Қазіргі сабақ: дәстүрлер мен инновациялар

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 431
  • Авторлық бағдарлама
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20947


Қазіргі сабақ: дәстүрлер мен инновациялар
Қазіргі қоғам дамудыңжылдамдығымен, жоғары мобильділікпен ерекшеленеді. Даму адам өмірінің барлық саласында болып жатыр. Сондықтан жас буын оны қоршаған әлемдегі оқиғалар мен жағдайларға тез төселіп кетуі керек, ол үшін мықты білім мен іскерлік, дағдыны алуы тиіс. Қазіргі қоғам адамға мынадай талаптар қояды: жоғары сапалы білім,коммуникативтілік,қойған мақсатқа жетушілік,креативтілік-шығармашылық,ал жемісті карьера үшін лидерлік сапалар /қарым-қатынасқа түсе алу,кездейсоқ, әрі жаңа шешімдерді таба білу т.б/.
Қоғамдағы қайта құрулар,экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қолайлы талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазақстан Республикасының «Б3л3м беруд3 дамыту ба5дарламасында»: «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты-білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес,әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту».- деп көрсетіледі, яғни белгілі бір қасиеттерге ие бола отырып, жастар қазіргі қоғамда әлеммен,өзімен, басқалармен бірге өзара үйлесімді өмір сүре алатын және қоғамға адал қызмет етіп, пайдасын тигізетін адам болып қалыптасуы тиіс. Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,-деп белгіленеді. Білім берудің негізгі мақсатына қол жеткізу үшін, сапалы білім беру,оқытуды тиімді ұйымдастыру, яғни сабақ арқылыбілімді оқушыға нақты жеткізу, оның ғылыми , қоғамдық, мәдени, техникалық іс әрекетінің өсуіне жағдай жасау,білімді өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруды үздіксіз жүргізіп отыру қажет.
Осылай, білім беру жүйесі, мақсаты мен мазмұны өзгеруіне сай оқытудың жаңа құралдары мен оқыту технологиялары пайда болса да сабақ оқытудың негігі формасы болып қала береді. В.И Даль сөздігінде: «Сабақ-қажетті уақытты қажетті ілімді беру, міндетті тапсырма, ақыл, нақыл, ғылым». Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Сабақ-оқытудың міндеттерін, яғни білім беруін,тәрбиеленуін және дамуын шешуге жүйелі түрде қолданатын белгілі бір уақыт аралығында тұрақты құрамдағы мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың формасы».
Сабақ дәстүрлі жүйе де қазіргі жаңа жүйе де болған, бар және болады да, ол ХYIIғ.-дан бері яғни 350 жылдан беріөмір сүріп келеді. Сабақ қазіргі білім берудің басы да негізгі формасы оған оқу жұмысының 98% беріледі. Қандай инновациялар енгізілмеседе сабақтың негізгі қатысушылары: оқытушы мен оқушы болып қала береді. Ал оқытушы кез келген сабақтағы басты тұлға негізгі білім беруші, жол көрсетуші.
Сабақ қоғамдық сұраныс пен талаптарға сай өзгеріп отырады. Оған мынадай негізгі факторлар ықпал етеді:
*Жаңа білім стандартының енгізілуі оның негізінде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңаруы.
*Жаңа оқыту технологияларының қолданылуы.
*Мемлекеттік деңгейде бағалауды бақылау
Сондықтан да сабақ қазіргі заман сабағы болуы керек, яғни бұрынғы дәстүрді жоғалпаған, өзекті сабақ деген сөз. Өзекті сабақ дегеніміз-қазіргі уақытта керекті, қажетті және қоғамның талаптарын, қоғамдық сұранысты жүзеге асыратын сабақ.
Қазіргі сабақ - өзгеріп отыратын қоғам жағдайындабілім алушыны өмірге үйрету,демократиялы,өзектіде қызықты, білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруге бағыттайтын мұғалім мен білімалушылардың шығармашылық жұмысының негізгі формасы.
Қазіргі сабақтың негізгі идеясы-оқыту мен тәрбие, дамудың бірлігі.
Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
-жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын, яғни оның танымдық,жасампаздық қабілеттерінашатын.
-Қоғам талап етіп отырған білім сапасын көтеруге бағытталған
-Білім алушыны өмір сүруге бағыттайтын т.б.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»
2. Психологияляқ-педагогикалық сөздік/Б.А Молдағалиев, Л.М Маденова, Ж.Ж Жораллаева, Қ.Р Қажымова/ А, «Арыс»2011
3. Решетников П.Е Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: рождение мастера. М, ВЛАДОС, 2000 Тәрбие.орг сайтынан Қазіргі сабақ: дәстүрлер мен инновациялар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупова Алия Ашимовна

Астана қаласы №66 мектеп-лицей физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar