақсы жауап беріп, жақсы қатысқандарыңа көп-көп рахмет.Қане қонақтарға сау болыңыздар айтып, қоштасайық. Сабағымыз аяқталды.

Тәрбие.орг сайтынан Ғажайыпстанға саяхат Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сырлыбаева Жаннат Төлепқызы

Атырау қаласы Ақжар селосы №59 «Ақбөбек» балабақшасы математика пәні жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar