Бүгінгі дарын иесі – ертеңгі егеменді еліміздің тірегі!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 676
  • Авторлық бағдарлама
  • 16/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18002


Бүгінгі дарын иесі – ертеңгі егеменді еліміздің тірегі!
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Адам мен адамды теңестіретін –білім» деген қанатты сөзінің мәні зор.Бүгінгі таңда білім өркениеттің басты көрсеткішіне айналды.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ХХ1 ғасырда білімін дамытпаған елдің тығырыққа тірелері анық»-деп,білім беру саласына ерекше көңіл бөліп,мұғалімдерге зор міндет жүктеп отыр. Қазіргі білім берудегі басты мақсат –білім бере отырып,тұлғаны жан-жақты дамыту. Бүгінгі ұстаз өз кәсібін жете меңгеріп,оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіруге,жаңа технологияларды игеруге күш салуда .Осы бағытта мектебімізде Түркістан қаласы «Сауран» жалпы орта мектебінде оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай дарынды оқушылар арасынан «ЭКСПО - 2017» байқауы өткізілді.
ЭКСПО бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен тұрарлық жаһандық ауқымдағы оқиға. Осындай оқиғаға біздің елде өтетінін мақтан ете отырып оқушыларды Астана қаласынан шалғайда жатсақ та қызығушылықтарын арттыра отырып жарыс ұйымдастырылды.
Ондағы мақсатым оқушы бойындағы қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт сияқты асыл қасиеттерді сіңіре отырып, оқушылармен біте қайнасып жұмыс жасау болатын.
Өз жұмысымды жасау барысында 3 – сыныптан 9 – сынып аралығындағы оқушылардың түрлі пәндерге, түрлі салаға қызығушылықтарының бар екендіктерін аңғара отырып ерекше көзге түскен оқушылар жұмысына тоқталсам....
6 – сынып оқитын Айдар Досымжанның қолынан жасаған бұйымдарын ұсынып отырм. Қарапайым ғана күнделікті қолданыста жүрген DVD құрылғысының жарамсыз қалған бөлшектерінен қайрақтасты қоса отырып шарқ істеп шығарды.



Сонымен қатар, түрлі безендірулері мен түнде жарық беретін шамды қолдан құрастырып іске жарамды етіп қойды.
Ал 8 – сынып оқушысы Сырлыбай Нұрбақ ойыншық машиналардың маторларынан және баклашқа қақпақтарынан оң, теріс зарияд беретін батареяны қоса отырып машина құрастырды.
Сонымен қоса қарапайым консервлердің бір қорапшасын алып оның ішіне ұялы телефонның батареясын салып қолда ұстап жүруге ынғайлы желдеткіш істеп шығарды.


Пенепласты құрастыра отырып, оның ішіне сыммен лампы қоса отырып доққа қосқанда түнде жарық беретін түнде шамды ойлап тапты.

Міне кішкене ғана мектеп қабырғасында жүрген оқушылардан ертеңгі күні еліміздің келешегі осындай кең ауқымды «ЭКСПО - 2017» сияқты жобаларға өз үлестерін қосып,биіктерді бағындырары анық.


Дүйсекеева Ақмаржа Еркебұланқызы
Түркістан қаласы "Сауран" жалпы орта мектебі
Педагог - психолог Тәрбие.орг сайтынан Бүгінгі дарын иесі – ертеңгі егеменді еліміздің тірегі! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дүйсекеева Ақмаржа Еркебұланқызы

Пікірлер: 0

avatar