Қазіргі шешендіктің түрлері. Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1117
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19267


 

БҚО, Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы

Ш. Жексенбаев атындағы ЖОББМБ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Садыкова Гүлжан Маратқызы

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі шешендіктің түрлері. Н.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік толғауы» еңбегі

Сабақтың мақсаты:

Әрбір адам үшін шешендік сөздердің,  толғаудың маңыздылығының зор екенін үйрену.

 

Күтілетін нәтиже:

А) Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін қазіргі шешендіктің түріне жататынын біледі.

В) Елбасының әрбір сөзіне талдау жасау арқылы оның бойындағы ерекшеліктерді анықтайды.

С) «Мәңгілік Ел – тәуелсіздіктің өмірлік философиясы» жайында өз ойларын қорытындылайды.

 

Стратегиялық

 іс-әрекет.

«Аквариум», «Бірге ойлаймыз», «Көршіңді тексер», ассосация.

Ресурстар

«Елбасы» портреті, флипчарт, маркерлер, смайликтер, видеопроектор, өзін-өзі бағалау парақтары, YOU TUBE сайтынан бейнеролик.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру.

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Ой қозғау.

 

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сыныпқа жағымды қарым-қатынас орнату.

 

 

«Тәуелсіздік толғауы» сөзжұмбағын жасырамын..

 

 

Шешендік өнер дегеніміз не? Ол қай ғасырлардан бастау алған?

Қазақ халқының би-шешендерін атаңыз.

 

Қазіргі шешендіктің түрлері.

Түрі

Жанрлық сипаты

Білім-ғылым мазмұндық шешендік

Дәріс, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми мақала, ғылыми көпшілік дәріс

Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік

Саяси шолу, репортаж, саясат сөздері, әскери патриоттық сөздер, съезд, конференция, митингідегі сөз, дипломатиялық сөз, парламенттегі сөз

Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік

Бата, тілек, аза сөздер, мақала, баяндама, очерк, құттықтау сөздер

Діни мазмұнды шешендік

Діни уағыз, иман, тілек, Құран сүрелері

Сот ісі шешендігі

Айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің сөзі.

 

 

 

 

 

Оқушылар сөзжұмбақтағы шешендік сөздердің авторларын таба отырып, жаңа тақырыпты ашады.

 

 

Мағынаны тану кезеңі

 

 

 

Видеопроектордан Елбасының «Тәуелсіздік толғауынан» бейнеролик көрсетемін. Н. Назарбаев кім? Оның өмір жолы, туған жері туралы не білесіздер?

 

 

Оқушылар бейнероликтен корген үзіндіден өз ойларын қорытып,  түсінгендерін баяндайды.

 

 

Оқулықпен, тақтамен жұмыс

1-топ.

26-жаттығу. Елбасы толғауын әлеуметтік саяси-мазмұнды шешендікке жататынын түсінідіріңдер. Толғау мазмұны   бойынша «Тәуелсіздік дегеніміз не?» тақырыбында ойталқы өткізу.

ІІ-топ. 27-жаттығу. Мәтін қазіргі шешендіктің қай түріне жатады? Мақала тілінің көркемдігін стильдік бояуына қарай талдаңыз. Жалқы есімдердің жасалу жолдарын анықтаңыз.

ІІІ-топ. 31-жаттығу. Төмендегі қазанаманы шешендіктің қай түріне жататынын дәлелдеңіздер. Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түлеріне қарай ажыратыңыздар.

 

 

 

 

Жаттығуды топ болып орындап, тақтаға жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау-табыс кілті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс «Тәуелсіздік толғауынан туындаған ой...»

І-топ. 3.Сөйлемдегі сан есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз. Қарамен берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз.

 

Екеуі де рухы биік ұлттық поэзияның сәтті бір күні тәңірінің қалауымен туа салған тамаша талант еді: бірі жер бетінде жетпіс алты жыл, екіншісі небәрі елу үш-ақ жыл өмір сүрді.

 

Сөйлемдегі оқшау сөзді тауып, түрін ажыратыңыз.Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

ІІ-топ.   Амал не, жарық дүниеде көрер қызығы мен қуанышы көп жас ғұмыр  қаныпезер қарақшының қолынан қыршыннан қиылып, рақымсыз ажалдың тырнағына ілікті. Артында аңырап ата-анасы, өмірлік серігі мен екі нәрестесі қалды.

ІІІ-топ.

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

 

Біздер марқұм Гаспринскийдің арқасында өзімізді тани бастадық.

 

Тәуелсіздігіміздің негізін айқындайтын «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші Алматы қаласының Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында Желтоқсанның жиырма жылдығы қарсаңында орнатылды.

 

 

 

 

 

Оқушыға толғау туралы ойын 7-8 сөйлеммен жеткізуді тапсырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өздеріне берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Сөздерге фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы тақырыпты  7-8 сөйлеммен жеткізіп, ой қорытады.

 

 

 

 

 

 

«Бірге ойлаймыз» стратегиясы

  1. Саясат сөздері, әскери патриоттық сөздер қазіргі шешендіктің қай түріне жатады? (әлеуметтік-саяси)
  2. Аза сөздер, мақала, баяндама қазіргі шешендіктің қай түріне жатады? (әлеуметтік-тұрмыстық)
  3. Қазіргі шешендіктің түрлерін 5 топқа жіктеген ғалымдар кімдер? (Г.З.Апресян, Р.Сыздық)
  4. Осыдан қырық жыл бұрын осылай топқа бөліп жіктеген ғалым кім? (А.Байтұрсынов)
  5. Сот ісі шешендігіне жататын сөздерді атаңыз.(айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің сөзі)
  6. Діни мазмұндық шешендікке жататын сөздерді жазыңыз. (діни уағыз, иман, тілек, Құран сүрелері)
  7. Айтылатын сөздер тыңдаушыларға әсер ететін түрде: не көтеріңкі көңіл-күймен, не мұңды өкінішпен ұсынылатын шешендіктің түрін табыңыз. (әлеуметтік-тұрмыстық)
  8. Барлық шешендік сөздің түрлеріне ортақ сипаттарды атаңыз. (ақыл-ойын қозғау, ұғым-түсінігін кеңейту, білім беру, сезімге әсер ету, шындыққа иландыру)

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген сұрақтарға топ болып дұрыс деп таныған бір жауапты жазып тақтаға іледі.

 

Кері байланыс

 

Тақтаға смайликтер іліп қоямын. Сабақтың өту барысына оқушылар өздері баға береді.

 

Тақтадағы смайликтердің түрлеріне қолдарындағы стикерді іледі.

Үйге тапсырма

Қазіргі шешендіктің түрлерін жаттау,

  1.  

Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

Бағалау

Табыс критерийі арқылы өз-өздерін бағалау.

Оқушылар бағалау парағы арқылы өз-өздеріне баға береді.

 

 

 

 

 

І-топ. Сөйлемдегі сан есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз. Қарамен берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз.

 

Екеуі де рухы биік ұлттық поэзияның сәтті бір күні тәңірінің қалауымен туа салған тамаша талант еді: бірі жер бетінде жетпіс алты жыл, екіншісі небәрі елу үш-ақ жыл өмір сүрді.

 

 

 

ІІ-топ.   Сөйлемдегі оқшау сөзді тауып, түрін ажыратыңыз.Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз. Амал не, жарық дүниеде көрер қызығы мен қуанышы көп жас ғұмыр  қаныпезер қарақшының қолынан қыршыннан қиылып, рақымсыз ажалдың тырнағына ілікті. Артында аңырап ата-анасы, өмірлік серігі мен екі нәрестесі қалды.

 

 

 

ІІІ-топ. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

1.Біздер марқұм Гаспринскийдің арқасында өзімізді тани бастадық.

 

2. Тәуелсіздігіміздің негізін айқындайтын «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші Алматы қаласының Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында Желтоқсанның жиырма жылдығы қарсаңында орнатылды.

 

 

Оқушының аты-жөні:___________________________

  1. Үй тапсырмасын тексеруге қойылған сұрақтарға толықтай жауап бердім  (1 2 3 4 5 )
  2. Жырдың мазмұны мен идеясын білемін және көркемдегіш тәсілдерді ажырата аламын  (1 2 3 4 5)
  3. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын

 (1 2 3 4 5 )

  1. Тақырыпқа түйін жасаймын (1 2 3 4 5 )

 

 

 

Оқушының аты-жөні:___________________________

  1. Үй тапсырмасын тексеруге қойылған сұрақтарға толықтай жауап бердім  (1 2 3 4 5 )
  2. Жырдың мазмұны мен идеясын білемін және көркемдегіш тәсілдерді ажырата аламын  (1 2 3 4 5)
  3. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын

 (1 2 3 4 5 )

  1. Тақырыпқа түйін жасаймын (1 2 3 4 5)

 

Оқушының аты-жөні:___________________________

  1. Үй тапсырмасын тексеруге қойылған сұрақтарға толықтай жауап бердім  (1 2 3 4 5 )
  2. Жырдың мазмұны мен идеясын білемін және көркемдегіш тәсілдерді ажырата аламын  (1 2 3 4 5)
  3. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын

 (1 2 3 4 5 )

  1. Тақырыпқа түйін жасай аламын (1  2 3 4 5 )

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөні:___________________________

  1. Қазіргі шешендіктің түрлерін білемін (1 2 3 4 5 )
  2. Берілген сөйлемдерге талдау жасай аламын  (1 2 3 4 5)
  3. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын

 (1 2 3 4 5 )

  1. Тақырыпқа түйін жасаймын (1 2 3 4 5 )

 

 

Оқушының аты-жөні:___________________________

  1. Қазіргі шешендіктің түрлерін білемін (1 2 3 4 5 )
  2. Берілген сөйлемдерге талдау жасай аламын  (1 2 3 4 5)
  3. Тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере аламын

 (1 2 3 4 5 )

  1. Тақырыпқа түйін жасаймын (1 2 3 4 5 
Тәрбие.орг сайтынан Қазіргі шешендіктің түрлері. Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садыкова Гүлжан Маратқызы

Пікірлер: 0

avatar