Азық –түлік сатып алу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 180
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21157


В.В. Маяковский атындағы №17 ЖОМ, Балқаш қаласы
Мұғалім: Ашембекова Гулнар, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Сынып: 0 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Азық –түлік сатып алу»
Сабақ: қазақ тілі
Білімділік: оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге үйрету, өз ойларын айтуға жетелей білу.
Дамытушылық: сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың ойлау, сөйлей білу қабылетін дамыту, сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелеу.Топта жұмыс істей білу қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Ата-аналарына көмек бере білу, үлкендерді құрметтеу, сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: Үлестірмелі қағаздар, рефлексия парағы, азық-түліктің суреттері бар картинкалар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: : – Сәлеметсіңдер ме, балалар?(5мин)
-Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
– Сендер қандай дүкен түрлерін білесіңдер?
Азық-түлік, шаруашылық, киім, аяқ-киім,
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1- әрекет (10 мин.)
ІІІ .Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.
Ой қозғау (5мин)
-Балалар сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?
Балалар: Ыдыс жуамыз, дүкенге барып нан, сүт әкелеміз.
Ата-аналарың азық-түлікті қайдан алады?
Балалар: дүкеннен, базардан.
Сонымен , бүгінгі тақырыбымыз «Азық-түлік сатып алу»
Дүкеннен азық –түлік сатып аламыз. Балалармен ойын түрінде кішкене скетч жүргіземіз.
-Қане, балалар сатушы Виктория болады, ал Марк және Вадим сатып алушы. Дүкенге Марк және Вадим кіреді. Сатушы Виктория:
- Саламатсыздарма, не аласыздар?
- саламатсыз ба? Бізге нан, май, қант, шұжық, жұмыртқа, сүт және қант керек. Сатушы аталған тағам түрлерін береді.
Сатып алған балалар көңілді, сатушыға «Сау болыңыз, рахмет» деп, дүкеннен шығады. Мұны бірнеше баламен де қайталаймыз.
ІV. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі:15мин
V. Жаңа сабақты қорытындылау:
Ертең сенің үйіңе қонақ келеді. Сен қонақ келердің алдында не істейсің?
Қандай дайындық жасайсың? Өзіңнің жоспарыңды айт. Оны айтып бер.
VІ. Үй тапсырмасы: Осы өткен тақырып бойынша азық-түліктің атауларын қайталап, дүкенге, базарға барғанда естеріңе түсіріңдер. Тәрбие.орг сайтынан Азық –түлік сатып алу Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ашембекова Гулнар

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar