Қазіргі сән

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 81
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23266


Сабақ жоспары
САБАҚ: Қазіргі сән Мектеп: «№7 мектеп-гимназиясы» КММ
Күні: 11.10.2017 Оқытушының аты-жөні: Жүзтаева Нұрзат Әбдімұратқызы
СЫНЫП: 5 «Ә,В» Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Т/А4 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
О2. Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар құрастыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Бейнематериалдан негізгі ойды анықтай алады.
Кейбір оқушылар:
Тыңдалым мен оқылым мәтінін салыстыра отырып, ауызекі сөйлеу мен жазба стильдің айырмашылықтарын тани алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Тақырыпқа қатысты негізгі ойды анықтай алады. Өз көзқарасын дәлелдеп, әңгіме құрастырып жаза алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Мәтін, әңгіме, пікірталас, проблемалық сұрақ
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Сән әлемі, стиль, замануи сән, тамаша талғам, киім кие білу
Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамның киген киімі оның ішкі жан дүниесі туралы айтып бере ала ма?
Киім кию сәні қайдан пайда болады?
Ишара: қолдау сөз, смайлик, бағалау теңгелері
Алдыңғы білім Киім түрлері және талғам
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекеттер Ресурстар
Басы
3 минут «Кім басшы?» ойынын ойнату
Сабақтың ортасы
3 минут

5-минут

4 минут

5 минут

10 минут

7 минут

Қызығушылықты ояту:
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан бүгінгі және өткен замандардағы жастардың киім үлгісіне қатысты слайдтар көрсетіледі. Ой шақыру сұрақтары қойылады:
- Қазіргі сән туралы достарыңмен сөйлескің келе ме?
-Қазіргі сән өнерін бағындырған өнерпаздар кімдер?
-Өткен заманның киім үлгілеріне қалай қарайсыз?

Мағынаны тану
Оқшау сөздер - сөйлем құрамындағы басқа сөздерменграмматикалық байланысқатүспейтін сөздер мен сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің) сөйлем құрамындағы өзге сөздермен не қабыса, не матаса, не меңгеріле, не қиыса байланыспайтындығы ескеріледі. Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы аңғарылады.
Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр. Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше деген қыстырма сөз. Оқшау сөздерге қаратпа, қыстырма, одағайсөздер жатады.
• Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді, бұл – көбінесе көркем әдебиетте кездесетін құбылыс. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі бауырың(Жамбыл).
• Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі. Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты(М. Ә.)
• Одағайлар кісінің сезімін, көңіл-күйін білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы, Япырай, ғажап екен бұнысы! - деді Балқаш. Уа, Қалиса жеңгей, аманбысың! (С. М.)

1-тапсырма. (ЖЖ)
(Тыңдалым материалы) Тыңдалған аудиожазба бойынша тірек сөздер мен жетекші сұрақтардан негізгі ойды анықтаңыз.
Дескриптор:
-Аудиожазба мазмұнынан тірек сөздер мен проблемалық сұрақтар құрап жазады.
-Жазған жұмыстары мен тақтада көрсетілген тірек сөздер мен жетекші сұрақтарды салыстырады.
-Салыстырудан соң ортақ пікірге келіп, тақырыптың негізгі ойын анықтайды.

Тірек сөздер: жас ерекшеліктері, жеке стиль, екі сәнді үйлестіру, эклектизм, стиль қосындысы, жаңа стиль, классикалық стиль

Жетек сұрақтар:
1. Не себептен 14-20 жас аралығында не себептен өзіндік стиль пайда болады деп есептейсіз?
2. Спорттық үлгідегі киімді тек қана спортшылар киеді деген пікірмен неге келіспейсіз?
3. Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?

«Туннель әдісі» (оқушылар екі қатарға қарама-қарсы тізіліп тұрады да, араларынан өтетін оқушыларға екі түрлі бағыт бойынша өз көзқарастарын білдіреді, туннельдің соңына жеткен соң оқушылар екі жақты пікірді салыстыра келе, бір қорытынды шығарады)
Классикалық стильдегі киім мен жасөспірімдер арасында көп қызығушылық тудыратын заманауи «К-РОР» бағытындағы стильді салыстыру.

2-тапсырма. Берілген оқылым материалы бойынша:
1-топ: диалог
2-топ: хабарландыру
3-топ: жарнама
4-топ: хат құрастырып, өзара (1-2, 3-4 топ бірлесіп) лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын салыстырады.
(Оқылым материалы)
Сәнде маңызды ұғымдардың бірі– стиль. Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.

Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Классикалық стиль: • Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы; • Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата; • Түстері қатты ашық емес және нәзік; • Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды; • Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.

Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.

Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.

Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады

«Бұрыш» стратегиясы (талқылау)
Бейнематериалдың мазмұны негізінде сыныптың қабырғаларына 4 түрлі түс ілінеді. Оқушылар өз көзқарасына орай таңдаған бұрышына топталады.

1-бұрыш: Қара түс – қара түс киген адамдардың психологиясы мен жүріс тұрысын топ бойынша болжап айтады.
2-бұрыш: Қызыл түс - қызыл түс киген адамдардың психологиясы мен жүріс тұрысын топ бойынша болжап айтады.
3-бұрыш: Күлгін түс - күлгін түс киген адамдардың психологиясы мен жүріс тұрысын топ бойынша болжап айтады.
4-бұрыш: Жасыл түс - жасыл түс киген адамдардың психологиясы мен жүріс тұрысын топ бойынша болжап айтады.

Топтағы оқушылар өзара бір-бірлерімен пікірлерін «ПОПС» формуласы бойынша ой алмасады, ойларына мәтінде оқыған ақпараттарды дәлел етіп келтіреді.

«ПОПС» формуласы:
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» https://www.youtube.com/watch?v=EMDr6p4kSf8

Аудиожазба



https://www.youtube.com/watch?v=9fQ8aE9VeC4
Соңы
3 минут Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы.
Рефлексия.
«Бес саусақ» арқылы бағалау.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.
Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым.
Ортанғы саусақ – мен үшін қиын болғаны.
Аты жоқ саусақ – сабақтағы психологиялық ортаны мен қалай бағалаймын.
Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болғаны.

Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтарменбайланыс
Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп бағаланады Дүние жүзі және Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Презентация қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 - 25 минуттан артық қолдануға болмайды.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1:

2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1:

2:

Жүзтаева Нұрзат Әбдімұратқызы
«№7 мектеп-гимназиясы» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Қазіргі сән Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жүзтаева Нұрзат Әбдімұратқызы

«№7 мектеп-гимназиясы» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar